Топтық жұмыс
Постер қорғау
Постер қорғау барысында қажетті ақпараттарды айта отырып, түртіп алуға кеңес беремін.
Дискриптор
- Атмосфералық қысымның не екенін анықтайды.
- Атмосфералық қысымның биіктік бойынша өзгерісін дәлелдейді.
- Атмосфералық қысымды өлшейді.
- Атмосфералық қысымды күнделікті бақылауға болатынын біледі.
Сергіту сәті,"Зейінді дамыту "суреті.
Сабақтың соңы:
«Есепке қара,ойыңды ортаға сал» еркін микрафон оқушыларға логикалық есептер беру барысында сыни ойлау арқылы өз ойларын жинақтату
Кері байланыс парақтарын оқушыларға беремін.Тақырыпқа байланысты оқушылар кері байланыс парағын жазып шығады.
- Сендердің тұратын жерлеріңнің теңіз деңгейіене биіктігі 2000м. Сол биіктіктегі атмосфералық қысымды анықтаңдар.
- Ұшқыш 2 км биіктікке көтеріледі.Егер жер бетінде 750 мм болса, жоғарыдағы қысым қанша болады?
- Таудың етегінде 765 мм, төбесінде 720 мм, болса, онда оның биіктігі қанша?
- Биіктігі 3,5 болатын таудың басында барометр 720 мм с.б көрсетті . Етегіндегі қысым қандай.
- Шахтаның тереңдігі 200 м, жер бетіндегі ауаның қысымы 752 мм, Шахтаның ішіндегі қысым қандай?
- Шахтаның түбінде барометр 780 мм с.б қысымды көрсетті, жер бетінде осы кезде 760 мм с.б қысым бар еді. Шахтаның тереңдігі қанша?
Достарыңызбен бөлісу: |