Басы
|
Бой сергіту жаттығулары.
Жүру түрлері:
Кәдімгі жүріс (походная ходьба)
Аяқтың ұшымен жүру
Өкшемен жүру
Аяқтың ішкі қырымен жүру
Аяқтың сыртқы қырымен жүру
Спорттық жүріс
Жүгіру түрлері:
Кәдімгі , бірқалыпты жүгіріс
Тіркеме адыммен оң , сол жақпен
Аяқты айқастырып оң, сол жақпен
Теріс қарап жүгіру
Оң және сол иыққа вертикаль осьтің бойымен
айналып жүгіру
Тізені жоғары көтеріп жүгіру
Балтырды артқа сермеп жүгіру
Түзу аяқты алға және артқа сермеп жүгіру
Барлық жылдамдықпен жүгіру
Баяу жылдамдықпен жүгіру
Демді қалпына келтіру
Жалпы дамыту жаттығулары:
1) Б.Қ. – негізгі тұрыс
С-қ. 1 – екі қолды жоғары көтеріп , оң аяқты артқа беріп ұшына қойып керілу
С-қ. 2 – бастапқы қалып
С-қ. 3 - екі қолды жоғары көтеріп , сол аяқты артқа беріп ұшына қойып керілу
С-қ. 4 – бастапқы қалып
2) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол белде
С-қ. 1 – 4 – басты оңға қарай айналдыру
С-қ. 5 – 8 – басты солға қарай айналдыру
3) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол бүгілген кеуде тұста
С-қ. 1 – 2 – бүгілген қолдарды артқа сермеу
С-қ. 3 – 4 – қолды жазып денені оңға бұрып артқа сермеу
С-қ. 5 – 6 – бүгілген қолдарды артқа сермеу
С-қ. 7 – 8 – қолды жазып денені солға бұрып артқа сермеу
4) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол белде
С-қ. 1 – 4 – денені оңға қарай айналдыру
С-қ. 5 – 8 – денені солға қарай айналдыру
Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол белде
С-қ. 1 – 4 – белді оңға қарай айналдыру
С-қ. 5 – 8 – белді солға қарай айналдыру
5) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде
С-қ. 1- қолдарымызды жоғары көтеріп керілу
С-қ. 2- алға иіліп қолды аяқтың ұшына тигізу
С-қ. 3- отыру
С-қ. 4 – Б.Қ.
6) Б.Қ. – негізгі тұрыс
С-қ. 1- жүрелей отыру
С-қ. 2- қолды тіреп етпеттей жату
С-қ. 3- жүрелей отыру
С-қ. 4 – Б.Қ.
7) Б.Қ. – аяқты алшақ қойып, алға еңкею
С-қ. 1-4- Денені оңға , солға бұрып қолды аяқтың ұшына тигізу («Диірмен» жаттығуы)
8) Б.Қ. – негізгі тұрыс, қолды алға созып ұстау
С-қ. 1- оң аяқты түзу алға сермеу
С-қ. 2- Б.Қ.
С-қ. 3- сол аяқты түзу алға сермеу
С-қ. 4 – Б.Қ.
9) Б.Қ. – аяқты алшақ қоямыз
С-қ. 1- оң аяққа отырып сол аяқты түзу созу
С-қ. 2- Б.Қ.
С-қ. 3- сол аяққа отырып оң аяқты түзу созу
С-қ. 4 – Б.Қ.
10) Б.Қ. – негізгі тұрыс , қолды алға созамыз
С-қ. 1 – 4 – оң аяқтың тобық буындарын және білезік буындарды ішке , сыртқа айналдыру
С-қ. 5 – 8 – сол аяқтың тобық буындарын және білезік буындарды ішке , сыртқа айналдыру
11) Б.Қ. – негізгі тұрыс
С-қ. 1- жоғары секіріп екі аяқты иық көлеміне екі жанға ашып түсеміз
С-қ. 2- Б.Қ.
С-қ. 3- жоғары секіріп оң аяқты алға сол аяқты артқа қойып түсу
С-қ. 4 – Б.Қ.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар
|