Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты



бет11/12
Дата31.12.2019
өлшемі0,77 Mb.
#54008
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

«Батыр Баян»-көркемдігі,кейіпкер бейнесінің ашылуы,оқиғалардың суреттелуі жағынан,қай-қай жағынан алғанда да Мағжан поэзиясының ғана емес,қазақ поэзиясындағы классик шығарма.

Махаббат пен қызғаныш билеген Баян батырдың бауыры Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі,оған бүкіл дүние,табиғаттың қоса егілуі психологиялық егіздеумен беріліп,биік талғам мен тұтастық жымдаса өрілген.

Кітаппен жұмыс: кітаптан поэманы мәнерлеп оқиды.

Дәптермен жұмыс: Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасай отырып,оқиғаның байланысын,дамуын, шиеленісін тауып жазады.

Топтастыру стратегиясы:
Махаббат бауырмалдық

өкініш қызғаныш



сұлулық нәзіктік
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Поэмада туған елге,туған жерге деген махаббат,азаматтық намыс мәселелері қалай көтерілген?

  2. Жоңғарлардың қазақ даласына жасаған шабуылдары қай ғасырда болды?

  3. Егер Ноянды өлтірмегенде Баянның өкініші қандай болар еді?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы : МҰХТАР ӘУЕЗОВ

ҚАРАШ-ҚАРАШ ОҚИҒАСЫ

Сабақтың мақсаты : білімділік – Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыта отырып, повесінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан-жақты зерттеп, байыптап барып, шығармасын жазуға отырады. Көркем туындыда қаламгер өмір оқиғаларын, алуан түрлі тағдырларды суреттей отырып, осы арқылы қоғамдағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жайларды көтереді. Міне, осындәй көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды. Мәселен, "Қараш-Қараш оқиғасы" повесін алайық. Повестің тақырыбы — ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл тақырыптың көркемдік шешімі аталған повесте зорлықшыл ел жуандары -Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады. Ағайынды екі жігіттің бірі (Тектіғүл) адамгершіліктен ада, өктем де қатыгез Сәлменнің әділетсіз, аяусыз жазасына жазықсыз ұшырап, мерт болса, екіншісі (Бақтығұл) жоқшылық пен жамандықтың екі жақты қыспағына мейлінше түсіп, адамдық намысы үшін күресіп, өзін ашындырған озбырлық иесінен кек алуға — жауыз болыс Жарасбайды өлтіруге мәжбүр болады. Бақтығұлды кісі өлтіруге итермелеген себеп — өмір шындығы, әділетсіздік, ел билеуші жуандардың шектен асқан зорлығы мен қулық-сұмдығы. Демек, тақырып шығармада кейіпкерлердің түрлі мақсат жолындағы іс-әрекеттері, өзара күрес-тартысы, осы бағыттағы жемісі немесе жеңілісі арқылы айқындалады.

Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес-тартысын жайдан-жай бейнелемейді. Адамдар тағдырына, оқиғаның сипатына, шешіміне қатысты өз көзқарас-ойын да білдіреді. Яғни жазушы өзі суреттеп, көркем баяндап отырған құбылыстарға бағасын да береді. Бұл бағалау, яғни идея — кейіпкерлер арасындағы тартыстың шешімінен, оқиғаның аяқталуынан, т.б. танылады. Демек, көркем туындының идеясы дегеніміз — жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ой, танытпақ шындығы.



"Қараш-Қараш оқиғасы" повесінде жазушы теңсіздік азабын қанша тартса да, намысымен адамдық арын жоқтай білген нар тұлғалы азамат — Бақтығұл тағдырын оның Жарасбай болысты өлтіріп, түрмеге қамалуымен аяқтайды. Оқиғаның осылай аяқталуы мен тартыстың бұл шешімінен біз жазушының бар ниет тілегі Бақтығүл жағында екенін, ал қарғысы мен қаһары әділетсіздік иелеріне арналғанын көреміз. Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тура алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы.

Повестің жазылуына негіз болған —көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі — Рысқұлдың басынан кешкен оқиға.

Кітаппен жұмыс: кітаптан повесті мәнерлеп оқып,құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Тектұғұл өліміне не себеп болды?

  2. Інісінің өлімі Бақтұғұлға қалай әсер етті?

  3. Оның алғашқы әрекеті неліктен сәтсіз аяқталды?

  4. Бақтұғұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қараш-Қараш оқиғасын оқып келу.

Сабақтың тақырыбы : ТАХАУИ АХТАНОВ

Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : дамыта оқыту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,түсіндіру т.б

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.



Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көзі көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті "Қаһарлы күндер" атты романында жазды. "Дала сыры" хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Ал драматург жазушының "Сәуле", "Боран", "Ант", "Әке мен бала", "Махаббат мұңы" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" атты комедиялары ұзақ жылдәр сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.

Кітаппен жұмыс: кітаптан шығармаларын оқып,хранологиялық таблица сызады.

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Қай жылы Мемлекеттік сыйлық берілді?

  2. Қандай романдары бар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Тахауи Ахтановтың өмірбаянын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Күй аңызы

Сабақтың мақсаты : білімділік – «Күй аңызы» туралы мәлімет бере отырып, жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих,ән-күй

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Қай жылы Мемлекеттік сыйлық берілді?

  2. Қандай романдары бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жазушының алғашқы әңгімесі «Күй аңызы». Т. Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозіңгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырганын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.



Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген бозінгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.

«...Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі күйшіге қатты әсер етті...»

Күй құдіреті жануар екеш жануарға да әсер етті. «Нар идірген» күйі осылай туыпты деген аңыз бар.



Кітаппен жұмыс: Екі жолаушының портретін суреттеген жерді тауып оқыңдар..

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?

  2. Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті?

  3. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осынша тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы : Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты»

Сабақтың мақсаты : білімділік - ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,шығармаларын оқыту,ақынның айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау; дамытушылық – оқушының сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі жеткізуге балу, тәрбиелік - оқушының туған жерге деген,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,салыстыру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?

  2. Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті?

  3. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осынша тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы сол кездегі ең таңдаулы, беделді оқу орындарының биік талаптары мен қатал сындарынан мүдірмей өтіп, ұстаздарының озық дәстүрі мен ұлағатты дәрістерін, зиялы тағылымдарын өз бойына мейлінше мол сіңіріп, талантты маман болып, елге оралады.

Драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қай салада еңбек етсе де, халықтың сөзін айтып, жоғын жоқтайды. Оның мінезіндегі турашылдығы, еңбекқорлығы өзі жасаған кейіпкерлер бойы-нан табылып жатады. Драматургтың "Сталинге хат", "Бесеудің хаты", "Жетім бұрыш", т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. "Бұлтсыз күнгі найзағай", "Мылтықсыз майдан", "41-жылғы келіншек", "Интернат наны", т.б. хикаяттар мен әңгімелер жинағы, көп томды "Қызыл жебе" романы жарық көрді.

Көркем шығармалардың бір түрі — драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар.

Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік оның кейіпкерлердің диалогі (диалог - оқиғаға қатысушы бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог -- әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек. Өйткені драмалық, туындыда автор басқа жанрлардағы шығармадағыдай (мәселен, әңгіме, повесть, т.б.) оқиғаларды өзі баяндап, әңгімелеп, кейіпкерлеріне мінездеме беріп отырмайды. Драматург адам мінезін де, тартысты да, бейнелеп отырған өмір шындығын да тек пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы ғана көркем танытады. Қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі ремарка деп аталады.

Пьесаның тағы бір ерекшелігі — оқиғаны, тартысты сахналық қойылым барысында актерлердің ойыны арқылы көрерменнің көз алдында дәл қазір, осы сөтте өтіп жаткандай етіп танытуы.

Жазушы, драматург Ш.Мұртаза өз шығармаларына тарихи оқиғаны өзек етіп алады. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес, себебі ол шындықты елдің бәрі біледі. Ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғырту, оқырманының жүрегінен өткізу нағыз талантты жазушының ғана қолынан келеді.

Ш.Мұртазаның "Бесеудің хаты" атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.

Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.
Кітаппен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.
Топпен жұмыс: 1-топ: Әр кейіпкерге мінездеме беріңдер

А) Драмадағы Ғабит Мүсірепов қандай адам?

Ә) Голещекин қандай кейіпкер?

2-топ: Құрамысов пен Ивановты салыстырыңдар?

Құрамысов Иванов





Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

  1. Жазушы кейіпкерлер бейнесін қалай ашқан?

  2. Сталин туралы тарихтан не білесіңдер?

  3. Т.Рысқұлов кім?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: « Елім-ай» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу;

б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,тірек сызбалар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Алпысыншы жылдардың басында әдебиетке келген жаңа буын өкілдерінің кеуде тұсында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,жазушы Қабдеш Жұмаділов тұр.Елуінші жылдардың ортасынан бастап Қытайдан Қазақстанға мемлекеттер арасындағы келісім бойынша көшіп келген,шекара бұзып қашып келген мың сан еңбек тобы,сан алуан кәсіп иелері,бауырластарымыздың арасында көптеген көзі ашық оқығандар,ақын-жазушылар,әнші-күйшілер,артистер,өнерпаздар,қызмет басында болған мансапты адамдар көп еді.Адам қаны судай боп аққан соғыстар,кісі сүйегі ақсөңке боп қалған ашаршылықтар,отаршылдық тепкісі,таптық қудалау кесапаттарынан шекара асып кеткен қандастардың үлкен толқыны қайта көтеріліп,Қазақстанның шығыс аймақтарына қоныстану арқылы көп жаңалық ала келді.Осы қандастарымыз арқылы халқымыздың жойыла бастаған тамаша ұлттық дәстүрлері,әдет-ғұрыптары,от басы-ошақ қасының рәсімдері,діни тағлымдар қайта оралып,жандана дами бастады.Теңіз тектес тіл байлығы қайта оралды.Осы ұлы қауымның бір баласы,тасты тесіп шыққан қарағай мінездес жазушы – Қабдеш Жұмаділов.

Қабдештің туған ауылы Семейдің Мақаншысынан алыс емес – Тарбағатайдың арғы беті,халықтың ырыс-берекесін,дәстүр-салтын сақтаған,мың жылдар бойы қалың қазақ мекен еткен құтты жер.Ата-бабалары Жұмаділ,Күдері,Смайылдар – ел ішінде беделді,сыйлы адамдар,мешіт салған діндарлар.

әңгімесі: «Қаздар қайтып барады»

романдары: «Соңғы көш», «Дарабоз»

повестері: «Көкейкесті», «Қарауыл», «Бір түп тораңғы»

Білімді бекіту: 1.Қ.Жұмаділовтың туып өскен ортасы туралы не білесіңдер?

2.Қ.Жұмаділов шығармасындағы Қабанбай бейнесі туралы ой толғап көріңдер.



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қ.Жұмаділовтың өмірін,шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Қабдеш Жұмаділов

«Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты : а) Жазушының шығармаларынан мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу;

б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болған.



Халықтың дүние танымын терең бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы - тарихи шығармалардың да шебері. Жазушының "Қаздар қайтып барады" әнгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырағының ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

"Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген - «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімеде тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдыры бейнеленген. Сонымен қатар жазушының "Соңғы көш" дилогиясы мен "Тағдыр" романы дүниеге келді.

Қабдеш - тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы."

Кітаппен жұмыс: «Қаздар қайтып барады» әңгімесін мәнерлеп оқиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет