Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, аңдардың және олардың төлдерінің суреттері.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ- жауап. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау:
-Балалар , біздер 2 тоқсаннан бері жануарлар дүниесімен таныстыру. Олай болса, айта қояйықшы жануарлар дүниесі қандай түрлерге бөлінеді?
сүтқоректілер жорғалаушылар аңдар, малдар
Құстар бунақденелілер
үй жабайы балықтар құстары құстар -Біз енді балалар үйге берілген тапсырма бойынша әңгіме кестесін құрайық.
1. Жануарлардың бұл түрлері неге бунақденелілер деп аталған?
- Өйткені бұл жәндіктер өте ұсақ болғандықтан және денелері бунақталып келетіндіктен бунақденелері деп аталады?
- Бунақденелер қыста қалай қыста шығады? Қалай көбейеді?
Бунақденелері қыста топырақтың арасына тығылып немесе жапыраққа оранып қыстап шығады. Көктемде жұмыртқа салады, жұмыртқадан дернәсіл шығады№
Олар қандай болады? (Зиянды, зиянсыз)
Зиянсыз түрлерін кім атайды?
Зиянды түрлерін кім атайды?
Үйге берілген екінші тапсырма кім осы жәндіктердің қай түрінің суретін салып келді? (тексеру)