Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс Сабақтың мақсаты



бет6/12
Дата13.08.2017
өлшемі2,19 Mb.
#23472
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Эвфемизм дегеніміз не 2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 4.лексика нені зерттейді? 5.Антоним дегеніміз не? 6.Синоним дегеніміз не?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы ойлар жинақталып келіп,автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.
Бүкіл оқушылармен жұмыс : Мәтін туралы түсінік берген соң суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.
Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.
1.Жолдасына хат жазуды тапсыру.

2.Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.

3.Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру.

4.Табиғат көрінісін суреттеу.

5.Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.
Білімді бекіту : 1.Мәтін дегеніміз не?

2.Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің?

3.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің?
Бағалау : Сабаққа қатысып,отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты :

а) Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру.Ауызша,жазбаша талдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекіту,оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету ;

ә) Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру ;

б) Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір – бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітаптар,мақал-мәтелдер жинағы

Халықтық педагогика көппен көрген ұлы той

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не? 6.Синоним дегеніміз не?

2.Дисфемизм дегеніміз не? 7.Мәтін дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 8.Зат есім дегеніміз не?

4.Омоним дегеніміз не? 9.Сан есім дегеніміз не? 5.Антоним дегеніміз не? 10.Сын есім дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Бірнеше сөзден құралып,бір ғана ұғым беретін бір-біріне ажыратуға келмейтін,басқа сөзбен тобын жазбасынан барып байланысатын тіркесті тұрақты тіркес дейді.

Тұрақты тіркестер идиомалық тіркес және фразалық тіркес болып екіге бөлінеді.

Фразалық тіркестер : Ата жолын қуу,табан ақы маңдай тер,мидай дала,тепсе темір үзетін т.б.

Идиомалық тіркестер : жел аяқ, өгіз аяң,ұзын құлақ.мақтамен бауыздағандай,қырық пышақ,қол жаулық,әпер-бақан,қой аузынан шөп алмас,мұртын балта кеспейді.

Кітаппен жұмыс : Мәтіндегі тұрақты тіркесті тауып,мағыналарын айтып астын сызады.

Топпен жұмыс : Бірнеше тұрақты тіркес беремін,мағыналарын ашып,сөйлем құрайды.

1.Белінен бесік табы кетпеген.

2.Су жүрек

3.Ит шөлдеп өлетін жер

4.Үріп ауызға салғандай

5.жүрек жұтқан

6.Ит екеш иттен де бір сүйек қарыз.

Білімді бекіту : 1.Тұрақты тіркес дегеніміз не?

2.Тұрақты тіркес нешеге бөлінеді?

3.Идиомалық тіркес дегеніміз не?

4.Фразалық тіркес дегеніміз не?


Бағалау : Жауаптаына қарай оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : үш-төрт тұрақты тіркестерге сөйлем құрап келуге беремін.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Фразеологиялық тіркестер

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не? 4.Мәтін дегеніміз не?

2.Дисфемизм дегеніміз не? 5.Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тілдеен айырмашылығы неде?

3.Табу дегеніміз не? 6.Омоним дегеніміз не?

б) Жаң сабақты түсіндіру :

«Фразеология» термині кең мағынада алғанда,белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.оның сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады,бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып,тұтас бір ұғымды білдіреді.

Мысалы: көз бояу,жүрегінің түгі бар,қу бастан қуырдақтық ет алған т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып,ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.



Тақтамен жұмыс: фразеологиялық сөздердің синонимдерін тапқызу.

Телегей теңіз, көл-көсір (көп)

Ит жанды,жылқы мінезді (төзімді)

Маңдайы ашылған,қыдыр дарыған,бақ қонған (бақытты)

Сағы сыну,шағылу,жүрегі шайылу (беті қайту)

Білімді бекіту: 1.Фразеологиялық тіркестер дегеніміз не?

2.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

3.Эвфемизм дегеніміз не?

4.Дисфемизм дегеніміз не?



Бағалау: Сұрақтарға жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Мына фразеологиялық тіркестің мағынасын біліп келуге беремін.
Сақалын сипап қалу,мұзға отырып қалу,тақырға отырып қалу,аузы күю,көзді ашып жұмғанша,кірпік қаққанша,иек көтергенше,қаспен көздің арасында.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : білімді жүйелеу,жинақтау

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,жартылай ізденгіштік

Сабақтың көрнекілігі : суреттер, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не 2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 4.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

5.қандай тұрақты тіркесті білесіңдер? 6.лексика нені зерттейді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақтаға бірнеше суреттер іліп қойып,соған қарап мәтін жазғызамын.



Жаттығумен жұмыс: Мәтінді оқытқызып, оғанат қояды,тұрақты тіркесті бір бағанға,жай тіркесті бір бағанға жазады.
Мына тұрақты тіркестердің мағынасын ашып,сөйлем құрап жазады.
1.Үріп ауызға салғандай

2.Іші баыры елжіреген

3.Емешесі құрыған

4.Жүрек жұтқан

5.Қоян жүрек

6.Тас бауыр

7.Жұмыртқадан жүн қырыққан

8.Итекеш иттенде бір сүйек қарыз

9.Алдыңғы доңғалақ қалай жүрсе,соңғы арба солай жүреді

10.Сиыр су ішсе,бұзау мұз жалайды.


Білімді бекіту : Өткен сабақтарға байланысты оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау: Сұрақа жауап бергендеріне,мәтіннің мазмұнына қарай оқушылардың білімдері бағалаймын.
Үйге тапсырма:Үйге 123-жаттығуды жазып,оның ішінен тұрақты тіркестерді тауып,астын сызып келуге беремін.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ;

ә) сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ;

б) Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Қайталау

Сабақтың әдісі : мәтінмен жұмыс,пікірін айту.

Сабақтың көрнекілігі : кесте,кітап,үлестірмелі парақшалар,дидактикалық материалдар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаз үлестіріп жауап талап етемін.

1.мәтін дегеніміз не? 6.Синоним сөздер дегеніміз не?

2.көп мағыналы сөздерді қалай түсінесің? 7.омоним дегеніміз не?

3.лексика нені зерттейді? 8.Эвфемизм дегеніміз не?

4.Табу дегеніміз не? 9.Дисфемизм дегенімізне?

5:Антоним дегеніміз не? 10.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
б) Жаңа сабақтытүсіндіру:

Төмендегі мысалдарда қарамен жазылған сөздердегі дыбыстың орны ауыстырылып берілген дыбыстарды тап.



Адасқан әріптер.

1.Күз түсті,



Тырмалар жылы жаққа ұшты.

2.Ешкі егіз бақ тапты,

Балалар оны күтіп бақты

3.Марат мектептен келіп жемалды

Мамасы берген тарақты

Тойғанынша жеп алды.

4.Қыздар сынып бөлмесін ақтады,малалар еден жуды.

5.Мақаш мақтаға есеп шығарды Бадиша партаны қабырғаға іліп,басты өзендерді көрсетті.

6.Күлай кеспе тігіп,Құрбанбүбі құлақ құрап отыр.

7.Малды ауылда қой қоздап,қозылар жамырап жатыр.



Егесін таппаған қозылар қаңырап тұр.
Білімді бекіту :Сұрақ-жауап әдісін пайдаланамын.түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа ынталы қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма : Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасап келуге беремін

1) р,о,б ; 2) а,ш,а,ғ ; 3) т,р,е,м ; 4) а,б,л,ы,қ ; 5) қ,ы,а,з,қ.


5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты :

а) Мақал-мәтелдер тралы түсінік беру,мақал мен мәтелдердің айырмашылығын түсіндіру;

ә) Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

б) Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,мақал-мәтелдер жинағы

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих,анатомия

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1:Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

2.Эвфемизмдегеніміз не№

3.Дисфемизм дегеніміз не?

4.Табу дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар.Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізе білуге болады.Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсің.Мақалды көп біліп,көп қолданатын адамдардың білімі де,ақылы да арта түседі.

Мақал-мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл,ақыл айтылады.жаманнан сақтандырып,жақсыны үлгі етеді.Мақал-мәтелдердің мәндері,тақырыптары әр алуан.Халық өміріндегі өз бақылауларын қорытындылап,тұжырым жасап,ұйқасты сөздермен өнеге,үлгі боларлық мақалдар жасап отырған.мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем,ұйқасып тұрады.
Кітаппен жұмыс: жаттығуды жазып,ондағы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, мақал ма,әлде мәтел ме соны ажыратып береді.
Топпен жұмыс : Екі оқушыны шығарып мақал-мәтелдердің әр түрлі тақырыптарына байланысты мақал айтып жарыстырамын.
Екеара жұмыс : Мақалдың бір сыңарын айтқызып,екінші сыңарын екіншісіне айтқызамын.
Білімді бекіту: 1.Мақал дегеніміз не?

2.Мәтел дегеніміз не?

3.Мақал мен мәтелдің арасында қандай айырмашылық бар?
Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Оқу-білім,еңбек туралы мақал-мәтел жаттап келуге беремін.


5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөздік қор

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2.мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?

3.тұрақты тіркестер дегеніміз не?

4.табу дегеніміз не?

5.синоним дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тіліміздегі сөздердің көбі-қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.Мысалы:туыстықты білдіретін атулар:ата,ана,нағашы,жиен,аға,,жеңге,бөле т.б. Аң-құс атаулары: бүркіт,торғай,түлкі т.б. Мал атаулары жылқы,түйе,сиыр,қой,құлын.. Табиғат құбылыстарының атаулары:күн,ай,жел,бұлт,тау т.б.

Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар: ақ,қызыл,көк,жеңіл,ауыр. т.б. Қимыл-қозғалысқа,әрекетке қатысты сөздер:кел,бар,кет,сөйле,күл т.б. Тамаққа қатысты атаулар : ет,сүт,айран т.б. Тұрмыс қажетіне байланысты атулар: қазан,ожау,қалың жастық т.б. Сан атаулары : бір,екі,жеті,тоғыз т.б. Есімдіктер : мен,біз,сен,ол,кім,? не?
Кітаппен жұмыс : 136-жаттығу.Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазады.
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне «Біздің сынып» тақырыбына шағын мәтін жазғызамын.
Ілімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрқтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 137-жаттығу

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілінің сөздік құрамының жазба түрдегі

Бастауы көне түркі жазбалары.

Сабақтың мақсаты :

а) Балаларға көне түркі жазба мұралары жайлы мәлмет беру,зерттеу тарихы әдебиет тарихынан алатын орны,құндылығына тоқтау ;

ә) Көне түркі жазбаларынан бастау алатын тіліміздегі сөздік құрамды дамыту аясын кеңейтеді ;

б) тарихи мұраларды,ескерткіштерді қорғау,сақтау,.келер ұрпаққа жеткізу.



Сабақтың түрі : Лекция

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,география

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.


1.Заттың қозғалаысын білдіретін сөздер жаз

2.Заттың түр-түсін білдіретін сөздер жаз.

3.мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.

4.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем жаз (түс көрдім,аттан түс)

5.Күнделікті тұрмысқа қажетті ззаттарды ата
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
а)Балалардан көне ескерткіштер,тарихи мұралар Орхон жазулары туралы сұрау

ә)Жазудың тарихы өте ерте заманнан басталады.Көне жазу мен қазіргі жазудың арасында ерекшелік өте көп.Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы,шығу тегі өте күрделі,шешілмеген жұмбақтарға толы.Өйткені алфавиттік жазу дүние жүзі мәдентетінің қол жеткен орасан зор табысы болса,бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып келер ұрпаққа мирас еткен Арғы замандағы жазудың тегі суреттен басталған.
Көне түркі тілі қазақ тілі

Суғ,бағ,шегін,иоған,қағур. су,бу,жиен жуан,қыр т.б.



б) «Шоқан және өнер» атты кітапты пайдалана отырып,балаларға көне түркі ескерткіштері туралы мәлімет беремін.
Білімді бекіту: 1.Көне жазу мен қазіргі жазудың арасында айырмашылық бар ма?

2.Пиктографиялық жазу дегеніміз не?

3.Идеографиялық жазу дегеніміз не?

4.Қазақ зерттеушілерін ата.


Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарының білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 140-жаттығу.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Көру диктанты

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу ,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Бақылау сабағы

Сабақтың әдісі : баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1.Деңгейлік тапсырма беру.

1 өте жақсы Мәтіннен мақал тәріздес қанатты сөздерді тауып,көшіріпжаз.

Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді.Елін сүйген ер атанады.Өйткені ерлік білекте емес,елін сүйе білген адал жүректе.

Адамның қасиеті туралы айтылатын 3 мақал 3 мәтел жаз.

Өзің қалаған мақал негізінде ребус құрастыр.



2 жақсы. а) Берілген мақалдың жалғасын тап.

Бірлік бар жерде ..... Кең болсаң .... . Жеті жұрттың тілін біл,....



ә) Тұрақты тіркестің мағынасын тап

құмға сіңген судай- үн қатты- сыр шертісті- көз ілмеді- жаны қуырдақ болды-


б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жылы үй.Мұздай су.Таза ауа.қысқы жіп.Алыс аудан.Абылай даңғылы,Қағаз майлық.таңғажайып ертегі.Кілем ұшақ.Әнші құстар.Көкорай шалғын.Жазиралы жазық.Соңғы жаңалық.Әдеби хабар.
Күн жылынды.Қар еріді.Көктем ерте басталды.Көктем құстары келді.Бұлбұл сайрады.
Сәбит Алатауға серуенге барды.Сен Алатауды көріп пе ең?
Білімді бекіту : 1.Сөз бен мағына бірлігі дегеніміз не? 2.Мағына нені білдіреді?

3.Сөздік қордың құрамын атап бер 4.Сөздік қор дегеніміз не?


Бағалау:Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Сөздік қор.Ережені жаттау.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс.

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітап.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не? 2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 4.Антоним дегеніміз не?

5.Синоним дегеніміз не? 6.Омоним дегеніміз не?

7.Лексика нені зерттейді?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы ойлар жинақталып келіп автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.

Мәтін туралы түсінік берген соң суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.

Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.

1.Жолдасына хат жазуды тапсыру.

2.Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.

3.Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру.

4.Табиғат көрінісін суреттеу.

5.Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет