Сабақтың тақырыбы Адамның бет әлпеті мен көңіл күйі



бет26/35
Дата21.04.2023
өлшемі132,68 Kb.
#175112
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
көркем еңбек қмж атамұра

Сабақтың мақсаты

Ұлттық ою-өрнектермен танысады.
Оларды табиғаттағы мысалдармен салыстырады. Ұлттық ою-өрнек құрастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру сәті Өніп еккен дәніміз, Бүршік жарды бағымыз. Сәскеде – жаз,
Түнде – қыс
Секілді екен наурыз.

Төлдеп жатыр малымыз, Қазан толы сары уыз.


Сүті көп те, Көмірі аз
Болады ғой наурыз.

Жайдарымыз бәріміз, Дастарқанда дәміміз. Көжесі көп,


Қыры көк,
Қандай жақсы наурыз!
Қ. Баянбай

Тақпақты мұқият тыңдайды.

Бағалау критерийі: ою- өрнектің не екенін біледі; қағаздан ою оюды үйренеді.

Оқулық, 84–85- беттер.
2-сыныпқа арналған CD-диск.

Ортасы

Жаңа ұғымды түсіндіру
Өрнек – бұйымның бетіне түсірілетін нақыш. Өрнек нақыштары қайталанып, алмасып отырады.
Мұғалім өткен сабақта қазақ ұлттық оюларында әртүрлі өрнектердің бар екеніне көз жеткізгендерін айтады. Оюдың өрнектен қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріп өтуге болады. Өрнекте нақыштар белгілі бір қашықтықта қайталанып отырады. Ал оюда ол міндет емес. Өрнек қандай нақышпен басталса, сол нақышпен аяқталады. Одан әрі мұғалім өрнек түрлеріне тоқталады, яғни жолақты, шеңбер және шаршы ішіндегі өрнек түрлері бар. Оқушыларға жолақты өрнек құрастыруды ұсынады. Геометриялық пішіндерден өрнек құрастыру оңай. Балалар әлі геометрияның не екенін білмейтіндіктен, геометриялық пішіндерге нелер жататынын айта кеткені жөн. Сонда балалар шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш, сопақша және ромб геометриялық пішін деп аталатынын біледі. Міне, бұл пішіндерден өрнек құрастру қиын емес. Оны алдын ала дайындап қойған пішіндермен тақтада көрсетуге болады. Өрнек бір пішіннен басталып, сол пішінмен аяқталғанын қадағалау керек. Сондай-ақ пішіндердің арақашықтығы да бірдей, пішіндер бір түсті және бірдей өлшемді болғаны дұрыс.


Шығармашылық жұмыс
Ұлттық ою-өрнек құрастырамыз
Оюдың жасалу реті:

  1. Түрлі түсті қағазды екіге бүкте.

  2. Бүктелген тұсына «қошқармүйіз» оюының жартысының суретін сал. Оны қиып ал. Бүктеуін ашсаң, тұтас ою шығады.

  3. Өрнектерді түрлі түсті төртбұрышты қатырғықағазға орналастыр. Ұсақ пішіндермен толықтыр.

  4. Өрнектің барлық бөлігін қатырғықағазға желімде.

  5. Ою-өрнек дайын.

Мұғалімді мұқият тыңдап, әңгімеге қатысады.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.

(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет