Білімді бекіту: 1.Мәтін дегеніміз не? 2.Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің?
3.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің?
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Жуан және жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты :
а) Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар болып бөлінетіндігін түсіндіру ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,плакат
Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Қазақ тілінде неше әріп бар?
3.Дауысты дыбыс дегеніміз не?
б) Жаңа сабақтытүсіндіру:
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауытылар дейміз:а,о,ұ,ы,у.
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз:ә,ү,ө,і,е,э,й,у.
Жаттығумен жұмыс : 240-жаттығу. Жуан дауысты сөздердің астын бір,жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі сыз.
Топпен жұмыс: Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөзді бір бағанға,жіңішке у дыбысыв бар сөзді бекінші бағанға теріп жазыңдар.
Ашу,көну,білу,айту,бару,жазу,кебу,кезу,ілу,қу т.б.
Тақтамен жұмыс: Сөздерді математикалық тәсілмен талдайды.
3 (ә,і,и)
6
3∆ (л,п,б)
Білімді бекіту: 1.Жуан дауыстыдыбыстар дегеніміз не?
2.Жіңішке дауысты дыбыстар қалай жасалады?
Білімді бағалау: Оқушылардың Жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 142-жаттығу.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Еріндік және езулік дауыстылар
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;
б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,іздендіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
2.Жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Еріннің дөңгеленіп алға созылуы арқылы жасалған дауысты дыбысты еріндік дыбыстар дейміз.
Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды езулік дауыстылар дейміз.
Жаттығумен жұмыс: 248-жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек,езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек жазыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді фонетикалық,математикалық тәсілмен талдайды.
Сызғыш балапан терезе
2 ( 2ы ) 3 ( 3 а ) 3 (3 е )
60 70 60
4 ∆ ( с,з,ғ,ш ) 4 ∆ (б,л,п,н ) 3 ∆ ( т,р,з )
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 249-жаттығу
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Көру диктанты
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі : баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Тақтаға мәтінді жазамын,бірнеше рет оқып беремін.Сонан соң мәтінді өшіріп өздеріне есте сақтағандарын жазғызамын.
Менің көкем.
Көкем Ақмолаға барып қайтты.Көкемді Марат екеуміз қарсы алдық.Көкем чемоданын ашты.Маратқа есігі,терезесі,форточькасы бар үй әкеліпті.Анама жібек плащь сатып алыпты.Маған почьта маркалары мен циркуль сыйлады.
Көкем циркте қандай ойындар көргені туралы бізге айтып берді. ( 38 сөз )
Тақтамен жұмыс : Тақтаға мәтіндегі кез-келген сөзге фонетикалық талдау жасайды.
М-дауыссыз,үнді
а- дауысты,жуан,езулік
р- дауыссыз,үнді
к- дауыссыз,қатаң
а- дауысты,жуан,ашық,езулік.
2 ( 2а )
Марка 50
3 ∆ ( м,р,к )
Білімді бағалау : Оқушылардың жазғандарын тексеріп,бағалаймын.
Үйге тапсырма : Үйге үш сөзге фонетикалық,математикалық талдау жүргізеді.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Көру диктанты
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы тексеремін.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Көру диктанты.
1.Ертіс өзенінің ұзындығы төрт мың үш жүз отыз бір шақырым.Соның үштен біріне жуығы біздің республикамыз арқылы өтеді.
2.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
3.Вокзал басында жүздеген адам поезды асыға күтуде.
4.Жыл сайын баспадан жүз мыңдаған оқулық пен оқу құралы шығады.
( 45 сөз )
Шығармашылық жұмыс : 1.Төмендегі сөздерге байланысты әрқайсысына он тұрақты сөз тіркестерін тауып жазу керек. Бас.Тіл.Бет.
2 Төмендегі әріптерден басталатын грамматикалық терминдерді кім көп тауып жаза алады. а,б,е,ж,қ..
Білімді бекіту : Оқушылардың сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді оқып келу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету, туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерінің бірі.Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік төрт бұрышты кездеме.Оның ортасында арайлы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыран және ою-өрнек – алтын түсті.Тудың ені ұзындығының жартысына тең.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Тудағы көк түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын,асқақтығын көрсетеді.нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықтыбейнелейді.Күн-қозғалыс,даму,өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі.Қанатын жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындай,билік айбындылық бенесі.Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын,Қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Сабақ соңында дәптерлерін жинап аламын.
Үйге тапсырма : ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы оқып келуге беремін.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Сөздің қолдану өрісіне байланысты түрлері
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың лексика тарауы бойынша түсінігін кеңейту,қазақ тілінің сөздік құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;
ә) Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын сөздік қорын молайту ;
б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : ребустар,кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бйынша әңгіме жасау.Оқушылардың әңгміелерін оқытамын.Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар.
1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай?т.б.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс-жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.
Шығармашылық жұмыс: 144-жаттығу.
1.Қыс суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар.
2.Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау,сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады.Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап,сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.
1.Мен жаз өзен көп шомыл
2.Біз ауыл маңы ағаш қалың өс.
Білімді бекіту:Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тереңдету әрі тиянақтау мақсатында пысықтауға арналған сұрақтар мен үлестірмелі кеспе қағаздар таратамын.
Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :145-жаттығу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;
ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;
б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту әдістері
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Өткен сабақты еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Лексика нені қарастырады?
2.тарихи сөздер дегеніміз не?
3.Жаңа сөздер дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ тіліндегі сөздер қолдану өрісі жағынан әр түрлі болып келеді.
Қазақ тілінің лексикасы 1.Жалпылама лексика. 2.қолдану өрісі тар лексика
Жаттығумен жұмыс :169-жаттығу. Төмендегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай топ-топқа бөліп жазыңдар. Дәмді білдіретін сөздер : тәтті,дәмді,ащы,тұщы,тұзды,кермек т.б.
Білімді бекіту : 1.Сөздер жасалу өрісіне қарай нешеге бөлінеді?
2.Қолдану өрісі тар лексика нешеге бөлінеді?
3.Кәсіби лексика дегеніміз не?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 170-жаттығу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі әселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу..
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : суреттер,кітаптар
Халықтық педагогика Ақылды қария – ағып жатқан дария
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жалпылама лексика дегеніміз не?
2.Қолдану аясы тар лексика нешеге бөлінеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер деп атайды.Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап,аралас-құралас болғаны мәлім.Соның нәтижесінде араб,парсы,монғол,орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген.
Жаттығумен жұмыс : 170-жаттығу.Қазақ тіліне енген он сөз жазыңдар.
Топпен жұмыс : 1-топ: Мына кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып көріңдер.
Мыс: пұл - ... , шайыр - ... , сарбаз - ... , ғибрат - ... , 2-топ: Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар: білім,құн,талап,сабақ,самауыр.
Білімді бекіту : 1.Кірме сөздер дегеніміз не? 2.Омоним дегеніміз не? 3.Жаңа сөздер дегеніміз не?
Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 171-жаттығу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Жатқа жазу дктанты
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету, туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Халықтық педагогика нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.Мәтінді мәнерлеп бір рет оқып беремін.
Жас балапандарды күту.
Жұмыртқадан шықаннан кейінгі алғашқы он күнде балапандарға тары ботқасы, ақ ірімшік беріліеді.Жұмыртқаны қатты пісіріп оған қабығын уатып,қосып берген де жақсы.Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі.Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де болады.Балапандарға жем беретін астаушаларға уатылған бор,көмір, ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады.Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға,жемді бойына сіңіруге көмектеседі.Балапандарға екі айға дейін күніне алты рет,одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. ( 74 сөз )
Жазып болғаннан кейін тағы да бір рет оқып шығамын,оқушылар тыныс белгілірін қояды.
Талдау жұмыстары : балапан деген сөзге фонетикалық талдау жүргізеді.
Б-дауыссыз
а-дауысты
л-дауыссыз
а-дауысты
п-дауыссыз
а-дауысты
н-дауыссыз.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап,қайталап келуге беремін.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Кәсіби сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;
б) тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Татулық – табылмас бақыт
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1.диалект дегеніміз не? 2.кірме сөздер дегеніміз не ?
3.жалпылама лексика дегеніміз не ? 4.табу дегеніміз не?
5.эвфмизм дегеніміз не ? 6.дисфемизм дегеніміз не ?
7.лексика нені зерттейді ? 8.антонимдер дегеніміз не?
9.синонимдер дегеніміз не ? 10.омонимдер дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.
1. Қолөнершілікке ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. ) қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота. 3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.
Жаттығумен жұмыс : 193 – жаттығу. Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар
Топпен жұмыс : сынып оқушыларын үш топқа бөлемін.1-топ.Ауыл шаруашылығы кәсібімен байланысты алты сөз жазады. 2-топ.Мал кәсібімен байланысты алты сөз.3-топ.Аңшылық кәсібімен байланысты алты сөз
Білімді бекіту : Бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 1.Кәсіби сөз дегеніміз не? 2.Кәсіби сөз қандай лексикаға кіреді?
Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 195-жатығу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Бақылау диктанты
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету,амгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Қайталау
Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру .
Мәтінді бір рет мәнерлеп оқып беремін.
Адам баласы күн мен айдың қозғалысын бақылыған.Бақылаудың арқасында жылды айларға бөлген.Айды күндерге бөлген.Ал күнді уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.Уақытты анықтаудың ең алғашқы қарапайым құралы-күн сағаты болған.Алаңның ортасына қазықша қағылады.Күн ашфықта қазықтан жерге түскен көлеңке бойынша уақытты анықтайтын болған.Мұндай күн сағаты бұлтты күндерде және түнде уақыт көрсете алмайтын.Енді су сағаты ойлап табылды.Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап құйылып тұрады.Мұндай сағаттың суын еселеп отыруды ұмытпау керек.Енді құм сағаты пайдаланылатын болды.Құм екі шыны сауыттан тар мойыны арқылы алма кезек сусып ағып тұрады.Бірақ бұл сағаттардың бәрі пайдалануға ыңғайлы емес еді.Алғашқы механикалық сағаттардың бір ғана тілі болған. ( 109 сөз )
Мәтінді тағы бір рет оқимын,тыныс белгілерін қояды.
Білімді бекіту : Бірнеше сұрақтар қоямын,түсінбеген сұрақтарынва жауап беремін.
Үйгетапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;
б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,іздендіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер,деңгейлік тапсырмалар
Халықтық педагогика нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар үлестіріп беріп жауавп талап етемін.
1.Кірме сөз дегеніміз не?
2.Диалект сөздер дегеніміз не?
3.Кәсіби сөздер дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Кім сөз табар екен?» ойыны.
1 деңгей: Қосар дауыссызға аяқталған бірнеше термин сөз тауып жазыңдар.
2 деңгей: Г әрпіне аяқталған бірнеше термин сөздер тауып жазыңдар.
3 деңгей: Құрамында ф,ң,э әріптері бар әр түрлі термин сөздер тауып жазыңдар.
Әрқайсысына алты мысал жазу.
1 деңгей: Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби алты сөз жаз.
2 деңгей:Мал бағу кәсібімен байланысты алты сөз
3 деңгей: Аңшылық кәсібімен байланыстыалты сөз
«Не игі?» ойыны.Игі сөзімен аяқталатын алты мақал тауып айтыңдар.
Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма . Құрамында мынадай екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздер жазу.
кк, ққ, тт, сш, зш.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Қазақ әліпбиі
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;
б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Достарыңызбен бөлісу: |