Мақсаты
Қолданылу
аясы
Стильдік сипаты
Тілдік амал-тәсілдері
Хабарлау, ақпарат, анық мәліметтер беру.
Іс-қағаздар, нұсқау хаттар мен кеңсе, жеке қызмет құжаттарында
Ресми, ақпараттық, есептік,
дәл,
нақты.
Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, ха-барлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер
Стильдің бұл түрі - құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында, кеңсе қызметінде қолданылады. Іс қағаздары қолданылу аясына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Арнайы орындарда (мекеме, пошта, банктерде, қызметке орналастыру бөлімдерінде) алдын ала дайындалған үлгілері де болады.
Тілдік айырмашылығын байқау мақсатында төмендегі мысалдарға назар аударайық:
Әдеби қолданыс
|
Ресми қолданыс
|
Тапсырма жауапкершілікті сезініп, тиянақты жұмыс істейтін жандарға бөлініп берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Олар шындықты анықтап, шынайы мәліметтерді көпшілік назарына келесі жиында ұсынса. Сандық мәліметтерді де нақты айтудың сәті келді.
|
Тапсырма жауапты жандарға міндеттелсін. Олар нақты мәліметтерді жинап, келесі жиында есеп берсін. Сандық мәліметтер нақтылансын.
|
Салыстырудан байқалатын жайт - сөйлем тиянақты, нақты, ресми. Мазмұны «тапсырма», «бұйыру» ыңғайында болады. Сөз, сөз тіркестері тілдегі өз мағынасына сай жұмсалады, әсірелеу, ауыспалы мағынадағы сөз қолданыстарын пайдалану жоқ.
Жаттығумен жұмыс: 55-жаттығу. Үш топқа бөлініп, әр топ сыныпта соңғы өткен жиынның хаттамасын жазып, нұсқаларды салыстырып,талқылыңдар.
Шығармашылық жұмыс: Үлгіні пайдалана отырып (кеш, кездесу) өткізуге рұқсат сұрап өтініш жазыңдар.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 56-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Қатынас қағаздары
Сабақтың мақсаты : 1) қатынас қағаздары туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Белгілі бір іс жөніндегі қатынас қағаздарында міндетті түрде жіберілген мерзім (күні, айы, жылы), қатынас қағаз жіберген мекеменің (фирманың) басшысының аты-жөні, қатынас қағазының мазмұны, қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы болуы керек. Аталған бөліктер реквизит деп аталады.
«Саяхат» туристік фирмасы
Алматы ң., Райымбек көшесі, 115
тел.: 250-50-50
факс: 250-51-51
Мектеп директоры Н.Әбілтаев мырзаға
Сіздің Жамбыл ақынның мұражайына баруды ұйымдастыру барысында көмек беруді сұраған хатыңызды алдық. Фирма өз тарапынан көлікпен қамтамасыз етіп, жолсапарда мәлімет беретін маманды қосып береді. Өздеріңіздің таңдауларыңызбен сенбі, жексенбі күндердің біріне сұраныс жасаңыздар. Қызмет көрсету бағасы - 350 теңге.
Ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі ________ Ж.Арыстанқызы
(қолы)
20.02.2008 ж.
Жаттығумен жұмыс: 58-жаттығу. Төмендегі мәтіннің стилін анықтаңдар. Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар
.
Шығармашылық жұмыс: «Ел рәміздері елдігіміздің басты нышандары» тақырыбына эссе жазыңдар.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Стильдер нешеге бөлінеді?
Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
Ресми іс-қағаздары дегеніміз не?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Сабаққа кешігіп келгендігі жөнінде түсініктеме жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Іс-қағаздары стилінің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты : 1) қатынас қағаздары туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,талдау т.б
Сабақтың көрнекілігі : қосымша материалдар, таблицалар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
Стильдер нешеге бөлінеді?
Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
Ресми іс-қағаздары дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтін жинақы, баяндау ретінде келеді.
Экспрессивті сөздер қатыспайды.
Сөйлем көбіне номинативті, екі негізді болып келеді.
Сөйлемдегі сөздер негізгі тәртіпке сай орналасады.
Іс-қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде араб цифрларымен көрсетіледі.
Жаттығумен жұмыс: 61-жаттығу. Мәтінмен танысқан соң ,Қазақстан Республикасындағы өзге ұлт тілдері жайлы ой өрбітіңдер.
.Топпен жұмыс: «жарнамалар тілі сын мен ұсыныс» тақырыбына ойталқы (дебет) ұйымдастырыңдар.
Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөздерге талдау жасайды.
қолжазба
Бұл сөз екі құрамнан тұр: қол және жаз+ба
Тұлғасына қарай-туынды түбір. Себебі, (аналитикалық немесе синтаксистік) тәсілмен екі түбірдің бірігунен жасалған күрделі сөз.
Құрылысына қарай-күрделі,біріккен сөз.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мінездеме жазып келу
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Публицистикалық стиль
Сабақтың мақсаты : а) Стильдер және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : дидактикалық материалдар, таблицалар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Публицистикалық стиль өздеріңе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жақсы таныс.
-
Мақсаты
Қолданылу
аясы
Стильдік сипаты
Тілдік амал-тәсілдері
Көпшілікке
әсер ету,
құбылыс,
оқиға мәнін
ашып,
бұқаралық
ақпарат
Газет-журнал ,
мәжіліс, жи-
ындарда
шақыру,
үндеу,
ақпарат
көзі,
нақтылық
Риторикалық
сұрақтар,
ақпараттың рес-
ми
қолданыстар,
стильдік
қайталау, анти-
теза қолдану
Публицистикалық стильде жазылған шығарма қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болып, қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар етеді. Логикалық жағынан қисынды да дәлелді, көңілге қонымды болып, бұқараға ықпал етеді.
Жаттығумен жұмыс: 70-жаттығу. Газет мақаласынан үзіндіні оқып шыққан соң,
А. Байтұрсынов көтерген мәселелер мен оның қоғам үшін маңыздылығына тоқталыңдар.
Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөздерге синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 71-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Ғылыми стиль
Сабақтың мақсаты : а) Стильдер және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : танымдық әрі жарыс сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі : қосымша материалдар, кітаптар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Мақсаты
Қолданылу аясы
Стильдік сипаты
Тілдік амал-тәсілдері
Заттар мен құбылыстардың
жалпы
ерекшелігін
ашып, мәлімет
беру
Ғылыми еңбек,
баяндама,
оқулықтарда
қолданылады.
Ресми, анық, дәл.
Ғылыми термин-
дер қолданылады.
Өткен, осы шақта-
ғы хабарлы сөй-
лемдер, тұрақты
үлгідегі сөйлем, сөз
тіркестері қолда-
нылады. .
Ғылыми стиль - әр мамандық, әр салада жазылған ғылыми шығармалар, ғылыми зерттеу еңбек, баяндама, оқулықтар мен оқу құралдарының тілі. Адамның озық ойлы интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Ғалым өз ізденісін, зерттеу жаңалықтарын зерттеу еңбегі арқылы жеткізеді.
Зерттеу еңбегі (баяндама, лекция)
Зерттеу объектісі-
зат не құбылысты
ғылыми сипаттау,
дәлелдеу, түсіндіру
Ғылыми ой-тұжырым сипаттау, дәлелдеу, түсіндіру барысында нақты дерек көздеріне негізделеді. Ғылыми терминдер қолданылады. Ғылыми стиль ауызша да жазбаша да қолданылады.
Жаттығумен жұмыс: 78-жаттығу. Мәтінмен танысып,дәлелдеу,сипаттау, тілдік қолданысына тоқталып,талдаңдар.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 79-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Пунктуация
Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тыныс белгілері автордың ойын дәл, түсінікті, тиянақты етіп жеткізуде нақты рөл атқарады. Біз жазба тілдегі тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса айтушының көңіл күйі мен айтылмақ ойын өз дәрежесінде қабылдай алмаймыз. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация (лат. - нүкте) деп аталады.
Пунктуация
(punctum – нүкте деген латын сөзі)
Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу
негізгі қызметі
Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан-жүние өзгерістері мен ым-ишара, кідіріс арқылы берілетін
қосымша,
көмекші
қызметі
Пунктуация - жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі, Ол жазба тілдің барлық мән-мағынасын ашып түсінуге мүмкіндік береді. .
Жалпы қазақ тілінде қолданылатын тыныс белгілер төмендегідей:
-
Нүкте
|
сұрау
белгісі
|
леп белгісі
|
қос нүкте
|
көп нүкте
|
нүктелі үтір
|
үтір
|
сызықша
|
тырнақша
|
жақша
|
Мәтіннің тыныс белгілерін қою үшін үш белгіге сүйену керек. Олар: сөйлем құрылысына негізделген - грамматикалық принцип; сөйлем және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын айқындаушы мағыналық принцип және дауыс ырғағы - сөйлем интонациясы (Р.Әмір, М.Атабаева)
Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу Тыныс белгілерінің қойылуы мен қандай қызмет атқарып тұрғанын талдап айтып беріңдер.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 94-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі жағдайда, сөйлеу тілінің мақсатына орай (хабарлау, баяндау, сұрап білу, жауап алу, талап ету, екіұшты күйде қалу) әрқилы болып келеді. Осыған орай сөйлем соңына түрлі тыныс белгілері қойылады.
Сөйлем соңына қойылатын тыныс
белгілер
нүкте (.) Аман үйге келді
Сұрау белгісі (?) Айтарың осы ма?
Леп белгісі (!) Бабаларым, рахмет сендерге!
Көп нүкте (...) Дауыстар естілгендей болды...
Жаттығумен жұмыс: 101-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып,қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ:103-жаттығу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.
2-топ: 104-жаттығу. Баласағұни сөздерін пайдалана отырып, «Адами асыл қасиеттер» деген эссе жазыңдар.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Пунктуация нені қарастырады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Сөйлем ішіне қандай тыныс белгілері қойылады№
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мақал-мәтелдерді қатыстырып,тыныс белгілерін қойып, диалог құрастырып келіңдер.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы : Нүкте
Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер ,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
НҮКТЕ
Негізгі қызметі
Қосымша қызметі
1. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.
Мысалы: Ертең ел жайлауға көшеді.
Айтылар ой айқын, бірақ неден бастарын білмей дал.
Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады.
Мысалы: Ертең елге
Бет түзе.
Осыны көргім келіп
тұр.
1. Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда. Мысалы: М.О.Әуезов, С.Мұ-
қанов.
Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы: Арман. Сенбісің?!
Қайдан жүрсің?
Таеысын тағылар, тағы бас-
қалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады. Мысалы: М.О.Әуезов, Ә.Марғүлан,
Е.Мүсірепов, т.б. ойшылдарымыз осы тақырыпқа қалам тартты.
4. Жыл, ғасыр, сағат, минут
сөзі қысқартылып алынса нүкте қойылады. Мысалы: әл-Фараби (X г.), М.Қашқари (XI ғ.) сияқты ғұламалар мұралары - мақтанышымыз.
Жаттығумен жұмыс: 106-жаттығу. Қойылмаған тыныс белгілерін қойыңдар.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 107-жаттығу.
Сабақтың тақырыбы : Сұрау белгісі
Сабақтың мақсаты : білімділік – Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;
Достарыңызбен бөлісу: |