Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс Сабақтың мақсаты



бет2/12
Дата13.08.2017
өлшемі2,19 Mb.
#23472
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сабақтың тақырыбы : Лексикадан өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты :

а) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

ә) Ана тілін қадірлеуге,білмділікке,сауттылыққа тәрбиелеу ;

б) Фонетика,лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Қайталау сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Кірме сөздер дегеніміз не ? 2.Диалект сөздер дегеніміз не?

3.Кәсібисөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

4.Термин сөздер дегеніміз не ? 5.Эвфемизм дегеніміз не?

6.Табу дегеніміз не? 7.Қандай тұрақтытіркестерді білесіңдер?

8.Көнерген сөздер дегеніміз не ? 9.Көнеоген сөздер нешеге бөлінеді?

10.Жаңа сөздер дегеніміз не ? 11.Историзмге қандай сөздер жатады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Лексика - белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.Сөздер заттар мен құбылстардың атын білдіреді.

Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп,бірде жоғалып бірде жаңарып отырады.

Қазақ тілінде малай сөз «біреудің иелігінде жалданып жүрген қызметші,жалшы» дегенді білдірсе,башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі « бала » деген мағынада қолданылады.

Бала – шаға деген қос сөздің құрамындағы «шаға» сөзі қазақ тілінде жеке қолданылмағанымен,түрік,әзербайжан,түркімен тілдерінде «бала» деген мағынада жұмсалады.

Қыз қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тілінде күң қыз яғни күңнен туған қыз мағынасында қолданылған.Кейін ол өзінің дербестігінен айырылып,бұл мағынада қолданылмайтын болған.Қазір қыз сөзімен қосарланып,қыздар, қыз балалар мағынасын білдіреді..



Кітаппен жұмыс : 220 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар

Өлеңнен ұлттық тағам атауларын теріп жазыңдар,олар сөздік қордың қай саласына жататынын дәлелдеңдер.

Кесел сөзінің синонимдерін табыңдар.

Тамақ,той сөздерінің омонимдік мағыналарын ашатындай сөйлем құраңдар.



Бүкіл оқушылармен жұмыс : Мақалдарды бір бөлек,мәтелдерді бір бөлек теріп жазыңдар.

1.Біреу күн нұрына малынса,біреу ай сәулесіне зәру.Жақсы адамға жау жоқ,Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.Кәрі түлкі қақпанға түспес.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 226 – жаттығу. Құрамындағы ауыспалы мағынадағы сөз бар мысалдарды теріп жазыңдар.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіл дыбыстары

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;

ә) Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

б) Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Ұжданы ақтың жүзі ақ

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих,анатомия

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Лексика нені зерттейді ? 2.Сөздің көп мағыналығы дегенді қалай түсінесің ?

3.Омоним дегеніміз ен ? 4.Антоним дегеніміз не ?

5.Кірме сөздер дегеніміз е ? 6.Диалект сөздер дегеніміз не ?

7.кәсіби сөздер дегеніміз не ? 8.Терминсөздер дегеніміз не ?

9.Жалпылама лексика дегеніміз не? 10.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

11.Жаңа сөздер дегеніміз не ?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.Фонетика дыбыстардың жасалу,айтылу,естілу және буын,екпін,интонация мәселелерін қарастырады.

Адамның тілі – дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары болмаса,тіл өмір сүре алмайды.егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса,тіл қатынас құралы да,пікір алмасу құралы да бола алмас еді.

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады.Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді.Ол үш түрлі сипатта болады.

Біріншісі – оның сапалық сипаты.Мысалы : мал,тал,қал.Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей,бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан мұндағы сөздердің мағынасы да әртүрлі болып тұр.

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Сөйлеу мүшелеріне өкпе,дауыс шымылдығы,ауыз қуысы,мұрын қуысы,таңдай,тіл,ерін жатады.Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерің қатысы да әртүрлі.Соған орай тілдегі дыбыстар да әртүрлі болады.



Кітаппен жұмыс : 233 – жаттығу.Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар. Сал,жат,тас,тық,қаш,жан.

Білімді бекіту : Метаграммаларды шешкізе отырып білімді бекітемін.

Егер т – дан бастасаң - Екеуін де алып тастасаң

Биіктердің биігі. Балықшының бұйымы

Егер д – дан бастасаң –

Қиындардың қиыны ( ... , ... , ... )

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма : 236 – жаттығу.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і.

Сабақтың тақырыбы : Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушы дүниетанымын,ой - өрісін дамыту,өзін дамытуға ықпал жасау,жеке тұлғалық қасиеттерді жетілдіру;

ә) Туған елге ,жерге дегшен сүйіспеншілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

б) Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал – мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.



1.Фонетика нені зерттейді ? 2.Фонетика нені қарастырады ?

3.Тіл дыбыстары қалай жасалады ? 4.сөйлеу мүшелеріне нелер жатады ?

5. Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 6.Лексика нені зерттейді ?

7.Сөздің ауыспалы мағынасы дегенді қалай түсінесің ?

8.Тұрақты тіркестер дегеніміз не ? 9.Зат есім дегеніміз не ?

10.Етістік нені білдіреді ? 11Табу дегеніміз не ?

12.көнерген сөздер дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіліейтін 9 әріп бар ( ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і ) Қалғандыры – орыс тілі мен қазақ тіліне тән ортақ әріптер.

Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу,құралдарына бейімделген жазба түрі бар.Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.

Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.

Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез жыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге,және қысқарған сөздерді ( АҚШ,ҚазМУ ) белгілеуге өте қолайлы болды.
Кітаппен жұмыс : 238 – жаттығу. Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазу арқылы көшіріңдер.
Шығармашылық жұмыс : Оңнан оқыса да солдан оқыса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу ( а – дан басталмайтын болсын )
Мысалы : нан,қақ,көк,тұт,іні,шаш,кек,тот,сұс,құқ
Кейбір сөздерден сөз тіркесін жасап мысал келтіру
Мысалы : кек алу,тұт жинау,сұс көрсету,қақ тілу,тот басу,құқ қорғау.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 239 – жаттығу.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты :

а) Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін бекіту ;

ә) Тілдік – эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмыс барысында адамдық қасиеттерін дамыту,ұлттық рухты бойларына сіңіру ;

б) Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.



Сабақтың түрі : Іденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сатылай кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын..

1.Фонетика нені зерттейді ? 9. Диалекте сөздер дегеніміз не?

2.Қандай мәселелерді қарастырады? 10. Антоним дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары қалай жасалады? 11. Синоним дегеніміз не?

4.Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады? 12. Омоним дегеніміз не?

5.Әдеп дегеніміз не? 6.Қазақ әліпбиіне тән әріптерді атап бер

7.Жаңа сөздер дегеніміз не? 8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауыты дыбыстар дейміз.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар : а,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і

Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан даысты дыбыстар мыналар : а,о,ұ,ы,у.

Тіл ілгері қарай,созылу арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.

Жіңіщке дауысты дыбыстар мыналар : ә,ө,ү,і,е,э,и,у

Қазақтың топ сөзіндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар құрамындағы дауыстылар да осы заңға бағынады.

Тек кірме сөздерде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым сақтала бермейді.Мысалы : кітап (араб сөзі )

Ескерту : у дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.

Кітаппен жұмыс : 240 – жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып жуан дауыты сөздердің астын бір,жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі сызыңдар.

Топпен жұмыс : Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар. Ашу,білу,қазу,сену,жазу, қу,беру,ілу,жолығу,кезу,сызушы,жу,көну

Білімді бекіту : 1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? 2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 3.Жуан дауыстылар дегеніміз не? 4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?

Үйге тапсырма : 242 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Ашық және қысаң дауыстар

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Өз ойын,сезімін еркін жеткізе білу,өмірмен байланыстыру,шығармашылыққа баулу ;

б) Достықты аялау,сезімге адалдық,табиғатты қорғау,әсемдікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Фонетика нені зерттейді? 7.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Фрнетика қандай мәселелерді қарастырады? 8. Әріп дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары дегеніміз не ? 9. Мәтін дегеніміз не?

4.Дауысты дыбыстар қалай жасалады? 10. Сөйлем дегеніміз не?

5.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 11. Көнерген сөздер дегеніміз не?

6.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не? 12. Жалпылама лексика дегеніміз не ?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз.

Ашық дауысты дыбыстар мыналар : а,ә,о,ө,е,э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз.

Қысаң дауысты дыбыстар мыналар : ы,і,и,у,ұ,ү.



Кітаппен жұмыс : 244 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ашық дауытылардың астын сызыңдар.

Мәтінде көнерген сөздер бар ма? Олар қандай мағынады жұмсалып тұрғанын айтыңдар.

Әл – фараби әмір тағына неліктен отырды деп ойлайсыңдар ? Негізгі ойды анықтаңдар.

Шығармашылық жұмыс : Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?

Мысықта бар, Көлде бар,

Күшікте жоқ. Сайда жоқ.

Қасықта бар, Төлде бар,

Есікте жоқ. Тайда жоқ.

Білімді бекіту : 1.Ашық дауыстыдыбыстар дегеніміз не? 2.Қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?

3 Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4. Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?



Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты :

а) Ауызша,жазбашаталдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекту,оқушылрды дұрс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету ;

ә) Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру ;

б) Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір – бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту,талдау.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал – мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Фонетика нені зерттейді? 7.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Фрнетика қандай мәселелерді қарастырады? 8. Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары дегеніміз не ? 9. Қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?

4.Дауысты дыбыстар қалай жасалады? 10.Еріндік дауысты дыбыстар дегеніміз не?

5.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 11.Езулік дауыстыдыбыстар дегеніміз не?

6.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар мыналар : б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,һ,у )

Дауыссыз дыбстарды айтқанда,өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып,салдыр пайда болады.Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.



Мәтінмен жұмыс : Мәтінді оқып,осындағы дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

Кітаппен жұмыс : 259 – жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

П – б : . . . айдасыз, . . . аласыз, . . . алың, са . . . ар т.б.

Т – д : ба . . . пақ, қа . . . ақ, са . . . ақ, . . . абыс, . . . әрі.

Шығармашылық жұмыс : Мына жұмбақтардың шешуіндегі өзгешеліктерді түсіндіріңдер.

К – ден бастап оқысаң – Құс атауы,қарашы !

Е – ден бастап оқысаң –

Жалқау бала бағасы.



Білімді бекіту : 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2.дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

3. дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4. дыбыстар не арқылы жасалады?



Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Кез келген тақырыпқа шағын мәтін жазып келуге беремін.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі - өнеге ету ;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу,өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тіл дыбыстары нешеге бөлінеді? 2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не ?

3.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

4.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не? 5.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

6.Дауысты дыбыстар жақтың ашылу қалпына қарай нешеге бөлінеді?

7.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 8.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.қатаң дауыссыздар мыналар п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,с,ч

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған,бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атймыз.Ұяң дауыссыздар мыналыр : б,в,г,ғ,д,з,ж,һ

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар дейміз.Үнді дыбыстар мыналар : р,л,й,у,м,ң,н.

Кітаппен жұмыс : 267 – жаттығу. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.Мәтіннен қатаң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.



Шығармашылық жұмыс : Суретке қарап,жылдың қай мезгілі екенін айтыңдар.

Сурет көрінісі мен өзің өскен ортадағы табиғатты салыстыра отырып мәтін құраңдар.



Білімді бекіту : 1.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.қатаң дауыссыздар дегеніміз не? 4.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не? 5.Үнді дауыссыздар дегеніміз не?



Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 278 – жаттығу. Сөздерді бірыңғай дауыстыдан не бірыңғай дауыссыздан басталатын 1 – 2 шумақ өлең жазыңдар.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын

Сабақтың мақсаты :

а) Буын туралы мәлімет беру,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Ауызша,жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем,бейнелі сөз ретінде пайдалану,ұшқырлыққа,ойлылыққа тәрбиелеу ;

б) Адам өміріне жрап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауғ баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойын еркін айта алатын қолайлы орта туғызу.



Сабақтың түрі : Жаңа білім беру сабағы,мәтінмен жұмыс

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,әңгімелесу,талдау,жаттығу

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дауыссыз дыбыстарнешеге бөлінеді? 2.Қатаң дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

3.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не? 4.Үнді даыссыз дыбыстар дегеніміз не?

5.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

6.Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не? 7.Езулік дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

8.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі.Балалар ектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар.Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба – ла – лар мек – теп – ке кел – ді болып бірнеше шағын дыбыс түріне жіктеліп тұр.Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше буыннан құралады.Мысалы : қант, а – ла – мын сөздеріндегі бындароды алсақ,бірінші сөз бір буыннан,екінші сөз үш буыннан құралып тұр.Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан,екінші сөздегі бірінші бын бір дыбстан,екінші буын еі дыбыстан,үшінші буын үш дыбыстан құралған. Демек,буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Кітапен жұмыс : 294 – жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

1. Қазақтың аңшылық кәсібі жөнінде не білесіңдер?

2.Аңшылық туралы мақалдар тауып жазыңдар

3.Өздерің тұрған жерде қандай құстар мекендейді,олардың ерекшк қасиеттері қандай ?


Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың жауаптаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 296 – жаттығу.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ;

ә) сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ;

б) Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет