Сабақтың тақырыбы: №47 Жергілікті желі.Ғаламдық желі Педагог



бет2/3
Дата09.12.2023
өлшемі22,61 Kb.
#195989
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
47 кмж 48 сагат

100 баллдық жүйемен бағаланады.

Бағалау парағы





Қосымша ақпарат: интернет көзі

Саралау.
Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті білім алушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Саралап оқыту әр білім алушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім алуына жағдай жасауға, саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өз сабағымда: қарым-қатынас формалары бойынша, диалог бойынша, мәтін бойынша, тапсырма бойынша, нәтиже, жауап бойынша, жеке студентке қолдау көрсету арқылы саралаудың түрлерін қолдандым. Аталған саралау түрлеріне ұжымдық, жекелей, жұптық, топтық жұмыс түрлері бойынша әр баланың қабілетіне қарай жеңілден күрделі тапсырма беру арқылы жекебасының дамуына, білімді өз ізденістері арқылы алуына негіздедім.



Бағалау.
Сіз білім алушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау критерийлері арқылы тапсырманы деңгейлі тапсырмаларға негіздеп құрастырдым. Тапсырма білім алушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейіне сай жасалған. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталғандықтан, балл жүйесін қолдандым.


Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, білім алушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төмендегі әдіс-тәсілдерді: «Мұғалімнің бағалауы». Сұрақтар бойынша не қиын болды? Сұрақтар сіздер үшін жеңіл ме күрделі ме?, «Мадақтау сөз» әдісі. («Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Керемет жауап!»), «Белсенділік танытып, сұрақтарға жылдам жауап берген білім алушыларды («Ең жылдам», «Өте белсенді», «Жүйрік», «Шапшаң» деген мадақтама сөздермен) мұғалімнің бағалауы әдісі, «Көршіме айтайын» әдісі. (Жазғанын көршісімен бөліседі. Бір-бірін бағалауы әдісі), Мұғалімнің «Бағалау критерийлері» арқылы бағалау әдісі, «Топтық өзара бағалау» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін қолдандым.
Білім алушылар бұл әдіс-тәсілдерде ұжымдық бағалау, бір-бірін бағалау арқылы өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, жұбын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді, білімдерін қадағалап, түзетулер енгізуіне ықпал етеді, сыни және шығармашылық ойлаулары дамиды, өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту сенімі нығаяды.
Сабақтың соңында «Шығу парағы» тәсілі бойынша білім алушылар өз ойларын айтады. Яғни, сабақ үдерісінде өзіне не түсінікті болды, не түсініксіз немесе не үйренгенін, қандай жаңа сөздер білгенін және бүгінгі мәтіндегі ақпараттар еліміздегі басты мәселе ме? дегенге өз ойларын айтып, кері байланыс жасайды. Бұдан өзім қорытынды шығарып, білім алушының сабақтағы белсенділігі мен меңгеру деңгейін анықтаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет