Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты

І топ. Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың естелігі

бет9/12
Дата31.12.2019
өлшемі0,77 Mb.
#54008
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

І топ. Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың естелігі.

Мен Төлегенмен бастауыш класта бірге оқыдым.Бір жапырақ қара нанды бөліп жеп,бір ауаның кәусарын бөле жұтқан жеріміз – жер сұлуы Бостандық еді.Әлі есімде ол – кез соғыстан кейінгі жылдар еді.Төлегеннің әкесі сырқат,төсек тартып жататын.Мектеп ауылдан едәуір қашықтау орналасқандықтан менің етікші болып істейтін әкем екумізді мектепке есек арбамен жеткізіп тастайтын.Бірде Төлегеннің аяғындағы бәтеңкесінің ұлтаны ақтарылып,әбден тозығы жеткендіктен аяғына ілуге келмей қалды.

Оны байқап қалған әкем қолына тебен алып,аяқ киімін жамай бастады.Ал менің көне де,жаңа бәтеңкем бар болатын. «Бір бәтеңкемді берсем бе екен?» деп көп толғандым.Бірақ құрттайымыздан жоқшылық көріп өскен соқыр көңіл қимады.Жүрегімді шымшылап,намысымды қамшылап маза бермейтін сол бәтеңке маған мәңгілік өкінішке айналды.

ІІ топ.Ақынның қолтаңбасы (Ханбибі Есенғараеваның естелігі).

Мектепте оқып жүріп бір күні өлеңдерімді аудандық газет редакциясына алып бардым.Өзімді таныстырып, келген шаруамның жайын баяндадым.

  • Өй,айналайын,өлең жазып жүрген қарындасымыз өзің екенсің ғой! – деп редактор жылы тіл қатты.

  • Жолың болады екен,қарағым.Өзіміз де сирек көретін мына Төлеген ағаң да бүгін біздің редакцияға бас сұққан екен,өлеңдерді көрсетіп ал, - деді.Ақын аға маған қадалып бір қарады да:

  • Өлеңдеріңді әкелші! – деді.

Менің талай күн жазған өлеңімді қас қағымда-ақ парақтап шықты.

- Мынауың үлкен арнаның бастауы сияқты екен,қарағым, - деп өлең дәптерімнің ашық тұсына бірдеңе жазуға оқталып біраз отырды.Аз-кем уақыттан соң өлеңмен жазылған қолтаңбасын қалдырды.

Сен шыққан биік жоқ әлі.

Сен шықпақ биік жоғары.

Қайралмай жатқан жас талант

Қиып түссем деп соғады, - деп қолын қойды.

ІІІ топ. Ақын Мұқағали Мақатаев туралы естеліктер кітабынан.

1965 жылы Мұқағали қасында бұйра бас,сіріңке қара,арықша бір жігіт бар,редакцияға келді.Әлгі жігітті «Сарыағаштық Төлеген Айбергенов» деп таныстырды да Төлегенге:

- Бір өлең оқып жіберші, - деп өтініш білдірді.

Төлеген орнынан тұрып, «Әнші Ғарекеңе» деген ұзақ өлеңін жатқа оқыды.Менің таң қалғаным: өз өлеңін жатқа оқыған ақынды алғаш рет көруім.

Мұқағали тұрып:

- Бұл бір болайын деп тұрған ақын.Бұл да Алматыға келгісі кеп,пәтер,жұмыс іздеп жүр.Төкеңнің бір ғажабы өз өлеңін басынан аяғына,аяғынан басына қарай жатқа оқи береді.Мұның анау бұйра шашының астында Сократтың басы жатыр, - деді. (Естеліктер. «жалын», 1995 жыл, 129-бет)

IV топ. Ақын Тынышбай Рақымовтың естелігі

Төлегеннің Әбіш ағаға «Бір-екі ақынды ертіп бүгін-ертең Қарақалпақстанға жүрмекпін» дегені бар еді ғой.Сол «бір-екі ақынның» біреуі Мұқағали Мақатаев болған.Бұрыннан науқастылау боп жүрген Төлеген Нөкіске барған бойда қатты ауырып,ауруханаға түскен.Ішкі соңғы жалын жігер ақынды төсектен тұрғызып,ауырып жүрсе де, Мұқағалиды жалғыз жібермей,кездесулерге бірге барып,шалқыған шабыт қанатында өлеңдерін оқып жүрген. Ақыры үлкен қайғымен біткен.Қазақтың ақын перзенті Төлеген Айбергенов Нөкіс қаласында Мұқағалидың қолында дерлік мәңгілікке көз жұмған ...

Нағыз трагедия! Мұқағалидың қолынан бар келгені,әрине,Алматыға,Қазақстан Жазушылар одағына хабар берді.Ал бізге айтқаны:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай-өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал дейтін сұрапылдың ...

Ол көзімен көргенді айтудан басқаға шарасы болмады.Бұл 1967 жылдың 29-тамызы еді.

Өлең құрылысына талдау: ұйқас,буын,тармақ,бунақ. (Өлеңді дәптерге жаздырып талдату).

Ой толғау.Өлеңге сүйене отырып халқымыздың бүгінгі той-думаны жайлы ой бөлісейік.

Бекіту. Мен марттағы найзағай күркірімін ...

Үй тапсырмасы. Үйге тақтадағы 5 ерекшелікті әр топқа таратып,сол бойынша тапсырма беремін.

1.Нағыз жыр перзентінің ақындығы жайлы замандастарының пікірі. 2. 30-ақ жыл ғұмыр кешті.Өмірбаяны.

3.Бірнеше жыр жинағының авторы (көрме).

4. 10 жылдай өлең жазды.Өлеңдері және оның тақырыбы.

5. Республикалық баспа беттерінде Төлеген жайлы жазылған тың пікірлер.

Қорытындылау,бағалау. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер де бар.Соның бірі «Ақ ерке – Ақжайық» әнін тыңдап,алдарыңыздағы ән мәтініне сүйеніп,қосылып отырайық!

Әр топ бағалау парақшалары бойынша өзін-өзі бағалайды.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «НАЙМАН-АНА»

Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, «Найман-Ана» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Оқыта үйрете отырып,оқушының танымдылығын арттыру.жазушының идеясын түсіне білуге баулу.Білім дағдыларын дамыту.

3. Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып,тіл байлығын дамыту.Мәңгүрттіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: оқыта үйрету тәсілі,сұрақ-жауап

Көрнекілік құралдар: Ш.Айтматовтың шығармалары,сызба-схема,карта,карточкалар және буклет.

Пәнаралық байланыс: тарих,география.

Сабақтың барысы.

1. Кіріспе бөлімі

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген.

Ш. Айтматовты біз қырғыз-қазаққа ортақ жазушы дейміз.Олай дейтін себебіміз,ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті,білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды.Сол кісінің ықпалы,әсері көп болады.Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған,көп көмек көрсеткен.Ш.Айтматов еңбектері өте мол.

Проза саласында

«Әшім»

«Аспалы көпір»

«Бетпе-бет»

«Қызыл алма»

«Ақ жауын»

«Байдамтал бойында»

«Боранды бекет»

«Жан пида»

Әңгімесі

Повестері

Романдары

«Жәмилә»

«Алғашқы ұстаз»

«Ана-Жер ана»

«Қош бол, Гүлсары»

«Ақ кеме»

«Ерте қайтқан тырналар»

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»

2. Сөйлесу бөлімі.

І тур.Мәтінмен жұмыс.

а) Оқушыларды бес топқа бөліп,соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.

ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып,мәтінге тезис жасау.

б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.

«Найман – Ана».

І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.

1.Құлдықта қалған тұтқындардың күні.

2.Аңызға айналған Ана-Бейіт зираты.

3.Ең ауыр жаза.

4.Ананың өз-өзімен сырласуы.

5.Тарихқа көз жүгірту.

ІІ.Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.

ІІІ.Дамуы: Найман-Ананың Сарыөзекке аттануы.

IV.Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.

V.шешімі: Найман-Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.

Қосымша қойылатын сұрақтар:

1.Сарыөзекті картадан көрсет.

2.Ананың маналогы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?

3.Жуан-жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесің?

4Ақ інгенді, Найман-Ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.

5.Қожа Ахмет Иассауи және Түркістан қаласы туралы не білесің?

6.Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.

7.Жазушы жуан-жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?

ІІ тур. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың танымдылығын және тіл байлығын дамыту мақсатында сұрақтар берілген карточкалар үлестіру.Әр топ мүшелері ақылдаса отырып,араларындағы жетекші оқушы жауап береді.Сол оқушының жауабына қарай,топтағы әр оқушыға да баға қойылады.

1 карточка

Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?

Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жүгіне отырып жауап беру.

2 карточка

Мәңгүрт ұлын іздеп келе жатқан ана қандай психологиялық күйде болды?

Тапсырма: Мәтіннен тауып бер.

3 карточка

Жауыздыққа,оның асқан түрлі адамды ақыл-естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?

Тапсырма: Өзіндік ойын,пікірін айту.

4 карточка

Баласы тірі болса да ана не үшін жоқтау жырын айтты? «Жоқтау» туралы не білесің?

Тапсырма: ұлттық салт-дәстүр негізінде жауап беру.

5 карточка

Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады?Найман-Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?

Тапсырма: Өмірмен байланыстырып өз ойыңды айт.

ІІІ тур.Оқыта үйрету ойыны.

Оқушыларды сергіте отырып,сабақты бекіту мақсатында ойындар жүргізу.

«Мәтінді оқыта үйрету» ойыны.

а) Әр топ келесі топқа өздерінің оқыған бөлімдері бойынша ең қиын сұрақ құрайды.Оған келесі топ жауап береді.Сұрақ қойған топ қарсыласының жауабын өздері бағалайды.

ә) «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны.

Әр топ өздерінің оқыған бөліктеріне конспект жасайды.Бірақ бірде-бір сөздер мен сөйлемдер пайдаланылмайды.Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен ойымызды жеткіземіз.Ал келесі топ соны түсініп оқып шығуы керек.Қарсыласын өздері бағалайды.

б) Найман-Ана мен баласының арасындағы кездесуді сахналандыру.

Мәтіннің сюжетімен толық танысқан оқушылардың арасынан қалаған екі оқушыны шығарып көрініс көрсеткізу.

  1. Қорытынды бөлім.

а) Мұғалімнің сабақты қорыту сөзі

ә) Оқушылардың білімін бағалау.

Сарапшылар «бағалау парағын» пайдалана отырып,оқушылардың жинаған ұпайларына қарай білімдерін бағалайды.

б) Үйге тапсырма: «Боранды бекет» романының кез келген өзіңе ұнаған бөліміне шағын сценарий жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Cабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту,прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру; дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге дағдыландыру,әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,прозалық шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету; тәрбиелік - оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке,ізгілікке,мейірімділікке баулу,ата-ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу,шәкірттердің бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялату.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: 1)баяндау; 2) мәнерлеп оқу; 3) сұрақ-жауап; 4) салыстыру; 5) әңгімелеу; 6) талдау.

Сабақтың көрнекілігі: 1) Венн диаграммасы; 2) үлестірме қағаздар; 3) жазушының портреті,кітаптары.

Пәнаралық байланыс: тіл,халықтық педагогика.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жазушы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.

Төлен Әбдіковтың кітаптарынан көрме ұйымдастыру,шығармалары туралы қысқаша мәлімет беру.

2. Әңгіменің сюжетін топтарға бөлініп баяндау.

І топ.Ерғабыл шал мен оның кейіпкерінің баласын сағына күтуі.

ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасы.Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы.

Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.

ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу.

Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.

IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.

Ұлымен қимай қоштасқан ата-ананың құлазыған көңілі.

3. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

1) Ерғабыл шалдың арманы не еді?

2) Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын күтуі,оған деген сағынышы қалай суреттелген?

3) Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себептен толмады?

4) Ерғабыл шалға,Сапабекке,олардың ой-толғаныстарына,сөздеріне сүйене отырып мінездеме бер.

5) Баланың ата-ана,туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?

4. Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс).

1) Диалог дегеніміз не? (әдебиет теориясы)

2) Әңгімедегі диалогқа (Тома мен Жеңістің сөйлесуі) мысал келтіру арқылы республикамыздағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында баяндау,оның өткені мен бүгінін салыстыра отырып келешегіне көз жіберу.
5. Композициялық жоспар құру.

Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы.

1.Ерғабыл шалдың арманы.

2.Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі,оған деген сағынышы.

3.Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал.

4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.

5. Ата-ананың ұлымен қимай қоштасуы.

  1. Венн диаграммасы

ұқсастығы

7.«Ата-ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.
8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым.

- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата-ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.

Жоспар

I Кіріспе.

II Негізгі бөлім:

а)

ә)

III Қорытынды.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет