ІҮ. жаңа білімді бекіту.
- Тасбақа пішінін құрастыру үшін не керек?
- Тасбақаның жасалу жолын толық айтып бер?
- Жаңғақ қабығынан тағы қандай пішіндер құрастыруға болады?
Оған қосымша тағы қандай материалдар керек?
Оқушыларға тасбақа пішінін жасату. Әдемі етіп, ұқсатып, ойлана жасауға баулу. Тазалықты сақтауға баулу.
Ү. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен не жасауды үйрендік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Өзін-өзі тану
Күні: 03.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Бақытты балалық шақ
Жарастықпен жайнатып өмiр көркiн,
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркiн.
Шат көңiлдi, бақытты ел ұланымыз,
Келешекте ұлы iстi меңгеретiн.
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулiм мектеп, кең сарай, түрлi алаң,
Не керектiң бiз үшiн бәрi дайын.
Бiлiм шыңын өрлеймiз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгелiс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбiреп қолымызда.
· Адамға білім не үшін қажет?
· Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
· Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
· Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Әңгіме
Табанды бала
Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.
Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.
Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.
Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.
Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.
Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.
Енді оған оқитын кітап керек болды.
Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.
Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.
Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.
· Бала өз мақсатына қалай жетті?
· Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
· Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
Дәйексөз
Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.
Білім адам игілігіне қызмет етеді.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 05.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы әрпімен таныстыру, түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ш дыбысы әрпімен таныстыру, түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
ІІІ .Жаңа сабақ:
Ш әрпін айтсақ жасырмай, Ұшаша айыр басындай. (Ш)
Шар сөзіне талдау жасау.
Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Хормен оқыту.
Жеке-жеке оқыту.
Сөздерді буынға бөлу.
Шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла
ІҮ. Жаңа білімді тексеру:Ш дыбысына қатысты сөз ойлату. Сөйлем құрату. Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады?Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
Ү. Білімді бекіту.
Дәптермен жұмыс: Ш әріптерін жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс:Ша, шар,Шара, шам; шана,
ҮІ .Сабақты қорытындылау:
Біз қандай әріпті танып,білдік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 06.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы Ш дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай отырып, ш дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту. Адамгаршілік тәрбие беру. Алған білім дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Білімді тексеру.
1) Ш дыбысы қандай дыбыс?
2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Тамаша,алаша, шаңғышы.
3) 48 беттегі берілген сөздерді оқыту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай отырып, ш дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту. Адамгаршілік тәрбие беру. Алған білім дағдысын дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а)Ш әрпі бар сөздерді атаңдар.
Шоршиды шортан, шорағай,
Шабақ аулап шағала,
Шегіртке қуып Шорабай,
Шапқылар шилі жағада.
ә) тақтаға сөз құрап жазу.(кеспе әріптермен)
б) Жеке және көп заттың атауымен таныстыру. Ағаш-ағаштар. Шар-шарлар.т.б.
в) Хормен оқыту.Шағала шапан алша шар.Алаша ағаш арша шаш.
г) Сөйлем құрату. Шара шар ал. Шарапат шашу шаш.
Ү. Жаңа білімді тексеру: Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Буын диктантын жазғызу
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
ҮІ. Білімді бекіту.
«Шынжыр» ойынын ойнату. Шар-радио-отан-нан- науа-ара- аспан т. б.
Дәптермен жұмыс:
Ш ш ша шар Шара. Көшіріп жазу. Шағала, шана арша алша.
ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 07.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға дауыссыз Й дыбысы туралы түсінік беру. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттіліккен тәрбиелеу.
Сабақ түрі. Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері.сұрақ-жауап, әңгіме, ойын
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, қажетті ұүралдарын алғызу.
Сыныпты сабаққа дайындау
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау.
Оқушыларға дауыссыз Й дыбысы туралы түсінік беру. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттіліккен тәрбиелеу.
ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау
Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
«Кім зерек?» ойыныны ойнату арқылы білімдерін пысықтау
ІҮ. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетініміз дауыссыз Й дыбысы мен әрпі.
Й дыбысы мен әрпі қандай дыбыс?
Суретке қарайық. Балалар , мына суретке қарайық.Қызға ат қояйық.
Ол неге қарап отыр?
Жақсы. Ал , енді мынау не?
Оқулықпен жұмыс
А па а та а ға ай ай на
А пай а тай а ғай тай ай ран
Сөздерді буынға бөле отырып пысықтау
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
Өтілген Й дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау. Й дыбысы мен әрпі
Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Сабақты қорыту
-Бүгін біз сендермен қандай әріппен таныс болдық.?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 08.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету. Алған білім дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Білімді тексеру.
1) Оо дыбысы қандай дыбыс?
2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Отан, Орамал орман
3) Сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру. Ол- Шолпан. Шолпан, қуыршақ ал, ойна.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету. Алған білім дағдысын дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Мәтін туралы түсінік беру.
ә) Тақырыптан суретке сәйкес сөйлемдерді оқу..
Хормен оқыту.
Жаңылтпаш айтқызу.
О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды, Омар Аралдан Оралды .
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
Ү. Жаңа білімді бекіту
1. О қандай дыбыс?
2.Сөздің қай жерінде жазылады?
3)О дыбысына сөз ойлау. Сөзді буынға бөл, дыбыстық талдау жасау, кеспе буындармен жұмыс жүргізу
Дәптермен жұмыс: Көшіріп жазуға үйрету. Буын диктантын алу. Тор, тар, тон, қол, он.
ҮІ. Сабақты қортындылау:
Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 08.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оо дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Тазалыққа баули отырып, адамгершілік тәрбие бер. Алған білім дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Білімді тексеру.
1) Й дыбысы қандай дыбыс?
2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Айна апай Айнаш айран.
3) 50 беттегі берілген сөздерді оқыту.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оо дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Тазалыққа баули отырып, адамгершілік тәрбие бер. Алған білім дағдысын дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу.
Олжас та өлең жаттады, Сақинаға қарайық,
Оспан да өлең жаттады. Ұқсайды оған қай әріп.(о)
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары.? (о)
О дыбысын үш рет айту. (дауысты дыбыс екенін анықтау.)
б) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену.
Хормен оқыту.
Отан
Ор ойна ол той торғай шортан шопан
Ору ойла он тон тоғай Шолпан тоған
Жаңылтпаш айтқызу.
О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды,Омар Аралдан Оралды .
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
Ү. Жаңа білімді бекіту
1. О қандай дыбыс?
2. Сөздің қай жерінде жазылады?
Дәптермен жұмыс:
о әрпін жазып үйрену.
Буын диктанты. ай, айна, Айша, Ғайша Атай, ағай, апай та,па,на,ра,ла,ша,уа,ай тай,ға,нан
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 09.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Білімді тексеру.
О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу.
Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,тай. -О дыбысы қандай дыбыс?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу
Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,
Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.
Бұл не аппақ мақтадай? (қой)
Кәнеки, кім табады?
(қар)
О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.
б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру:
-Қ қандай дыбыс?
-Сөздің қай буынында жазылады?
- Қала аттары қалай жазылады?
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
Дәптермен жұмыс:
Қ әрпін жазып үйрену
Кірісейік сабаққа, Қала тақырыбына мәтін құрау.
Кірісейік жазуға. Сөйлем құрату.
Жазудан «5» алайық, Алмат қалада тұрады.
Үйге қуанып қайтайық. Қарағай тауда өседі.
ҮІ. Сабақты қортындылау:
Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 10.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ .Білімді тексеру.
1) О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу.
Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,та
-О дыбысы қандай дыбыс?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу
Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,
Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.
Бұл не аппақ мақтадай? (қой)
Кәнеки, кім табады?
(қар)
О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.
б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Сергіту сәті
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар.
Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.
-Қ қандай дыбыс?
-Сөздің қай буынында жазылады?
- Қала аттары қалай жазылады?
Дәптермен жұмыс:
Қ әрпін жазып үйрену
Кірісейік сабаққа,
Қала тақырыбына мәтін құрау.
Кірісейік жазуға.
Сөйлем құрату.
Жазудан «5» алайық,
Алмат қалада тұрады.
Үйге қуанып қайтайық.
Қарағай тауда өседі.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 06.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 0саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнын білу. Ұқыптылыққа баулу. Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана білу іскерліктерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зе
йінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толы санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау,
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
-2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады? 2>1 1<2 2=2 1=1
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнын білу. Ұқыптылыққа баулу. Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана білу іскерліктерін дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Түсіндіру. -2 дәптер бар еді 2 оқушыға бердік Дәптер қалды ма?
2-2=0 3) 3 алманы 3 оқушыға бере салсақ, неше алма қалады? 2-2=0 3-3=0 1-1=0
ә) Оқулықпен жұмыс: 1-1=0 2) 0+1=1 2+0=2
Оқулықпен жұмыс:
1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.
0санымен 1,2 санын салыстыру.
Теңсіздіктерді дұрыс оқып үйрену.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді бекіту.
Шығармашылық жұмыс. ? белгісінің орнында қандай фигура бар?
Дәптермен жұмыс.
1-ші суретке қажет санды сәйкестендіру. 0 цифрын жазып үйрену
0,1,2, қатарын жазу. Сандар қатарында 0 нешінші орында тұрады.?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық? Қандай санмен таныстық?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 07.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 3 саны және цифры. Үш бұрыштың элементтері жайлы түсінік беру. Тапқырлыққа баулу. Қабылдау қабілетін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толы санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
-0 санының сандар қатарындағы орнын айт.
2.>1 1>0 2>0 өрнектерін оқы не деп аталады? 2=2 1=1 0=0 не деп оқылады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3 саны және цифры. Үш бұрыштың элементтері жайлы түсінік беру. Тапқырлыққа баулу. Қабылдау қабілетін дамыту
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1
Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.
2 1
3 санының алдындағы санның қанша екенін табу әдісін үйрету.
3-1 =2 2-1=1 1-1=0
Ү. Жаңа білімді тексеру.
-2 санын, 3санын қалай шығарып аламыз?
-3,2,1 санының алдындағы қандай сан?
-Оны қалай білдіңдер?
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
1-сурет. 2қ+1қ=3 қ
2-сурет. 3тікұ-1 тікұ=2 тікұ.
3- сурет. Үшбұрыштың қабырғалары кесінділер. Үшбұрыштың қабырғалары сәулелер.
Дәптермен жұмыс.
3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.
Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен қай санды білдік?
3 санын қалай шығарып аламыз?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 08.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: 3 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 3. санының құрамы туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толы санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
2+1=3 1+1+1=3 0+3=3
2+1=3 3-1=2 3-2=1
0+3=3 3+0=3
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3.санының құрамы туралы түсінік беру. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру. 3. санының құрамы туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру.
ІҮ Жаңа сабақ:
а) Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1 1+1+1 0+3 1+2
Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.
мен 2-ң қосындысы. 0 мен 3-тің қосындысы.
ә) Оқулықпен жұмыс: Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру.2+1=3 1+2=3
3-1=2 3-2=1
Теңдік құру. 2 кесе+1 кесе=3 кесе
3кесе-1 кесе=2кесе.
Салыстыру. 0 * 1 0*2 0*3
1*2 1*3 2*3
Шығармашылық жұмыс: Әр суретте неше үшбұрыш бар?
Үйімде бар үш қалам,
Үш досымды салдым мен,
Үшеуін де ұштағам.
Үш балықты ұстаған.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді бекіту.
-2 санын, 3 санын қалай шығарып аламыз?
-3,2,1 санының алдындағы қандай сан?
-Оны қалай білдіңдер?
Дәптермен жұмыс.
3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.
Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен қай санның құрамын білдік?
3 санын қалай шығарып аламыз?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 09.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Өрнек. Қосынды. Айырма.
Сабақтың мақсаты: Өрнек . Қосынды. Айырма жайлы жалпы түсінік беру.Оларды ажырататып, мәнін таба білуге баулу.Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық және
үлестірмелер, жұмбақтар, тақпақтар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толы санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Жалпы математика сабағынан «Қарапайым түсініктер» тарауы бойынша осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсету.
1. « Геометриялық фигуралар» бойынша.
2. «Заттардың қасиеті» бойынша. (Интерактивті тақта бойынша эл. оқу.жұмыс.) - Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?
- 0, 1, 2, 3. - Ендеше осы сандарға байланысты қандай сергіту жұмысын білетін едік?
Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Өрнек. Қосынды. Айырма.
Өрнек . Қосынды. Айырма жайлы жалпы түсінік беру.Оларды ажырататып, мәнін таба білуге баулу.Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.
ІҮ. Жаңа сабақ:
1.Интерактивті тақтамен электронды оқулықтың көмегімен «Қосу»,»Азайту»
бойынша жұмыс жүргізу. 2. Оқулықпен жұмысты тақтаға түсіре отырып, үлкейтілген түрде түсіндіру:
а/ 2+1 3-1 Бұлар өрнектер.
1+2 3-2
ә/ Жұмбақ жасыру.
Қарап сүт пен қаймақты,
Көзін шоқтай жайнатты. Тышқан көрсе тықыршып,
Бола қалар айбатты. /Мысық/
Мысық суреттері бойынша түсіндіру.
2+1=3 3-1=2
2+1 қосынды. 3-1 айырма
3-қосындының мәні. 2 айырманың мәні
Ү. Жаңа білімді тексеру.
1) №3 және айырма құру. (2,1,3,0 сандары бойынша)
2) №4 Теңсіздік құру.
-
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді бекіту.
0+1 1+3 1+0 3+1 Бұлар не? 2+1- не? 3-1- не?
Дәптермен жұмыс.
Үлгі бойынша жазу. 0,1,2, 3 қатарын жазу. Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
-Бүгінгі сабақта не жайында білдік?
-Егер өрнек қосу түрінде болса, ол қалай аталады?
- Алу амалымен берілсе ше?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Дүниетану
Күні: 05.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Айналадағы дүниемен танысу
Сабақтың мақсаты:
1. Табиғат,пен адам өміріндегі байланыс туралы алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
2. Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызынтүсіндіреотырыпонықорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып, сұрақтар қою арқылы пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Табиғат,пен адам өміріндегі байланыс туралы алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызынтүсіндіреотырыпонықорғауға тәрбиелеу
ІҮ. Жаңа сабақ:
Табиғат, табиғат құбылыстары,, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз
Ү. Оқушы білімін тексеру:
а) Айналадағы дүниемен танысу.«Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру.
ә) Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді.Біздің білмейтініміз көп,оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптығы нұр жауар» деген нақыл осыдан шықса керек.Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздың 38-бабында жазылған.
ҮІ. Бекіту кезеңі:
Табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:
1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.
2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.
3. Егер қарлығаш жер бауарлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.
ҮІІ. Қорытындылау:
Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Бейнелеу өнері
Күні: 07.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат көрінісі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жыл мезгілдерін айта отырып, күз айының ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі болатыны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде әр түрлі құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті күзгі сурет иллюстрациясы және Левитанның «Алтын күз» картинасы.
Оқушылар үшін альбом, қарындаш, палитра, бояу, қылқалам
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
амандасу
түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру, ой қозғау, мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау:
1) Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
2) Графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
3) Бейнелеу өнері түрлеріне орындау тәсіліне мазмұнына байланысты қандай жанырларға бөлінеді.
4) Адам келбетін бейнелейтін жаныр қалай аталады? (портрет)
5) Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарма? (натюрморт)
6) Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр. (пейзаж)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Табиғат дегеніміз не? (Табиғат бізді қоршаған орта).
2. Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз).
3. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Жапырақтар түседі, күн суытады, құстар жылы жаққа кетеді).
И. И Левитанның «Алтын күз» картинасы бойынша әңгімелесу.
1.«Алтын күз» картинасынан суретші күздің қандай кезеңін бейнелеген?
2. Неге күздің осы уақытын «Алтын күз» дейді? Суретші қандай көңіл күйді бергісі келген?- деген сұрақтар қойып, балалардың осы суреттен алған әсерлерін қорытындылаймыз. Мұнда балалардың мазмұнын түсінгені ғана емес, суретшінің күйін сезінгендері маңызды.
Сондықтан әңгімелесуде балалардың күзгі табиғатты қабылдауындағы ойларын, сезімдерін сурет арқылы көрсете білулерін, табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударуларын, жыл мезгілдеріне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктері бар екенін және адам мен табиғат әрқашанда егіз екенін айтып түсіндіру.
Табиғатты асыраушың - қамқоршың десең де болады.
Мұғалім: Ата - бабамыз «Жер қазына, су алтын, мал байлық деп өсиет айтып келгені тегінен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы». Соның ішінде күз көрінісін ерекше алуымызға болады. Күзде жапырақтар мен талдардың сарғайып ақшыл түске бөленуі және жерге түсуінің де бір ерекшелігі табиғаттың өте көңілсіздігін байқауға болады. Бүкіл жан біткеннің бәрі өздерінің тіршілігімен жыбырлап қысқа қамын жасауы, егін оруы, егін жинауы, тіпті жер бетіндегі жәндіктердің де ініне тамақтарын тасуы, құстардың суық жақтан жылы жаққа қайтуы міне, осының бәрі табиғат көрінісімен адам, жер бетіндегі жәндік атауларының табиғат пен егіз екенін байқауымызға болады.
Сондықтанда әр мезгілдің өзінің уақыты және өзіне тән ерекшелігі болатынын білуімізге болады.
Оқушыларға «Күзгі табиғат көрінісі» туралы айтып түсіндіріп сурет салдыру.
ІV. Өзіндік жұмыс жасату.
2>
Достарыңызбен бөлісу: |