Күні:
|
Пәні: Химия сабақ
|
Сыныбы: 8
|
|
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
|
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Химия өндірісіндегі кейбір экологиялық мәселелер. Судың ластану себептері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Қазақстанның экологиялық проблемалары , олардың туындау себептері туралы мағлұмат бере отырып ,топтық жұмыснегізінде сыни қөзқарастар қалыптастыру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.4.2.11 судың ластану қауіптері мен себептерін білу
8.4.2.12 «кермек су» түсінігін және оны жою тәсілдерін білу
|
Табыс критерийі:
|
Экологиялық проблемалар туралы жалпы мағлұмат алады; экологиялық проблемалардың туындау себебін түсіне алады; проблемаларды шешу жолдарын тауып ұсына алады;
Ауаның құрамын анықтауға жүргізілген тәжірибемен танысады.
Қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтау, қазіргі кездегі экологиялық проблемалық тұрғысында ой қозғайды және қоршаған орта мен адам арасындағы байланысты, оны қорғау маңыздылын сезінеді.
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Ауаның құрамы әртүрлі газдар қоспасынан тұратынын және ластанудан қорғау қажеттігін түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі:
Химия кешенінің құрылымын, ерекшелігін, орналасу факторларын, басқа салалармен байланысын, шикізат базасының ауқымдығын анықтау.
Кейбір оқушылар:
Функция туралы үйренеді
|
Тілдік мақсаттар
|
Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан
Терминдермен жұмыс
1.Кокс
2.Флотация
3.Отын-энергетикалық баланс
4.Кластер
5.Өзіндік құн
6.Клинкер
|
Құндылықтар
|
Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады.
Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық
Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік
|
Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу
|
Бейнебаяндағы байланыс туралы сөйлесу.
|
АКТ дағдысынқолдану
|
Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.
|
Пәнаралықбайланыс
|
География
|
Алдыңғыбілім
|
ТБ2
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
(5 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт,қуаныш,шаттық деген сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді
|
1интернет желісі
оқулықтар
|
Сабақтың басы(2-5 минут)
|
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.
«Ой шақыру» . Өткен тақырыпты еске түсіру.
Әр топқа сипаттама беру.
Сұрақтар:
1.Адам экологиясы қай кезден бастап зерттеле бастады ?
2.Қазақстанның қай жерінде радиоактивті ластану байқалады ?
3.Экологиялық нашар аудандарға қандай шаруашылық түрі дамыған жерлер кіреді ?
4.Экологиялық проблемаларды шешуге бола ма?
Шығармашылық топ.»
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасайды.
1.Экологиялық проблема деген не?
2.Экологиялық проблемалардың туындауына қандай
Алдымен әр оқушы, содан кейін топтан ортақ «Экология» сөзінің анықтамасын береді.
|
Интерактивті тақта
2.Слайдта тұрған формула-ларды сәйкестендіреді.
|
Сабақтың ортасы (6-40 минут
|
Химия өнеркәсібі – ауыр индустрия саласы. Бұл құрылыстың,өнеркәсіптің шикізат базасын кеңейтіп,ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді.Химия өнеркәсібі кәсіпорындары дәрі-дәрмек, өсімдік шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар,зиянкестерге қарсы және ағын суды заласыздандыратын заттар шығарады.Химия өнеркәсібінің байланыстары кеңауқымды.
Химия өнеркәсібінің салалық құрамы
І топ
Кен химиясы немен айналысады?
Шикізаттар қайда өндіріледі?
ІІ топ
1.Негізгі химияның төрт тағаны деген не?
2.Күкірт қышқылы не үші н қажет?
3. Күкірт қышқылы қайда қолданылады
ІІІ топ
1.Қышқыл алу үшін не қажет?
2. Күкірт қышқылын қай жерде шығарады?
3. Картадан көрсету.
ІV топ
1.Хром қосылыстары не үшін қажет? Шикізаты не?
2.Хром қосылыстары зауыты қай қалада?
3.Тыңайтқыштар не үшін қажет және қай жерлерде шығарылады картадан көрсет.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42%-дай болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
химиялық заттар және тыңайтқыштар;
тұрмыстық қалдықтар;
жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
ірі құрылыс учаскелері;
күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.
Венн диаграммасын толтыру.
1.Ауылдағы бір көшені таңдап алып, оның экологиялық жағдайына баға беру.
2.Экологиялық жағдайды бұзып жатқан жағдай болса, ол кімнің әрекеті екендігін анықтау.
3.Жайық өзенінің экологиялық жағдайына баға беру.
Экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарды салыстыру.
Өтілген тақырыптарға шолу сұрақтары:
Оттегі табиғатта қалай таралған?
Оттегінің физикалық қасиеттері
Оттегін алу
Оттегінің химиялық қасиеттері
Оттегі қайда қолданылады?
Жану реакциялары дегеніміз не?
Оксидтер дегеніміз не?
Озонның қасиеттері
Аллотропия дегеніміз не?
Озон қалай түзіледі?
Озон қабатының маңызы қандай?
|
Оқулықтар
|
Сабақтың соңы( 41-45мин)
|
Деңгейлік тапсырмалар орындау. (А, В, С)
А деңгейі.
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
2.Республикамыздың аудандары экологиялық жағынан қалай бөлінеді?
В деңгейі.
1.Экологиялық жағдайдың өзгеруіне әсер еткен факторларды ата.
2.Картадан экологиялық жағынан қолайлы және қолайсыз аудандарды анықтап жазып ал.
С деңгейі.
1.Экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарды салыстыру, әрқайсысына тән ерекшелігін атау.
2.Өзіміз тұратын ауданда экологиялық проблема бар ма? Қандай?
|
|
Бағалау
2 минут
Үй тапсырмасы
|
1. Бағалау «Бағдаршам әдісі» бойынша қызыл «5», сары «4», жасыл «3».
2. «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалау.
Өзін-өзі бағалау.
Мұғалім кері байланыс береді
Рефлексия «Таңдау» әдісі.
1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта ... үйрендім.
3. Мен басқаларды ... тыңдадым.
4. Мен сабақта ... орындай алдым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Қорытындылау
|
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.
|