Сабақтың тақырыбы: 1-қыркүйек-Білім күні. Сабақтың мақсаты



бет6/14
Дата04.07.2018
өлшемі2,91 Mb.
#46435
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

10-әрекет. Бағалау.
Оқушылардың білімдерін бағалап, күнделіктеріне қою.

11-әрекет. Үй тапсырмасын беру.
1. Мәтінді оқу.

2. Мәтін бойынша диалог құру.

3. 107-бет, 5-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
12-әрекет. Рефлексия.

Саған сабақ ұнады ма? Не ұнады? Не түсініксіз болды?




Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары » диктант

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Лексикалық тақырып бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне тән дыбыстардың таңбаларын дұрыс жаза алуға машықтандыру. Көркем, сауатты жазуға баулусептік сұрақтарын пайдаланып, септеуге дағдыландыру.

  2. Тәрбиелік: Туған жерді, аялауға, қорғауға , таза ұстауға тәрбиелеу.

  3. Сабақтың түрі: өтенді қайталау.

  4. Сабақтың көрнекіліктері: диктант жинағы

Сабақтың әдістері: оқу, аудару,әңгімелеу,тапсырманы дұрыс орындау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:

1.Еңбекқор жәндікттерге нелер жатады?

2.Ара не істейді?

3.Құмырсқа қалай еңбек етеді?



III. Жаңа сабақ. «Үй жануарлары» диктант

Сөздік

Үйреткен


Көшпелі

Өнімдер


Құты

Өйткені


ірімшік
Адам баласы қолға үйреткен жануарлардың бірі-сиыр. Көшпелі тайпалар сиырларды тек еті мен терісі үшін ұстаған. Сиыр сүтінен алынатын өнімдер-дастарқанның құты мен берекесі. Өйткені сары май да, айран мен қатық та, құрт пен ірімшік те сиыр сүтінен алынады.
Грамматикалық тапсырмалар
1-нұсқа

1.Сөзді септеңдер.

А.с сиыр

І,с

Б.с

Т.с

Ж.с

Ш.с

К.с
2-нұсқа

1.Сөзді септеңдер

А.с өнім

І.с

Б.с

Т.с

Ж.с

Ш.с

К.с

тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!


4-сынып

Тақырыбы: Спортзалда

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі – балалар спортзалда немен шұғылданады туралы әңгімелеу, білімін шыңдаймыз.

2. Тәрбиелік – оқушыны спортпен айналысуға, денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпауға тәрбиелеу

3. Дамытушылық – оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б.

Сабақтың  түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың пәнаралық байланысы: Орыс тілі, тарих

Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, деңгейлеп бағалау таңбашалары т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағы. Қолдарымызды ұстап,  шеңбер жасап, мына өлең жолдарымен сабағымызды бастайық:

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап

Сабақты енді бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?

Балалар қандай ойын ойнады?

Олар жерге не сызды?

Кім жеңді?

Кім жеңілді?
ІІІ.Жаңа білім беру
Мектеп спортзалы

Спорт адамның денсаулығына қызмет етуі керек. Әр адам спортпен шұғылдануы қажет. Сондықтан біздің мектепте спортзал бар. Спортзалда дене шынықтыру сабақтары өтеді. Онда оқушылар денелерін шынықтырады, денсаулықтарын арттырады.


  1. тапсырма. Сөйлесімді жалғастырыңдар.


Серік: - Нұрлан, сен спорттың қай түрін ұнатасың?

Нұрлан: - Мен шахмат ойнауды ұнатамын.

Серік: - Шахматты ойнауды кім үйретті?

Нұрлан: - Шахмат ойнауды әкем үйретті.

-

-



-

-

-



-


  1. тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңдар.

дене шынықтыру –

мектеп спортзалы –

қызмет ету –




  1. тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар.




  1. Ойнайды, досым, менің, ойынын, футбол. 2. Ол, ойнайды, ықыласымен, бар, ойынды. 3. Досым, менің, шұғылданады, спортпен.

Үй тапсырмасы:

75 бет, 4 тапсырманы жаттау

Сау болыңдар!



5 сынып Қазақ тілі күні:18.01.16ж

Тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып  туралы  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету.

Дамытушылық:Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.Дене шынықтыру

 Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       



1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

                               3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

 II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. 

Сөздік диктант: ветер,   быстрый, движение,  уровень,  тройной.

 

Сөздік



жетекші – ведущий қарсылық – возрожение, сопротивление

қауіпті – опасный ұйымдастыру – организовать
Қыс туралы өздерің де көп білесіңдер. Өйткені, қыыыссс барлық елде ойнайды әрі қызықтайды. Өздерің де футболдан бас алмайтындарың рас. Әлем елдерінен тек АҚШ-та ғана кәсіби футбол жетекші командалық спорт түріне жатпайды екен. Бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын болып саналады.
Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Бірақ, ХІХ ғасырда ережелерімен, лигалар мен кәсіби командалармен қайта ұйымдастырылған.

Әлем кубогы жолындағы үлкен халықаралық жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

ФИФА халықаралық жетекші ұйымы 1904 жылы құрылған.
Тапсырмалар:

1. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

2. Мағынасы ұқсас сөздерді жұптастырыңдар.

1) жекпе-жек удар

2) кәсіпқой первенство

3) біріншілік нокаут

4) естен тану профессионал

5) соққы победитель

6) жеңімпаз поединок

3. Төменде берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Барлық ойыншы, танымал ойын, ұстауға болмайды, ойыншылардың саны, өткізіліп тұрады.

4. «Футбол» мәтінінің мазмұнын айтып беріңдер.

V. Сабақты қорыту: Жазылым-  4- тапсырмадағы   сөздердің  қосымшаларын  қойып    жазыңдар.

1. Мен қызықты  футбол  ойыны...  көрсем бе  деп  едім.-  Мен қызықты футбол  ойынын көрсем бе деп едім.

2. Футбол  ойыны...  билет...  қай  жерден  алуға  болады? – Футбол  ойынына  билетті қай жерден алуға  болады?

 VI. Үй тапсырмасын беру:  «Футбол» туралы әңгімелеу



VII. Бағалау

4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Алға, Қазақстан! Нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қайталау, білімдерін пысықтау.

1. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Тест және жаттығу жұмыстарын орындату арқылы сауаттылықтарын тексеру. Оқушылардың логикалық ойлау және орфографиялық қабілеттерін дамыту.

2. Оқушылардың белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмысқа баулу.

3. Үлгілі оқушы болуға, сабақты жақсы оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды, нәтиже

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Қазақша күрес қандай ойын?

  2. Арқан тартыс ойыны қалай ойналады?

  3. Қазақтың тағы басқа қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

  4. Ұлттық ойындар балаларды неге тәрбиелейді?


ІІІ. Нәтиже сабақ

1-жаттығу. Тест жұмысы.

  1. Мына сөздерге қандай қосымша жалғанады?

«Спортшы, күресші, палуан».

А) –лар, -лар, -лер,

Ә) –лар, -тар, -дер,

Б) –лар, -лер, -дар,

В) –дар, -дер, -тер

2. Сөздің дұрыс аудармасын көрсет: «палуан»

А) народ Ә) борец Б) игрок В) ученик



3. «Жеңу» сөзінің антонимін тап.

А) жеңілу Ә) тарту Б) сызу В) ойнау



4. «Спортзалда » тақырыбына байланысты сөздерді белгіле.

А) үстел, кереует, тоңазытқыш

Ә) ұлттық киім, ұлттық аспап, ұлттық ойын

Б) доп ойнау, футбол, секіртпе

В) дәптер, қалам, кітап

5. Спортзалда қандай сабақ өтеді?

А) қазақ тілі сабағы

Ә) еңбек сабағы

Б) ағылшын тілі сабағы

В) денешынықтыру.

6. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды тап:

Плауан... кілем үсті... күресе... .

А) –дар, нде, -ді

Ә) –ті, -дар, -ні

Б) –тер, -ді, -ті

В) –тар, -ті, - те

2-жаттығу. Берілген сөздерді жіктеңдер.

Спортшы, күресші, футболшы.

3-жаттығу. Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңдар.

Сызық, тартыс, арқан, ойын, доп, қарсылас, жеңімпаз, жеңіс, дене, жаттығу, палуан, қатар, топ.



4-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар.

Қазақша күрес, қарсыласты жығу, балалар, топ, жеңімпаз, сызық сызу, денсаулыққа пайдалы.



5-жаттығу. Сөздерді сәйкестендіріңдер.

  1. Кілем үстінде тартыс

  2. Палуандар тұру

  3. Арқан күреседі

  4. Екі ұшынан болу

  5. Қол ұстасып күресі

  6. Жеңімпаз ұстау

ІV.Сабақты қорыту: оқушылардың білімдерін бағалап, күнделіктеріне қою.

V. Үйге тапсырма: 1) Өткен грамматиканы қайталау.

VІ. Рефлексия: сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?
Нәтиже сабақ

1-жаттығу. Тест жұмысы.

1. Мына сөздерге қандай қосымша жалғанады?

«Спортшы, күресші, палуан».

А) –лар, -лар, -лер,

Ә) –лар, -тар, -дер,

Б) –лар, -лер, -дар,

В) –дар, -дер, -тер


2. «Палуан» сөзінің дұрыс аудармасын көрсет.

А) народ Ә) борец Б) игрок В) ученик


3. «Жеңу» сөзінің антонимін тап.

А) жеңілу Ә) тарту Б) сызу В) ойнау


4. «Спортзалда » тақырыбына байланысты сөздерді белгіле.

А) үстел, кереует, тоңазытқыш

Ә) ұлттық киім, ұлттық аспап, ұлттық ойын

Б) доп ойнау, футбол, секіртпе

В) дәптер, қалам, кітап
5. Спортзалда қандай сабақ өтеді?

А) қазақ тілі сабағы

Ә) еңбек сабағы

Б) ағылшын тілі сабағы

В) денешынықтыру.
6. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды тап:

Плауан... кілем үсті... күресе... .

А) –дар, нде, -ді

Ә) –ті, -дар, -ні

Б) –тер, -ді, -ті

В) –тар, -ті, - те
2-жаттығу. Берілген сөздерді жіктеңдер.

Спортшы, күресші, футболшы.
3-жаттығу. Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңдар.

Сызық, тартыс, арқан, ойын, доп, қарсылас, жеңімпаз, жеңіс, дене, жаттығу, палуан, қатар, топ.


4-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар.

Қазақша күрес, қарсыласты жығу, балалар, топ, жеңімпаз, сызық сызу, денсаулыққа пайдалы.


5-жаттығу. Сөздерді сәйкестендіріңдер.

Кілем үстінде тартыс

Палуандар тұру

Арқан күреседі

Екі ұшынан болу

Қол ұстасып күресі



Жеңімпаз ұстау

4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдармен таныстыру, олар туралы қысқаша мәлімет беру, білімдерін молайту.
Білімділік мақсаты: сұраулық шылауларды, сан есімдерді және сын есімдерді қайталау, мысалдар арқылы дұрыс жазылуын меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: жаңа сөздер арқылы ойлау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамыту, тақырып бойынша өзара сөйлесуге машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: жануарларға қамқор болу, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, жаттығулар жұмысы, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін бақылау. Кезекшімен әңгімелесу. Сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жолбарыс, піл туралы әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беріңдер? 179, 183 бет
- Бұл қандай аңдар?
- Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
- Неге оларды жабайы аңдар дейміз?
- Балалар, біз жабайы аңдарды қайдан көруімізге болады?
- Дұрыс, хайуанаттар бағында. Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а) Жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін мұғалім өзі оқып береді.
ә) Оқушылар мұғалім соңынан тізбектей, сосын жекелей қайталап айтып жаттығады.
б) Жазылуын меңгеру үшін сөздік дәптерге жазып алады.
в) Лексикалық мағынасын меңгеру үшін сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
2. Сыныпты топқа бөлу. Топтық жұмыс. Әр топ мәтін бойынша жұмыс істейді.
1 - топ " Жүйріктер", 2 - топ " Мықтылар", 3 - топ" Батылдылар".
*Біздің сынып оқушылары хайуанаттар бағына саяхатқа шықты. Олар қандай аңдарды көрді? Оларды қандай аңдар қызықтырды?
1. Әр топ сынып оқушыларын өз топтарына берілген аңдарымен, жануарларымен таныстырады. ( Аңдар туралы презентация көрсету)
2. Мәтін бойынша диалог құрастыру, өзара сөйлесу.
3. Сұрақтарға жауап беру.
- Балалар, сонымен түйе қандай жануарларға жатады?
- Түйе қандай? Мықты, төзімді, шыдамды.
- Түйе неше күн су ішпей жүре алады?
- Түйе неше литр су ішеді?
- Түйе неше центнер жүк көтере алады?
- Ал, аю мен керік қандай аңдарға жатады?
- Аю қандай? Ақ, қара, қоңыр, үлкен, мықты.
- Аю қайда мекендейді?
- Оның салмағы неше тонна?
- Аю неше жыл өмір сүреді?
- Керік қандай? Ең биік, жүйрік.
- Бойы неше метр?
- Ол сағатына неше километр жүгіреді?
- Керік неше жыл өмір сүреді?
3. Жаттығулар жұмысы. Жазылым.
а) Сандарды сөйлет, сөйлемдер құрастырып жаз.
200 литр, 40 - 50 жыл, 6 метр.
ә) Сұраулық шылауларды тіркеп жаз.
Ауыр...? биік...? аю...? ұзын...? керік...? ыстық...? піл...? жолбарыс...?
б) Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
... - жабайы аң.
... - қорқақ аң.
... - жыртқыш аң.
... - айлакер аң.
4." Мен бүгін сыныптастарыммен хайуанаттар бағына бардым " сурет бойынша монолог құрастыру.
ІҮ. Сабақты бекіту. Қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін хайуанаттар бағына саяхат жасадық. Қандай жаңа аңдармен таныстыңдар? Сендерге не ұнады? Қандай жаңа білім алдыңдар?
- Біздің қалада жабайы аңдарды қайдан көруге болады? Сендер биологиялық орталықта болдыңдар ма? Онда қандай аңдар бар? Оларды кімдер күтеді? Сендер оларға қандай көмек көрсетесіңдер? ( Презентация көрсету)
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Бір аң туралы әңгімелеп, суретін салып келу.


4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары жайлы білуге, жаңа тақырып аясында сөйлесім құрып, сұхбаттаса алуға үйрету.

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Үй жануарлары туралы ұғымдарын кеңейту, жаңа сөздерді меңгерту, сөз тіркестерін құру, сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне, сөйлемдер құрастыруда, диалог арқылы өзара сөйлесуде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға үйрету, жағдаят туғызу арқылы дұрыс сөйлеуге, өз ойын жинақты түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Өткен сабақтар бойынша игерген білімдерін еске түсіру, жинақтау. Берілген сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыру, тәуелдік жалғауын дұрыс жалғау сияқты грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету. Лексикалық тақырып бойынша өз сөздерімен айта алу мүмкіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс,

әңгімелесу.



Сабақтың көрнекілігі: Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, түрлі-түсті стикерлер, бояулар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу.

Көңіл-күй парағын белгілеу.

Сыныпты топқа бөлу.



1-әрекет. Қызығушылықты ояту.

Сыныптың психологиялық ахуал тудыру үшін «Тілек ағашына» бүгінгі сабаққа арнаған тілектерін жаздыртып ілдіремін. Оқушылар өздерінің тілектерін стикерлерге жазып тақтаға іледі.


2-әрекет. Топқа бөлу.

Оқушыларды үшке дейін сандарды таңдату арқылы топқа бөліп, көшбасшы сайлап, бағалау парақтарын таратамын. Оқушылар қай топта болатынын анықтап, бөлініп отырады.


3-әрекет. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген диалогтарын ауызша сұрап, өткен сабақты қорыту мақсатында төмендегідей сұрақтарды беремін.



Сұрақтар:

  1. Жануарлар нешеге бөлінеді?

  2. Үй жануарлары адамға қандай пайда әкеледі?

  3. Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?

  4. Жабайы аңдарды адамдар бағады ма?


4-әрекет. Ой қозғау.

  • Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар?деп оқушылардан бүгінгі сабақтың не туралы болатынын сұрап, мақсатын түсіндіремін.


5-әрекет. Мағынаны тану.

А) Жаңа сөздерді оқу, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Ә) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру.

Б) Мәтінді оқу, аудару.


6-әрекет. Айтылым. Сөйлесім.

  1. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесін пайдалана отырып, мәтінді әңгімелету.



  1. Содан соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне қояды, жауаптарын тыңдайды.


7-әрекет. Сергіту сәті.

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіну. Мал төлдерін қалай атайды?


8-әрекет. Диалог құру.

Мәтін бойынша өз диалогтарын құрастырып сөйлеседі.


9-әрекет. Жазылым.

1-топ. Мәтіннен сөздерді теріп жазып, септік түрлеріне ажырату.

2-топ. «Қозы, құлын,бота» сөздерін тәуелдеу.

3-топ. Берілген сөздерді көпше түрде жазыңдар: жануар, түйе, сиыр, қой, жылқы, қозы, бота, құлын, халық, адам, ешкі, лақ.
10-әрекет. Сабақты бекіту.


11-әрекет. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парақшасына қойылған бағаларын қорытындылап, журналға қоямын.


12-әрекет. Үйге тапсырма:

1) Жаңа сөздерді жаттау.

2) Мәтінді оқу, мазмұнын қысқаша айту.

3) 108-бет, 3-жаттығу. Өлеңді жаттау.



13-әрекет. Рефлексия.

Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?



1-топ. Мәтіннен сөздерді теріп жазып, септік түрлеріне ажырату.


Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес





















2-топ. «Қозы, құлын, бота» сөздерін тәуелдеу.

Жекеше

І. Менің

ІІ. Сенің

ІІ. Сіздің

ІІІ. Оның
Көпше

І. Біздің

ІІ. Сендердің

ІІ. Сіздердің

ІІІ. Олардың

3-топ. Берілген сөздерді көпше түрде жазыңдар.

Жануар +

Түйе +

Сиыр +

Қой +

Жылқы +

Қозы +

Бота +

Құлын +

Халық +

Адам +

Ешкі +

Лақ +
1 - сыныптар. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мен асхананы білемін

Сабақтың мақсаты: Сурет бойынша әңгімелей білуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге, азық-түліктердің қазақша атауларын дұрыс меңгеруге және күнделікті өмірде қолдана алуға үйрету. Төл дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттықтыру.

1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, сол сөздермен сөз тіркестерін құру және оқушылармен сұхбаттасу, диалог арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сұрақтарға дұрыс, тиянақты жауап беруге жетелеу. Сөзжұмбақты шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жазу дәптері бойынша жұмыс жасау, сауаттылыққа үйрету.

2. Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, сөздік қорларын байыту. Сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, ойын

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы сұрап, пысықтап, қорытамын.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Суретке қараңдар, сөйлесіңдер.

106-бет, 2-тапсырмада берілген суретке қараңдар, тыңдаңдар, қайталаңдар (оқулықтағы сурет және қосымша суреттер бойынша оқушыларға азық-түліктердің атауларын меңгерту, оқыту, қайталату). Үлгі бойынша сөйлесу.



2. Айтылым.

3-тапсырма. Толықтырып айтыңдар.



Мысалы: Мен көжені жақсы көремін. Мен бауырсақты жақсы көремін.

3. Сөйлесім.

1. Оқушылар бір-бірінен нені жақсы көретіні жайлы сөйлеседі.



Мысалы. – Сен нені жақсы көресің?

  • Мен палауды жақсы көремін.

2. Асханадан қандай тағам алатыны жайлы сөйлесу.

Мысалы: - Сен асханадан не аласың?



4. Жазылым.

Жазу дәптерінің 11-16 беттері.



IV. Сабақты бекіту:

Оқулықтағы 171-беттегі «Мен не үйрендім?» тарауында берілген сөздерді оқу, пысықтау.



V. Үйге тапсырма: 1. 106-107 беттер. Оқу, қайталау.

2. Жазу дәптері, 14-бет.



Рефлексия: Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін не білдіңдер, не үйрендіңдер?

4 - сыныптар. Қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Еңбекқор жәндіктер

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу, жаңа тақырып аясында сөйлесім құрып, сұхбаттаса алуға үйрету.

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Жәндіктер туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне, сөйлемдер құрастыруда, диалог арқылы өзара сөйлесуде сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға үйрету, жағдаят туғызу арқылы дұрыс сөйлеуге, өз ойын жинақты түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Өткен сабақтар бойынша игерген білімдерін еске түсіру, жинақтау. Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету. Лексикалық тақырып бойынша өз сөздерімен айта алу мүмкіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Көңіл-күй парағы, бағалау парағы, стикерлер, бояулар (маркерлер).

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу.

Көңіл-күй парағын белгілеу.

Сыныпты топқа бөлу.



1-әрекет. Қызығушылықты ояту.

Сыныптың психологиялық ахуал тудыру үшін «Менің көңі күйім» жаттығуын орындатамын. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне қарай смайликтерді таңдап тақтаға іледі.



2-әрекет. Топқа бөлу.

Нөмірлер жазылған парақшларды таңдату арқылы топқа бөліп, көшбасшы сайлап, бағалау парақтарын таратамын. Оқушылар жабық тұрған парақшаларды таңдап алып, топқа бөлініп отырады.



3-әрекет. Үй тапсырмасын пысықтау.

Сұрақтар:

  1. Қандай жануарларды білесіңдер?

  2. Қандай жәндіктер бар?

  3. Қандай жәндіктер адамға пайда әкеледі?

  4. Қай жәндік тікұшаққа ұқсайды?


4-әрекет. Ой қозғау.

  • Балалар, ара балды қалай жинайды? Не істейді? Қалай ойлайсыңдар, олар еңбекқор ма? Тағы басқа қандай еңбекқор жәндіктерді білесіңдер? – дей отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын.

5-әрекет. Мағынаны тану.

А) Жаңа сөздерді оқып, аудару, жазылуы мен айтылуын меңгерту.

Ә) Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Б) Мәтінді оқу, аудару.



6-әрекет. Сөйлесім.

  1. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне қояды, жауаптарын тыңдайды.

  2. Мәтінді рөлге бөліп оқиды.

  3. Мәтін бойынша диалог құрастырып сөйлеседі.

7-әрекет. Кластермен жұмыс. Олар қандай жәндіктер және қалай еңбетенеді?

1-топ. Ара.

2-топ. Құмырсқа.

3-топ. Өрмекші.



8-әрекет. Оқылым.

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.



9-әрекет. Жазылым.

1-топ. Лексикалық тестті орындау.

1

ерте

арыстан

қоян

түлкі

2

азық жинайды

бал жинайды

тор тоқиды

ойнайды

3

құмырсқа

піл

өрмекші

ара

4

ұшады

қонады

жүгіреді

еңбектенеді


2-топ. Сәйкестендіріңдер.


1. Құмырсқа


А) тор тоқиды

2. Ара


Ә) гүлдерден бал жинайды

3. Өрмекші


Б) пырылдап ұшады

4. Инелік


В) илеуіне қорек тасиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет