Сабақтың басы
( 5минут )
( 2 минут )
( 3 минут )
|
І.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Қане оқушылар бір – бірімізбен әр тілде сәлемдесейік: Сәлем Лаура -
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
«Ой шақыру». Мына ұғымдарға сипаттама бер :
Моногенизм, полигенизм, табиғи өсу, механикалық өсу, демографиялық саясат
«Миға шабуыл»
1.Ең алғашқы адамдар қашан, қай жерде пайда болды? ( 5 млн жыл бұрын Шығыс африкада )
2.Халық санағы не үшін жүргізілді? Қазақстанда халық санағы қашан жүргізілді? ( Халық саны туралы нақты ақпарат алу үшін. 2009 жылы )
3.Алғашқы санақтар Азия елдерінде қай кезде дерлік жүргізілді? (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін )
4. Халық санының күрт өсуін демографиялық жарылыс дейміз бе? ( иә )
5.Не себептен халық саны артып және кеміп отырды? ( түрлі жұқпалы аурулар, соғыс, ашарлық әсерінен кемиді. демографиялық жарылыс, механикалық өсім әсерінен өседі )
6. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы әсер етуші себептер? ( елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі әсер етеді)
7. Қазақстанда демографиялық саясатты қай бағытта жүргізген тиімді?
8. Халықтың ұдайы өсуінің типтері: ( табиғи өсім мен механикалық өсім )
9.Антропология дегеніміз не? ( адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым )
|
Әр елдің «сәлем» сөзіне баламалары
Интербелсенді тақта
Мадақтау, ашық журналға бағаларын қойып отыру
|