Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс Сабақтың мақсаты



бет4/12
Дата13.08.2017
өлшемі2,19 Mb.
#23472
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Білімді бекіту : 1.Синоним дегеніміз не? 2.Сөздің тура мағынасы дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Омоним сөздер дегеніміз не? 4.ажар,жылдам сөздерінің синонимдерін табыңдар.


Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды жазып,оның ішіндегі ғажап,уәде,шық,айла сөздерінің синонимдерін тауып жазып келуге беремін.
Бағалау :Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімдерін бағалаймын.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік - оқушыарды сөз мағынасына мән беруге,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;

ә) тәрбиелік – туған тіл әрбірелдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып,келтірілген мысалдар арқылы елін,жерін,туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу ;

б) дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу.



Сабақтың түрі : жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі : проблемалық ой тастау,баяндау,сұрақ-жауап,ізденушілік,зерттеушілік

Іс-әрекеттері,ойын түрлері.



Сабақтың көрнекілігі : жаңа сабақты меңгертуге байланысты жазылған плакат беттер,ВЕНН диаграммасы,әр түрлі тақырыптарға салынған суреттер,үнтаспа.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу өнері,орыс тілі.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларменамандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сабаққа назар аударту.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпта өтілген «Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін,сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін. «Лексика» бөлімінде өткен тақырыптарға қосымша шолу жасау.

68-жаттығудың шығармашылық деңгей тапсырмалары бойынша дайындап келген жұмыстары тексеріледі.Оқушы жауаптары төмендегідей болды

Жоғалса да атың, /зат есім/

Жоғалмасың атың, /зат есім/

Айыбымды кеш, /етістік/

Келсем де үйге кеш, /мезгіл мағ.үстеу/

Жағам дейсің қара, /зат есім/

Әліңе бірақ қара. /етістік/

Күйе,күйе,күйе ме? /зат есім/

Күйеге қолым күйе ме? /етістік/

Самат ванды бөле ме? /етістік/

Сара мен Сана бөле ме? /зат есім/

Дәл осы орында. /зат есім/

Сабағыңды орында. /етістік/

Келсең дағы жай /мез.мағ.үстеу/

Киіздерді жай. /етістік/, т.б.

Осы мысалдардың нәтижесінде омоним сөздер бір сөз табынан да жасала беретінін түсіндіріп,қорытынды жасауға болады.

Жаңа сабақ : Жаңа сабақты меңгерту алдын ала плакат бетке жазылған мысалдарды оқи отырып түсіндіруден басталады.
1. Зат есімдер 2. Сын есімдер 3. Етістіктер 4. Үстеулер

Кім? Қандай? Не істеу? Қашан?

Мұғалім қадірлі күту тез арада

Ұстаз қатерлі тоқтау жуықта

Педагог құдіретті кідіру таяуда

Оқытушы құрметті аялдау жуырда

Тәрбиеші қадірменді тосу жақында


Әр бағанға сөздерге сұрақ қойып,бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып,синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып,кітаптағы ережемен салыстырамыз.

Енді сол айтылған қорытындыны плакат бетке жазылған сөйлемдер арқылы дәлелдеу.

1.Абырой да,бақ та,атақ та,даңқ та – бәрі осы егістікте.

2. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала - өжет,тапқыр,шешен әрі ақылды кейіпкер.

3. Ата – анамыз бізді жан аямай бағады,өсіреді,тәрбиелейді.

4. Айшылық,алыс жерлерден,



Көзіңді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің бір сөз табынан болатынын түсіндіріп,бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына көз жеткізу.

Демек,қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі екен деген тұжырым жасаймыз.

Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтінін,кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатынын төмендегі мысалдар арқылы түсіндіру.


Қарт Кәрі Биік Бойшаң
адам адам мал тау адам
71-жаттығууды орындау (ойын түрінде орындалады )

Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып,әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп,синоним қатарларынан пойыз жасау.Бұл тапсырманы орындау үшін төрт қатарға бір синоним сыңарын беріп,синонимдік қатарлармен толықтыру тасырылады.

1 –қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс,тума,ағайын,туған-туыс,жекжат-жұрағат,жамағайын т.б./

2 – қатарңға «Данышпан» сөзі /ұлы, дана,ғұлама,ойшыл,білмдар,оқымысты,данагөй,т.б./

3 – қатарға «Қаймығу» сөзі /Қорқу,жасқану,сескену,айбыну,т.б./

4 – қатарға «Әрең» сөзі /әзер,азар дегенде,әзер-пәзер,өліп-талып,әрең дегенде,т.б./

Тіліміздегі бір сөздің мағыналық өрісін анықтау үшін оның басқа сөздермен жүйелі қатынасын анықтаған жаөн.Оны сызба арқылы оқушыларға түсіндіре кетудің артықшылығы жоқ.

Жомарт сөзінің мағыналық байланысы

Лексика – семантикалық қатынасы – Азамат, ер көңіл адам.

Жомарттық түбірлестік

Жомарт

Жомарттау қатынасы
Сараңантонимдік қатынасы

Сахи


Мәрт синонимдік қатынасы

Береген


Сөздердің бұлайша ара-қатынасын анықтву оның мағынасын толық аша түсуге,еркін қолдануға,оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға мүмкіншілігін арттыра түседі.

Суретпен жұмыс

1. Қой бағып тұрған кіснің суреті көрсетіледі де,оның кім екені сұралады. Оқушылар қойшы,бақташы, шопан,малшы,сақпаншы деп жауап береді де,ол сөздердің өзара синонимдес екенін түсінеді.

Келесі сұрақ : - Қойлар қайда жайылып жүр?

Жауап : - Өрісте,жайылымда немесе тауда, беткейде,қырда, жотада, белде, тегісте, далада деп жауап береді.

2. Дәрігердің суреті көрсетіледі.

- Бұл кім? Жауап : - Дәрігер,емдеуші,ақ халатты абзал жан,медицина қызметкері т.б.

- Ол кімді емдейді? Жауап : - Ол ауру адамды,дімкәс адамды,науқастарды,сырқат,дертті адамдарды емдейді деп жауап береді.Дәл осындай жұмыс оқушылардың ойлануына,білгенін есте сақтауына көмектеседі.

ВЕНН диаграммасы


Омонимдер

Өзіне тән белгілері

1) айтылуы бірдей,

Мағыналары бөлек сөздер.

2) әр сөз табынан болады,

соған орай атқаратын

қызметтері де бөлек

болады


Ортақ

қасиеттері

1) тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді.

2) сөз байлығын көрсетеді

3) көркем әдебиетте,ұмбақ,жаңылтпаш,өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.



Синонимдер

Өзіне тән белгілері

1) айтылуы бөлек,мағыналары жақын сөздер

2) бір сөз табына қатысты болып,бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.


Орыс тіліндегі ережелер ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу.

Үнтаспасы Абай атамыздың «Ғылым таппай,мақтанба» өлеңі таңдалады да,ондағы синоним сөздерді табу жұмысы орындалады,талданады.
Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды ауызша, 73 – жаттығуды жазбаша орындап келу тапсырылады.
Оқушы білімін бағалау : Сыныпта белсенділік танытып,тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы мәлімет беру,буынның түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде қолданып,мәтіннің құрамды бөліктерін,жасалу жолдарына көз жеткізу ;

ә) Оқушының сөздік қорын молайту,тілін дамыту,дыбыстан сөз,сөзден сөйлем,сөйлемнен абзац,абзацтан мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеу шеберлігіне төселдіру ;

б) Сөздер мен сөйлемдер арқылы,мәтін,суреттер арқылы оқушыларды отансүйгіштікке,адамгершілікке,жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,әңгімелесу,талдау,жаттығу,ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі : буын түрлеріне арналған сызба,үлестірмелі парақшалар,суреттер.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Фонетика нені зерттейді? 2.дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4.Тіл дыбыстары қалай жасалады?

5.Буын дегеніміз не? 6.Қатаң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?

7.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бірқалыпты болмайды.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар : 1) Ашық буын ; 2) тұйық буын ; 3) Бітеу буын.




  1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз : а-ға, ба-ла, қа-ла. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз : а-дам,а-та.

  2. Тұйық буын . Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз : ат,аз,ақ,өрт,ұл,ант

  3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталған буынды бітеу буын дейміз:тал,төрт,бар,жаз,кел,кең.


Кітаппен жұмыс : 298-жаттығу. Өлеңді оқып,неше жетім түрі айтылғанын және олардың себептерін айтыңдар.
 Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап,оларды буын түрлеріне бөліп жазыңдар.

 Сөздің түбірі буынның қай түріне жататынын айтыңдар.


Білімді бекіту : «Кім тапқыр» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.
Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 299 – жаттығу.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а)Мағыналары бір-біріне жақын сөздер,яғни синонимсөздер туралы толық мәлімет беру ;

ә) Оқушылардың өз бетінше іздніспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,басқаларды тыңдау,өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін,сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;

б) Сұхбаттасыу мәдениетін қалыптастыру,тиянақты тұжырым жасауға баулу,оқушыларды адамгершілік,қайрымдылық,бірлік,достық,бауырластық рухында тәрбиелеу.



Мазмұнға байланысты міндеттері : синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның қолданылуындағы талғампаздығын да танытатындығының сырын ашу.

СТО – ға байланысты міндеттері : болжау жасау,мәтінді талау,салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттері : бірлесе жұмыс істеу,өз пікірін білдіруге,дәлелдеуге үйрету.

Сабақтың көркемділігі : синоним сөздерге арналған сызба,кеспе қағаз,буклет,бағалау парағы,синонимдер сөздігі.

Сабақтың түрі :танымдық әрі жарыс сабақ.

Сабақтың өту әдісі : сұрақ-жауап,жарыс, «Топтастыру» стратегиялары, «Идеялар тақтасы», «Жиг СО-1».

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын ұйымдастырып,сабаққа бейімдеу.

Негізгі кезең.

Қызығушылықты ояту сатысы.Ой қозғау.

Мағыналары мәндес,яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?

Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазамыз.

Мағынаны ажырату.

Әр топтың оқушыларына тапсырма беріледі.



1-тапсырма. Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.Синонимдер мынадай блгілеріне қарай топтастырылады : 1) сөздің дыбысталуында өзгешелік болу керек ; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіреді ; 3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

2-тапсырма. Бұған қосымша синонимдер мәтінді бірін- бірі алмастырған жағдайда ғана сөйлем мүшесінің ( не толықтауыштың,не анықтауыштың,не пысықтауыштың,не баяндауыштың,не бастауыштың ) қызметін атқарады.

Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы,жазылуы жағынан әр түрлі.Бірақ бәрінің беретін ұғымы – адам баласының жейтін қоректік заты.Бесеуі де сөз табы жағынан зат есім болады.Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлар бір ғана не деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.



3-тапсырма. Қазақ тілі – синонимге бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,түс, келбет,пішін,ажар,көрік,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай. Сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды. Етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу. Үстеулерден болған синонимдер : тез,жылдам,шапшаң,лезде.

4-тапсырма синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады.Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.

5-тапсырма Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді.Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады. Мысалы,биік пен бойшаң өзара синоним сөздер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды :биік тау деп айтылғанымен,бойшаң тау деп айтылмайды Кәрі,қарт деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де, ал қарт сөзі адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқащан да айтылмайды.

«Отбасы» тобында осы тақырыпта оқып талдайды.

«Жұмысшы» тобына топтасады.Мұнда мәтін рет-ретімен түсіндіріледі,талданады.Қайтадан «Отбасы» тобына топтасып,мәтінді тағы талдайды.Сосын жалпы ортақ ойды параққа түсіреді.Жасалған жобаны тақта алдында қорғайды.

Міне,осы «ЖИГ СО - 1» тәсілі арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгереді.



Жаттығумен жұмыс.

Зат есімнен болған

синонимдер



Етістіктен болған

синонимдер



Сабақты қорытындылау.

Синоним



Мағыеалары

Бір-біріне

жақын

Бір ғана сөз табына

қатысты болады

Әр түрлі дыбысталып

айтылады

Синонмді білу

Тілді байытады

Синоним сөздер

Талғампаз.


Үйге тапсырма : Синонимдер сөздігінен өзіне таныс емес синонимдер қатарын теріп жазу.
Бағалау.Мадақтау.Қоштасу.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимнің жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу

б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Халықтық педагогика Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану : елгезек масақшы озыпты.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Омонимдер дегеніміз нен?

2.синонимдердегеніміз не?

3.Сөздің тура және ауыспалы мағынасын қалай түсінесіңдер ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Мысалы : - зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,келбет,түс,пішін,ажар,көрік,көріғ,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай.



  • сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды ;

  • етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу ;

  • Үстеулерден болған синонимдер ; тез,жылдам,шапшаң,лезде.

Синоним сөздердің мол ірі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады. Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.
Білімді бекіту : 1.Синонимдер дегеніміз не?

2.Омонимдер дегеніміз не?

3.Мәтін дегеніміз не?

4.Ауызша тіл дегеніміз не?

5.Жазбаша тіл дегеніміз не?

6.Әдеби тіл нешеге бөлінеді?


Үйге тапсырма : 73 –жаттығуды жазып, синоним сөздердің астын сызып келуге беремін.
Бағалау : Оқшылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимдік сөздікпен жұмыс
Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану : Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

1.Синоним дегеніміз не?

2.омоним дегеніміз не?

3.Бағалы,құнды,қымбат сөздері омоним сөздер ме,әлде синонимдер ме?


б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады.Мысалы : биік пен бойшаң өзара синонимдер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды : биік тау деп айтылғанмен,бойшаң тау деп айтылмайды.Кәрі,қарт деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де,ал қарт сөзі, адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқашан даайтылмайды.
Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.
Білімді бекіту : 1. Синоним дегеніміз не?

2.Омонимдер дегеніміз не?

3.Семіру,сөзінің синонимін тап.

4.Уәде сөзінің синонимін тап.


Үйге тапсырма : 85 – жаттығуды жазып көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып келуге беремін.
Білімді бағалау : оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдері бағаланады.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : АНТОНИМДЕР

Сабақтың мақсаты : білімділік - синоним сөздерді бір-біріменсалыстыра отырып,анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру ;

Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып,халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңір ;

Дамытушылық – топта жұмыс істей білуге,өз ойларын еркін айтуға,оқшының тез қабылдауынажол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру,ойлау қабілеттерін аоттыру.

Түрі : аралас сабақ

Әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тілдік талдау,топтастыру.

Көрнекілігі : плакатта жазылған сөздер,кеспе қағаздар,түрлі-түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу,география,биология.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару ; ә) сабақтың тақырыбы,оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

74,75-жаттығуларды тексеріп шығу.

1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.

2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.

3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.



Жаңа сабақ. Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін.Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін төмендегідей мақал-мәтелдер жазылған.

Үлкенге – құрмет, Әдепті бала – арлы бала,

Кішіге – ізет. Әдепсіз бала – сорлы бала.

Сонымен қатар биік таудың суреті мен аласа таудың суреті,кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушылардан не түсінгендерін және ереже шығару керек екендігі ескертіледі.

Оқушылар : - Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналары бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруге болады.



Антонимдер Болымды-болымсыз

Жақсы-жаман жақсы-жақсы емес

ал-бер ал-алма

сулы-құрғақ сулы-сусыз

Антонимдер – ойды әсерлі,бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.Мәселен,ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің,жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

Тақтамен жұмыс.

89-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып,тірек сөздердің астын сызыңдар.

«Қандай әсем сөйлейді!» деген сөйлем тілдің қандай сипатына байланысты айтылып тұр?



Тез,шебер сөздерінің антаонимдерін тауып жазыңдар.

Тез – жай,шебер – олақ.

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 4 топқа төрт түрлі деңгейлік тапсырма беремін.



  1. топқа : 1-деңгейлік тапсырма.

Берілген жұмбақтың шешуін шешуін тауып,антоним сөздердің астын сыз.

Үсті тас,асты тас, Аяғы бар,басы бар

Ортасында піскен ас. Арқалаған тасы бар.

(таба нан) (тасбақа)

2 – топқа : 2-деңгейлік тапсырма.Биік,ашық,жаңа,сұлу,жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сөздер тауып жаз. Мысалы : биік тау – аласа тау, ашық түс – қоңыр түс.

3 – топқа : 3-деңгейлік тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде антоним болуы шарт).

4 – топқа : 4-деңгейлік тапсырма.Берілген тақырыптарға шағын әңгіме жазу немесе өлең шумақтарын құрау (ішінде антоним болуы шарт).

Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.Мақалдың жалғасын табу

Ашу . . . . . (дұшпан) Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ

Ақыл . . . . (дос) Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет