Сот төрағасы: Қарсылығым жоқ.
Ауыл тұрғыны: Түнде қозылардың құйрығын иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Ұры. Асыраса да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!
Ақтаушы: Ол үшін таяқ та жейтін. Талай рет оқыста төбесінен таңқ етіп оқтау мен бойын тызылтып, шыпыртып қамшы да тиетін. Ауыл иттері де талап тастайтын. Өзі ізденіп ешкімге соқтықпайтын. Атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса келетін.
Даттаушы:
Татулық жоқ, суық. Жадырап ойнап көрген емес.
Хатшы:
Айыптаушы Құрмаштың әкесі шақырылсын.