Басы
|
Ұйымдастыру сәті
Балалар, сендер көркемсурет мұражайына барып көрдіңдер ме? Бәлкім теледидардан не ғаламтордан көрген боларсыңдар? Мұражай қабырғаларына не іледі? Естеріңе түсіріңдерші.
Қызығушылықты ояту
Мұғалім оқушылардың назарын әйгілі суретшілердің портреттеріне аударады.
Бұл картиналар қалай аталатынын білесіңдер ме?
Сабақтың тақырыбын түсіндіру Автопортрет саламыз Сабақтың мақсаттарын анықтау
Оқушылармен бірге портрет салу барысында не нәрсеге назар аудару керек екенін шешіп алу (композициясына, сурет, нақты бір адамға тән әсерлі сызықтар мен пішіндерге, мимикасына, түс үйлесіміне, портрет салуға болатын тәсілге).
Меңгергендері бойынша ерекше портрет салуға көмектесу.
|
Өз ойларын ортаға салады.
|
Бағалау критерийі: портрет пен автопортреттің не екенін біледі; портрет түрлерін ажырата алады; жылы және суық түсті бояулармен портрет сала алады.
|
Әр дәуір мен елдегі әйгілі суретшілердің көңіл күйлері алуан түрлі, түс үйлесімі әртүрлі портреттері. Түрлі түсті үлестірме қағаздар. Түсті фломастерлер немесе түсті қарындаштар, түрлі түсті балауыз борлар.
2-сыныпқа арналған CD- диск.
|
Ортасы
|
Жаңа ұғымдарды түсіндіру Сабақтың тақырыбын түсіндіру
Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі. Мұғалім оқушылардың назарын портреттің қандай болатынына аударады. Портреттер әр алуан материалдардан жасалады. Оқушылар оқулықтың 14–15-беттеріндегі портреттерге қарап, оларды талдайды. Мұғалім әйгілі суретшілердің автопортреттері мен портреттерінен вернисаж әзірлей алады, олардың
бір-екеуінің бет пішіні, мимикасы, көркем құралдардың әсерлілігіне зейін қояды.
|
Мұғалімнің сұрағына жауап береді.
|
(ҚБ) Бас бармақ.
Дескриптор:
бояуларды қолданады;
адамның көңіл күйін бейнелейді;
бояуларды ұқыпты пайдалана алады.
|
Оқулық, 14–15-беттер.
Альбом, қарындаш, бояулар.
Оқулық, 16–17-беттер.
|