Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі



бет3/5
Дата24.04.2017
өлшемі0,83 Mb.
#14682
түріСабақ
1   2   3   4   5

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұраулы сөйлем – сұрап білу, жауап алу мақсатында жүзеге асырылатын ой. Адам үшін дүниетаным бастауы да, тіршілік үшін күрес те білуге деген құштарлықпен егіз. Сұраулы сөйлем сұрау белгісі арқылы көрініс табады.


Сұрау белгісінің қойылатын орындары



сұраулы

сөйлемдерден

кейін

қойылады


Сұраулық мәнін

көтеру үшін кейде

бірыңғай мүшенің

әрқайсысынан кейін

қойылады


Сұрау белгісі кейде сөй-

лемдегі бір сөздің мәні екіұшты боп, күман тудырғанда қойылады.

Жақшаға алынады.


Мысалы: Есен-саумысың?

Адам ба? Аң ба? Бұта ма? Көзім жетпей тұр.

Тарта берер алдыға, ұмтыла берем балаша (?)


Сұраулы сөйлем сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады


Кім? Не?

Қандай? Қай?

т.б. сұрау есімдіктері қатысуымен жасалады.


Ма, ме, ба,

бе, па, пе

сұраулық шылаулары сұрау мәнін үстейді


Шығар, болар, қайтеді сөздері баяндауыш құрамында келіп жасалады.

Баяндауыш құрамында –ғой, -ау демеулік шылаулары мен ә одағайы келіп сұрау мәні үстеледі.

Сұрау

есімдіктері

сөйлем мүшесі болады


Сұраулық шылаулар

Бейтарап

сөздер (баяндауыш құрамында)



Тіркесіп келіп баяндауыш құрамында

болады


Мысалы: Бұл кім?

Мысалы: Келді ме?

Мысалы: Келген шығар?

Мысалы: Ұнатпайсың ә?

Жаттығумен жұмыс: 110-жаттығу. Мәтінді оқи отырып,хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: 111-жаттығу. Етістіктердің түрлерін тауып,кестені толтырыңдар.

дара

күрделі

негізгі

Көмекші













Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 114-жаттығу. Қате қойылған тыныс белгілерін табыңдар.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Леп белгісі

Сабақтың мақсаты : білімділік – Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамның түрлі көңіл күйін білдіріп, жан дүниесіндегі (таңырқау, реніш, қамығу, т.б.) өзгерістерден хабардар ететін сөйлемдер – лепті сөйлемдер. Лепті сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады.


Леп белгісі



Қойылатын орындары

Көтеріңкі

дауыспен

айтылған

лепті


сөйлем-

дерден


соң қо-

йылады.



Тілек,

өтініш,


алғыс,

бұйрық,


зекіру, зіл

сазындағы

бұйрықты,

алғыс, бата

сөйлемдер-

ден кейін

қойылады.


Ұранды

және ерек-

ше мәнмен

көтеріңкі

айтылған

атаулы


сөйлем-

дерден


кейін

қойылады.




Көтеріңкі

дауыспен

айтылған

қаратпа,

одағай,

жөне


«жоқ»,

«иә»


сөздерінен

кейін



Сәлемдескенде айтылатын сұраулы

шылауы бар

сөздерден кейін,

сұрау мәнін

білдірмейтін

қандай, неткен

есімдіктері таң-

дану, қуануды

білдіріп тұрса леп

белгісі қойылады.




Қош

келдің,


ағатай!

Болды!

Тоқтат!


Бірлік

жасасын


Алақай!

Апа


Деймін!

Есенсіз бе!

Қандай ғажап!




Жаттығумен жұмыс: 117-жаттығу. Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңдер.

Шығармашылық жұмыс: Анаңның асыл қасиеттері мен оған деген ыстық сезіміңді лепті сөйлемдерді пайдалана отырып айтып шығыңдар.

Талдау жұмыстары: 118-жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді талдайды.


киімім

Үш құрамды.

Туынды сөз.

Дара

Бір лексикалық,екі грамматикалық мағына



Етістік.туынды зат есім,тәуелдік жалғауы

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 119-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Көп нүкте

Сабақтың мақсаты : а) Тыныс белгілері туралы түсінік беру, көп нүктенің жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Аяқталмай, іште қалған ойды тұспалдап көп нүкте қойылады. Көпшілік назарына ұсынылатын шығармада автордың мақсатына орай көп нүкте қойылатын тұстар болады. Жалпы көп нүкте төмендегідей жағдайларда орын алады.


Көп нүкте



Қойылатын орындары

Ой аяқталмай немесе бір ой келесі оймен байланысқа түспей шашыраңқы айтылғанда көп нүкте қойылады.

Алынған цитатаның не алды, не соңынан, өзге де мысалдарда сөйлем не сөз қалдырылған жағдайда көп нүкте қойылады.

Сөйлеушінің көңіл күй әсерінен қысылып, ойы бөлініп, дауыс ырғағында үзіліс болған жағдайда көп нүкте қойылады.

Айтылып келе жатқан ойға күтпеген алшақ жатқан ой қосылып кетсе, алдынан (абзацтан) көп нүкте қойылады.

Тарихи, ғылыми деректердің қолжазбаларында уақыт өте келе, түрлі жағдайда өшіп, жойылып кететін тұстар түсініксіз болғанда көп нүкте қойылады.

(Мәтінде кездесетін тұрпайы, анайы сөздердің орнына да көп нүкте қойылады. Мысалы: Оның… пасық екені белгілі



Сен келгенде… Ә, оны айту міндетті емес.

…Ыстық қой, шіркін, туған жер!..

Сен мені… мен… мен… сені… дос ретінде түсіне алмадым… кешір, - деді ол.

Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық.

… Жарықтық балажан еді ғой.



Оғуз қаған туралы аңыз

42

ҮІІ. Сіздерге беремін йуртум, деб деді...




Жаттығумен жұмыс: 127-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде неліктен көп нүкте қойылғанын түсіндіріңдер.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін


  1. Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?

  2. Сұрау белгісі қандай сөйлемдерден кейін қойылады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 128-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9



Сабақтың тақырыбы : Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты : а) Тыныс белгілері туралы түсінік беру, сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы




Қойылатын орындары




Сұраулы сөйлем

лептік интона-

циямен (екіұдай

сезіммен)

айтылғанда,

сұрақ басым болса, сұрау белгісі

бұрын, көңіл күй

екпіні басым болса,

леп белгісі бұрын

қойылады.




Ой

аяқталмаған

жағдайда

бірінші бөлігі сұрау

мағыналы

болса, алдымен сұрау белгісі, сосын

көп нүкте

қойылады.





Жалғаулықсыз

қарсылықты

салалас

құрмалас

құрамындағы

жай сөйлемдер

арасына үтір,

сызықша


қойылады.



Төл сөз бен автор сөзі арасына

сызықша үтірмен,

леп белгісімен

қабаттаса келуі,

сондай-ақ тырнақша мен үтір, көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілері қабаттаса қойылуы да мүмкін.


Мысалы: Осылай

боларын білдім бе

мен?!

Мына жайды байқадың ба?..

Көнгім

келмеді, -

амалым не?


«Көзіңе қарамайсың ба?!» - деп шаңқ етті.


Жаттығумен жұмыс: 129-жаттығу. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп,дауыс ырғағымен оқып көріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Өздеріңнің қатты қунаған кездеріңді еске түсіріп,сол сезімдеріңді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып, жазбаша түрде суреттеңдер.
Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерге, морфологиялық, синтаксистік талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 130-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9


Сабақтың тақырыбы : . Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты : а) Тыныс белгілері туралы түсінік беру, сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерінің жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет ететін қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер бар. Тыныс белгілер сөйлем ішіндегі осындай сөздердің мағынасын, қызметін, қолданылу себебін ерекшелей, айтылар ойдың табиғатын айқындап көрсететін қызмет атқарады.




Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады

үтір (,) Мен, Айдын, Әсем үшеуміз келдік.

қос нүкте (:) Айтарын білдім: тас-түйін боп алған

жақша () Толғауы тоқсан қызыл тіл. (Абай).

тырнақша («») «Жас келсе іске» деген сөз бар

сызықша (-) Үйде шешен, - дауда жоқ.



Жаттығумен жұмыс: 135-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңдер. Мәтіннен кестеге қажетті 3 сөзді тауып толтырыңдар.

Дара зат есім

Жалпы есім

Туынды зат есім

Көсемше тұлғалы етістік

Сабақты етістік

















Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

  2. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгісі қойылады?

  3. Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?

  4. Қабаттаса қойылатын тыныс белгісінің жасалу жолын түсіндір.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Сөйлемдер талдап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9


Сабақтың тақырыбы : Үтір

Сабақтың мақсаты : білімділік – Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Үтір - ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық, мағыналық, интонациялық принциптерін есте ұстау қажет.



Үтір



Қойылатын орындары

Бірыңғай

сөйлем


мүшелерінің

арасына


қойылады

Қаратпа

сөздерден

кейін

қойылады



Қыстырма

сөздерден

кейін

қойылады



Оңашаланған

айқындауыш

сөздерден

кейін


қойылады

Құрмалас сөй-

лемдегі жай

сөйлемдердің аражігіне

қойылады



Бұйра шашты, өткір көзді, қыр

мұрынды


жан екен.

Айым, бері қара. Мұны,

жарығым,

өзің білесің.



Сол, сірә, бұл

жайдан


бейхабар.

Бәлкім,

бұл дұрыс

та болар.


Ұстазымыздың,

Алма апайдың,

тәлімі ерекше.

Мен, осы

үйдің үлкен

қызы, мұны

жақсы білем.



Тау жақтан

самал есті,

мен өзен

суының


салқын лебін

сезінгендей

болдым,

жүрегімді

сағыныш

сезімі шым

еткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет