Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс Сабақтың мақсаты



бет9/12
Дата13.08.2017
өлшемі2,19 Mb.
#23472
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.





Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

Денсаулық – зор байлық

. . .

Досы көпті жау алмайды, . . .



. . .

Ата көрген оқ жонар



. . .

Ерді намыс өлтіреді, . . .



. . .

Өнер – білім



. . .

Еңбек


. . .

Ынтымақ,бірлік



. . .

1.Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

4.Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата.

5.Мақал мен мәтелдің құрлымы жағынан айырмашылықтарын ата.?

133-жаттығу.Ауызша.Мақалдарды оқып,ағынасын түсіндіру.Епті,есті сөздерінің мағынасын түсіндіру.

«Ынта» тобы. Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып.баған түрінде жазу (Кестемен жұмыс).

«Жігер» тобы. Құрамында сан есім бар 10 мақал жазу.

«Дарын» тобы. 134-жаттығу.Суретке қарап мәтін құру.

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма. «Ынта» тобы: 135-жаттығу.Көшіріп жазу.

«Жігер» тобы: Ата-ана туралы 12 мақал-мәтел жазып келу.

«Дарын» тобы: «Жеті атасын білген – ер ...» тақырыбына мәтін құру.

Оқушылардың еңбегін бағалау. 5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і



Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: 1) сөздерді буынға бөлу,оның маңызы және буынның түрлерінің жасалу жолын үйрету;2) жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның жасалу жорлы,қызметі жайлы мағлұмат беру,буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру; 3) сөздік қорын,тілдерін дамыту,адами қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау,анализ-синтез,сұрақ-жауап.

Сабақтың жабдығы: 1) сызба кестелер; 2) суретті плакаттар; 3) қалталы және үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың құрылымы

1.Үй тапсырмасын сұрау

2.Қалталы карточкалар арқылы өткен тақырыпты пысықтау

3.Жаңа сабақты түсіндіру.ББҰ стр. Бойынша

4.Тіл дамыту. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі

5.Әдебиет теориясы. «Ұйқас түрлері»

6.Оқулықпен жұмыс

7.Сергіту ойындары

8.Сабақты бекіту.ББҰ стратнегиясы

9.Үйге тапсырма беру

10.Оқушылар еңбегін бағалау.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын пысықтау

1.Жаттығуды пысықтау

2.Сол жаттығудағы сөздер арқылы теориялық тақырыпты пысықтау.Қалталы кестеге дауыссыз дыбыстар мен дауысты дыбыстарды жіктеу.

3.Теориялық сұрақтар

* Дауысты дыбыстардың жіктелуі

* Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.


Жаңа сабақты түсіндіру.

Кілтті сөз. «Буын»ББҰ стратегиясы қолданылады.

Карточкалар таратылады.

Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені үйретеді?

 Бірінші сұрақ бойынша бастауыштан алған білімдері сараланады.

 Оқушылардың ойы талданады.

 Сабақ бекітіледі.

 Қалталы карточкадағы әріптермен буын құрап көреді.



Ба-қыт-ты ба-ла-лық шақ.

Осы тіркесті оқушылардың өздеріне буынға бөлгізу.Бөлшекке бөлгізу,сол арқылы буын туралы түсінік беру. Дыбыс/Фонема.Оның ішінде дауысты дыбыстар қызметін еске түсіру.

Үш топқа бөлінеді.Естілуі жағынан 6 шағын топқа бөлініп тұр.Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Ескерту.


1.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.

2.Сөзде қанша дауысты дыбыс,сонша буын болады.

 Буындардың жасалу жолына көңіл бөлу. ВА,ВАВ,ВА ВА,ВА,ВАВ,ВАВ

В дауыссыз дыбыс А дауысты дыбыс деп ойлайық.

Оқушылар өздері жазады. Осы сызба нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Бұл арқылы нені түсіндіруге болады?

Буынның түрлері.

Тақтаға кесте ілініп,буынның түрлері түсіндіріледі.

Дәптерге жазып алады.

 Балалар осы буындардан сөз құрауға бола ма?

Көк-ше-тау.


  • Біздің туған өлкеміз – Көкшетау.

  • Көкшетаудың табиғаты қандай?

 Оқушылардың пікірін тыңдап алғаннан кейін магнитофоннан Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»

поэмасынан үзінді тыңдалады.

Тапсырма
 Өлеңнен жер,су аттарын теріп жазып алу.
 Сөздеріне мән беріп отыру.

Са)ры)ар)қа – Сар)ар)қа сөздерінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды ұғындыру.


 Балалар,жаңа Көкшетауда қандай аңдар,жан-жануарлар мекендейді.

Бұғы,марал,түлкі,қасқыр т.б.

Түлкі қандай аң? жыртқыш

Қасқыр қандай аң?


 Ертегілерде,мысалдарда адамдардың қасиеттері қалай бейнеленеді.Мәселен: түлкі – қу,өтірікші адам,қасқыр – аңқау,қомағай.

Диафильм. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі көрсетіліп талданады.Ертегіні оқушылар өздері аяқтайды.

(шығармашылық қасиет)

Абай өлеңі ілінеді.



Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң

Кімді көрсем,мен сонан. 7.

Бетті бастым,

Қатты састым, 4б

Тұра қаштым жалма-жан. 7б

Бұл өлеңнің жаңағы ертегімен қандай байланысы бар?

Өлеңді қалай түсіндіңдер?

Мағжан Жұмабаев өлеңімен бірге талдау.Тақтаның артына жазып қою.Талдау.

Буын түрлерін ажыратып болған соң өлеңнің ұйқасына көңіл бөлгізу.
 Буынның қызметі:өлеңнің ұйқасын,ырғағынкелтіріп тұрады.
 Абайға дейін жыр ұйқасы,11 буынды қара өлең ұйқасы.
 Ал мына өлең Абайдың өзінің қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы екендігін түсіндіру.

Кітаппен жұмыс.

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар

1 сөйлем 2 сөйлем 3 сөйлем


Сергіту ойындары.Тақтаға суреттер ілінеді.

1) Аяқта буын көп пе,қолда буын көп пе?

2) Шалда буын көп пе,балада буын көп пе?

3) а а а Бас киім малақай

а а а Құстың аты шағала

а а а Ұлттың аты қазақ

4)












































- ?



  • Қай буын,мысал келтір.

 Сабақты бекіту ББҰ стратегиясының «үйрендім» бөлігі бойынша жауап алынады.

- Сонымен,бүгін кім не үйренді?

Оқушылар өздері жауап береді.Үлгермегені жазып береді.


Үйге тапсырма.

  1. 293-жаттығу (ауызша).

  2. 302-жаттығу (жазбаша).

  3. 1 шумақ буын санын келтіріп,өлең құрастыру.








5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – ауызша,жазбаша талдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекіту,оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге,іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету; ә) дамытушылық – дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын қалыптастыру,дұрыс сөйлеуге машықтандыру,топпен жұмыс істеу,логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.б) тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге,білімділікке,сауаттылыққа,анасын,отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау,сұрақ-жауап,баяндау.

Көрнекілік: фрнетика саласына байланысты кесте-сызба, «Домино» ойыны, «Арқан тартыс» ойыны ..

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Оқушы зейінін мына өлең жолдары арқылы сабаққа аудару.

Қазақ тілі!

Ол менің ана тілім.

Ләззат-қуат

Сөйлессем табатыным.

Тізілтіп сөз маржанын

Жазғанымда,

Білем анық бағымның

Жанатынын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың үйге берілген жаттығуды орындауын тексеріп шығып,екі-үш оқушыға жаттығуды оқыту.

«Арқан тартыс» ойыны арқылы оқушылардың өткен материалдарды меңгеруін қадағалау. «Тақтаға арқан орнына жіп бекітіледі де,екі оқушы шығып,екі жағында тұрып сұраққа жауап береді).

Сұрақтар


1.Фонетика не зерттейді? 2.Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар? Әріп дегеніміз не,дыбыс дгеніміз не? 3.Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді? 4.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 5.Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 6.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? 7.Салдыр мен үннің қатысына қарай дауыссыздар нешеге бөлінеді? 8.Қатаң дауыссыздан басталып,қатаң дауыссызға аяқталатын 5 сөз айт. 9.Ұяңға аяқталатын 5 сөз айт. 10.Қатаң дауыссызға басталатын ұлттық ойындырды ата.
ІІІ. Жаттығу,талдау жұмыстары (өз бетінше жұмыс).

276-жаттығу.Мәтіннен қатаң дауыссыз қосымшалар әсерінен ұяңдалған сөздерді тауып жазу.



Бесік – бесігіміз,жақ – жағымыз

Ой қозғау стратегиясы.

Туған жер,атамекен туралы кім қандай өлең-жыр,мақал-мәтел бледі?

Екі оқушы шығып тақтамен жұмыс жүргізеді.

«Атамекен», «бесігіміз» сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Атамекен Бесігіміз

8 = 4/ 2a, 2e + 4/т,м,к,н; 9 = 4/е, 3і + 5/б,с,г,м,з;

4/2а,2е 4/е, 3і

= ? = ?


4/т,м,к,н; 5/б,с,г,м,з

2а – жуан жуан  

1. ; 1. ;

2е – жіңішке е, 3і - жіңіше


2а, 2а – ашық е - ашық

2. ; 2. ;

Қысаң 3і қысаң
2а, 2е – езулік е, 3і - езулік

3. ; 3. ;

Еріндік   Еріндік  

4/т,м,к,н-? 5/б,с,г,м,з-?

т-қатаң с-қатаң

Ұяң  + м,н-үнді б,з,г – ұяң + м - үнді


Тақтадағы балалар дыбыстарды математикалық тәсілмен мінездеме беріп жатқанда басқа оқушылармен «Домино» ойыны ойналады.




қатаң

қ, щ, с

қ, с, ф

ц, т, ш

ч, п, х


IV. Шығармашылық жұмыстар.
Ана тақырыбында кім қандай мақал-мәтел біледі?

Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Тақтаға ана туралы нақыл сөздер ілінеді.

Ақ шашты ана

«Жастығым – балам» дейді.

Ақылды бала

«Ай-күнім – анам» дейді.
Ақ жаулығы ананың –

Ақ көрпесі баланың.
«Жастығым», «жаулығы» сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.
«Кім жылдам» ойыны.

Оқушылар доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.



  1. Сыныптағы есімі қатаң дыбыстан басталатын ұлдар есімін ата.

  2. Ұяң дыбыстан басталатын,бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.

  3. үнді дыбыстан басталатын қыздар есімін ата.


V. Бекіту.

Кубизм стратегиясы.

«Суретте».Қатаң,ұяң,үнді дауыссыздар туралы айт.

«Салыстыр». Қатаң,ұяң, үнді дыбыстардың айырмашылығын ата.

«Зертте». Фонетика салалары туралы,дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы айт.

«Қолдан».Ана туралы бір өлеңді жатқа айт.Осы өлеңде қандай тәрбиелік мән бар?

«талда». Тақтада ілінген «Сыйынар ем ана деген тәңірге!» сөзіндегі тәңірге сөзіне математикалық мінездеме бер.

«Байланыстыр». Фонетика саласының қазақ тілінде алатын орны.


VI.Оқушыларды бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру. 277,278-жаттығуларды орындап келу.Бірдей дыбыстан басталатын ана тақырыбына өлең шығару.
VIII. Қорытынды.

Тоқсандық,жылдық білімдерін бақылау мақсатындағы

тест тапсырмалары
Аты-жөні:

Күні:


1.Қазіргі әліпбиімізде неше әріп бар?

1) 40 2) 41 3) 42



2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

1) Айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуын дауысты дыбыстар дейміз.

2) Айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырамай шығуынан жасалған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

3) Айтылу кезінде ауаның еркін шығуын дауысты дыбстар дейміз.

3.Жуан дауыстыларды белгіле.

1) ә,е,і,ү,у. 2) а,о,ы,ұ,у. 3) ө,э,и,у.

4.Ашық дауыстылар қайсы?

1) и,ы,і,ұ,у. 2) б,в,ғ,г,д,ж. 3) а,ә,е,э,о,ө.



5. Еріндік дауыстыларды тап.

1) а,ә,е,э,и. 2) о,ө,ү,ұ,у. 3)т,қ,ш,ф,с.

6.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

1) екі топқа 2) үш топқа 3) төрт топқа

7.Үнді дауысыздар қайсы?

1) р,л,м,н,ң,й,у 2) т,с,ш,ф,х,ц 3) б,в,ғ,г,д,ж,һ



8.Ұяң дауыссыздан басталатын сөзді белгіле.

1) ардақты 2) биязы 3) салмақты



9.Буын дегеніміз не?

1) Буын дегеніміз бөлшектелген сөздер.

2)Буын дегеніміз дауыссыз дыбыстар қанша болса,сонша буын болады.

3) Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.



10.Синонимдер дегеніміз не?

1) Мағыналары басқа-басқа сөздерді синоним дейміз. 2) Айтылуы бірдей сөздерді синоним дейміз

3)Мағыналары бір-біріне жуық,мәндес сөздерді синонимдер дейміз.

11.Антоним сөздерді белгіле.

1)қисық ағаш 2) әдемі,сүйкімді 3) жуан,жіңішке 4) барлық адам



12.Сөздің ауыспалы мағынасын тауып белгіле.

1) Солтүстіктен соққан жел күшейе түсті 2) Суық хабарды естіп,оның көңілі бұзылды

3) Суық суға дәке салып,маңдайына басты.

13.Мақалды тап.

1) Бала шаба жөнелді 2.Өткелге шешпей,етігіңді шешпе. 3) Қас қаққанша.



14.Біріккен сөзді белгіле.

1) ну орман 2) балабақша 3) ата-ана



15.Бір түбірден жасалған сөздер қайсы?

1) көр,көрген,көрер,көрмек 2) ат,арба,астық 3) бала,базар,балық



16.Синонимді тап.

1) семіз,арық 2) бес,он сегіз,жүз 3) алыс,шалғай,қашық



17.Эвфемизмді белгіле

1) қас қаққанша, су жүрек 2) сөзуар,қолды болды,қосып айту 3) өтірікші,мылжың,ұрлықшы



18.Тұрақты сөз тіркесін тап.

1) хат жазу 2) жақсы тәрбие 3) қоян жүрек



19.Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

1) күздігүні 2) күзді гүні 3) күздікүні



20Қосымшадан тап.

1) бүркіт 2) мектептің 3) кереге.



5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

ЛЕКСИКА ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ

Сабақтың мақсаты: а) білімділік — нақты мысалдар келтіре отырып лексика тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу; ә) тәрбиелік — жергілікті ақын Қашаған Күржіманұлының шығармаларымен жұмыс жүргізе отырып, тәрбиелі тағылымдарынан үлгі алдыру; б) дамытушылық — оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап талдау, тіл дамыту, жинақтау.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, түрлі кеспелер (карточкалар). кадоскоп.

Сабақтың барысы.

а)Ұйымдастыру: сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды түгендеу; ә) сабақ жабдықтарын орналастыру.

- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып тіл ұстарту жұмысымен айналысамыз. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді.

Сынып оқушыларын "Мұрагер", "Мирас" деген екі топқа бөлемін. Топ басшыларын сайлап аламыз.

- Бүгінгі тіл ұстарту сабағымыздың мақсаты - жергілікті жыршы, ақын атамыз Қашаған Күржіманұлының шығармаларына лексикалық тұрғыдан талдау жасау. Сабақ "Аптаның жеті күні" деген атпен сайысы түрінде өтеді.

Ендеше сабағымызлы бастаймыз. Әр "күнгі" жинаған ұпайымызды мына күнтізбеге салып, қорытынды ұпайды есептеп, жеңіске жеткен топты анықтаймыз.



І. Дүйсенбі күні: "Бастапқы сөз". — Балалар, Қашаған аталарыңның "Бастапқы сөз" деген өлеңі бар екен.

Құлақ салсаң жақсылар,

Атам бір қайтты дүниеден,

Бес жаста жетім қалдырды.

Басыма қайғы салдырды.

Анам көрді жесірлік,

Өзім көрдім жетімдік,

Сөйтіп басым қаңғырды.

Алты жаста еліктім,

Жеті жаста желіктім,

Сегіз жасқа келгенде

Бала болдым көрікті.

Тоғыз жасқа келгенде

Қадір білер ағалар:

- Шырағым, жүр - деп ерітті,

Балалықты тастадым, - деп өзіне ақындық өнердің қалай қонғандығы туралы айтады. Ал біздің бастапқы сөзіміз лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналмақ.

1. Лексика ғылымы нені зерттейді?

2. Омоним нендей сөздер?

3. Синоним нендей сөздер?

4. Антоним нендей сөздер?

5. Диалект сөз дегеніміз не?

6. Мақал-мәтел дегеніміз не?

7. Табу дегеніміз не?

8. Эвфемизм, дисфемизм нендей сөздер?

9. Тұрақты тіркес туралы не білесіңдер?

10. Кірме сөздерге нендей сөздер жатады?

11. Кәсіби сөз туралы не білесіңдер?

II. Сейсенбі күні: "Домбыра-дастан". – Қашаған аталарыңның үш дастаны бар.

Олар: "Адайтегі", "Атамекен", "Топан". Сендердің алдарыңда домбыра кескініндегі бірнеше кеспелер тұр. Сол кеспелердің артына ақынның дастандарынан үзінді беріліп, сол бойынша тапсырмалар бар. Кімде-кім сол тапсырмаларды мүлтіксіз орындаса, домбыра кескінін өзіне естелікке алады.

1 -домбыра: Айтулы ерлер бар екен,

Жүйріктері баптаулы,

Найзалары саптаулы,

Дұшпанға атар жебесі,

Қорамсақпен қаптаулы. ("Атамекен" дастаны). Үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататынын айт.

2-домбыра: Әлгі бозторғайды қағып жеп,

Құтырып бүркіт желденді.

Еділге қарай енгенді.

Ұлы Еділдің бойында

Жүзіп жүрген нән балық,

Салған екен соған шеңгелді. ("Топан" дастанынан). Үзіндіден диалект

сөзді тауып, әдеби тілдегі баламасын атап, синонимдік қатар кұра.

3-домбыра: Бір шәй ішім мұрсат болмады,

Нән балық та құтырып

Суға сыймай сандалды. ("Топан")

Үзіндіден тұрақты тіркесті тауып, синонимдік баламасын ата

4-домбыра: Мырзалары мардымсып,

Қабылан етіп, кұс салған,

Лашын, сұңқар ұстаған.

Томағасын әдіптеп,

Мақпалменен тыстаған.

Үзіндіден кәсіби сөзді тап. Қандай кәсіпке байланысты?



III. Сәрсенбі күні. "Кім жылдам?" - Қазір сендердің алдарыңа кадоскоппен бірнеше тапсырма беріледі. Кімде-кім қолдарындағы қалақшаны бірінші боп көтерсе, сол жауап береді.

1. Атам бір қайттьі дүниеден,

Бес жаста жетім қалдырды,

Басыма қайғы салдырды.

Анам корді жесірлік,

Өзім көрдім жетімдік.

Үзіндіден эвфемизмді тап.


  1. Жаңа талап жас жігіт
    Омыраулап тойды бастадың,
    Қашаған бар деп саспадың,

Тұр ғой деп жүйрік қашпадың.

Үзіндіден ауыс мағынада қолданьшып тұрған сөзді тауып, тура мағынасында мысалдар келтір.

3. Жарлыны көрсе мысқылдап,

Кекесін сөзбен ысқылдап,



"Аузы қисық болса да,

Бай баласы сөйлесін!"

Орынсыз сөйтіп күш қылад.

Үзіндіден мақалды тап.

4. Барын жоқ деп құрынған,


Жұлдызды жатқа санасақ,
Қисап етіп қарасақ
"Мың тасқанға бір тосқан"
Бар емес пе еді бұрыннан.

Үзіндіден мәтелді тап.



ІV. Бейсенбі күні: "Өзіндік жұмыс". Оқушыларға кеспе таратылып, сол бойынша жауап алынады. 1-кеспе. Көл дария, көл болса,

Бай мен жарлы тең болса,

Диханшылық кеп болса,

Кетерсіз-дағы ел болып.

Үзіндіден антоним сөздерді тап.
2-кеспе. Дастархан жайып құрметтеп,

Төкті түрлі жемісті.

Жез самаурын қайнаулы,

Союға бағлан байлаулы.

Үзіндіден кірме сөзді тап.

3-кеспе. Қорасында мал толы,

Үйінде ішер тағам жоқ,

Тағам жоқтан жаман жоқ.

Көре тұрып ішпеген

Рахатсыз біткен мал

Ұйқыда көрген түс деген.

Асты сызылған сөзге омоним болатын сөз ойлап жаз.

4-кеспе. Ол ерліктің күштісі —

Сол заманның тұсында

Алты медаль, наград

Патшадан ұлы шен алған

Үзіндіден басқа тілден енген сөзді көрсет.

5. Жұма күні: "Топ басшылар сайысы".

Бұл сайыс барысында топ басшылары шығармашылықпен жұмыс атқарады. Екі топқа "Қашаған — айтыс ақыны", "Қашаған — жүйрік жырау" деген тақырыптар беріліп, осы бойынша тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Жұмысты қара сөзбен жазу, өлеңмен өрнектеу оқушылардың өз еркінде.



6. Сенбі күні: "Қонақ кәде".

Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады. Қашаған атамыздың "Қонақ кәде" деген өлеңі бар. Онда шаршы топқа келген Қашаған:

Жиналып отыр бұл жерге

Бөйгіден келген керлерім.

Аямадым сендерден

Маңдайдың аққан терлерін.

Ұйқы — жанның тынышы,

Сөз — құлақтың құрышы.

Қанша айтқанмен таусылмас

Терме жырдың бұрышы, - деп жиналған көпшілікке жырдан қонақ кәде жасайды.

Естеріңде болса өткен сабақта мен сендерге Қашаған аталарыңның "Бұл дүниеде не жетім?" деген өлеңін жаттауға бергенмін. Екі топ бір-біріне қонаққа барып, сол өлең бойынша дайындаған сұрақтарыңмен қонақ кәде жасайсыңдар. Олар сендерге жауап береді.

1. Үзіңдіден синоним сөздерді тауып, синонимдік қатарын көбейт.

Бұл дүниеде не жетім?

Кім қажетсіз болса, сол жетім.

Хакімі әділ болмаса,

Бұқара байтақ ел жетім.

(Бұқара, ел, жұрт, халық.)

2. Үзіндіден антоним сөздерді тап.



Қырға шықса белім деп,

Ойға түссе тізем деп,

Келін менен балаға

Қонақ болған уақытта

Кемпір менен шал жетім.

3. Жас, ер сөздеріне омонимдік қатар құра.

От басында жыласа,

Жас төгіп сәби бір жетім,

Ақырында тәрік етуге жарамас,

Ерлердің еткен құрметін.


4. Үзіндіден көнерген сөздерді көрсет.

Бақыты тайган би жетім,

Қатынсыз қалган үй жетім.

Сатып алган құл жетім,

Құлдықта жүрген ел жетім.

7. Жексенбі күні: "Демалу". — Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жалпы лексика тарауы бойынша өткен материалдарды меңгердік деп есептеймін. Лексика — сөз байығын зерттейтін ғылым. Тіліміз сөзге неғұрлым бай болса, соғұрлым жатық та әдемі сөйлей аламыз. Ол үшін көркем шығармаларды көп оқып, мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, синонимдерді орынды жерде пайдалана білуіміз керек. Бүгінгі сабақ барысында Қашаған аталарыңның бір топ шығармаларымен таныстыңдар. Енді сабағымызды қорыта келе, екі топтың ұпай сандарын есептеп, жеңіске жеткен топты анықтаймыз. Оқушыларды бағалаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет