Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты


§8 соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу



бет2/4
Дата24.05.2017
өлшемі1,1 Mb.
#16958
түріСабақ
1   2   3   4
§8 соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу

  • Қазақ халқы қалыптасуының үш кезеңіне қысқаша сипаттама жазуды тапсыру (қосымша деректерді, баспасөз материалдарын пайдаланып кеңінен қамтып жазу керек.)


    Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IХ ғғ.)

    Сабақтың мақсаты:


    • Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттерге, олардың қоғамдық құрылымдары мен саяси жағдайларына тоқталу.

    • Алған білімін одан әрі дамыту.

    • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. Карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба.

    Үй тапсырмасын сұрау:



    • Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?

    • Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?

    • Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?

    • Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?

    • Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?

    • Қазіргі кездегі түркі тектес халықтардың қалыптасу кезеңдері туралы айтыңдар

    • Осман империясының негізінде қандай ірі халық қалыптасты? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктер бар?

    Сабақтың жоспары:

    1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.

    2. Алғашқы мемлекеттің қоғамдық құрылыстары мен саяси жағдайлары.

    3. Алғашқы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

    Сабақ жоспарының бірінші мәселесі бойынша хронологияны негізге ала отырып, тірек нүктелері арқылы түсіндіруге болады.



    • 552-603 жж.

    • Түрік қағанаты империясының құрылуы

    • 603-704жж батыс және Шығыс







    • Қарлұқтар мен арабтар бірігіп Қытайларға 751 жылы Талас өзенінің түбінде соққы берді. Нәтижесінде 756-940 жж. Қарлұқ қағанаты орнады.

    Жоспардың бірінші мәселесі бойынша ІХ ғасырдың соңында: «Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал мен Каспий теңізі аралығында Оғыз мемлекеті, ал Шығыс және Орталық Қазақстанда Қимақ қағанаты құрылған. Сөйтіп, бес ғасыр ішінде Қазақстан аумағында бес мемлекет өмір сүрген»-деп қорытынды жасау.



    Жоспардың екінші мәселесін түсіндіру барысында мына кестені пайдалану.

    Қаған билігі атадан балаға мұра ретінде қалды.

    Қазақ жерінде алған құрылған мемлекеттер Батыс пен Шығыстың арасын байланыстырушы рөл атқарған. Осыны картаны пайдалана отырып түсіндіріп, қазақ жерінде Тараз қаласынан табылған археологиялық қазба жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталу.

    Жоспардың үшінші мәселесін оқушылардың өзіне оқытып, мына сұрақтар бойынша жауап беруін және оқыған мәтіндер бойынша жоспар жасауын тапсыру.



    1. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс қазақстанда шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

    2. Ыстыкөл аймағынан Оңтүстік Қазақстанға дейін қандай қалалар өркендеп дамыды? Картадан көрсетіңдер.

    Сабақты бекіту:



    • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?

    • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?

    • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?

    • Алғашқы мемлекеттер қандай елдермен саяси қарым-қатынастыр жасады.

    • Алғашқы мемлекеттердің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шаруашылықты жүргізудің қандай түрлері болды? Олардың негізгі қайнар көздері не?

    Бағалау:

    Үйге тапсырма:§9.

    Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру

    Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

    Сабақтың мақсаты:


    • І жартыжылдықта өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау. Ұлтжанды, білімді жеке тұлға тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: қайталау

    Әдісі: интерактивті

    Көрнекілік: карта, сызба

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

    • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?

    • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?

    • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?

    • Алғашқы мемлекеттер қандай елдермен саяси қарым-қатынастыр жасады.

    • Алғашқы мемлекеттердің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шаруашылықты жүргізудің қандай түрлері болды? Олардың негізгі қайнар көздері не?

    Пысықтау сабағының материалдар:

        1. Ежелгі тас дәуірі

        2. Соңғы тас дәуірі

        3. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері

        4. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы қоғамдық қатынастары және мәдениеті

        5. Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі

        6. Сақтардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті

        7. Қазақ халқының қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

        8. Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

        9. Қыпшақ мемлекеті

        10. Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы

        11. «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

        12. Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы

        13. Көшпелілер мәдениеті

        14. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

    Сабақты бекіту:




    • «Ия жоқ»

    • БҮҮ

    • Бетпе-бет

    Бағалау:

    Үйге тапсырма: § І жартыжылдықта өтілген материалдарды қайталау.





    10 сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: § 10 Қыпшақ мемлекеті

    Сабақтың мақсаты:


    • Қыпшақтардың шығу тарихы, этностық құрамы жөнінде оқушыларға толық мағлұмат

    беру;

    • Тарихи санасы қалыптасқан, қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру;

    • Ұлтжанды, білімді азамат тәрбиелеу

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер

    Үй тапсырмасын сұрау:



    • І тоқсан материалдарын қайталау

    • «Эрудит» сұрақтар

    Сабақты жоспары:

    1. Қыпшақтардың шығу тегі, тарихы

    2. «Дешті Қыпшақ» сөзінің пайда болуы.

    3. Қыпшақтардың этностық құрамы

    Сабақ жоспарының бірінші мәселесі бойынша оқулық мәтінінде келтірілген деректерді басшылыққа ала отырып-қыпшақ тайпасының тегі жергілікті халықтан шыққандығын жете түсіндіру.

    Ал қыпшақтардың әуелгі кездегі тарихы жөнінде сабақты түсіндіру барысында мына кестені пайдаланамын






    Кезеңдері

    Оқиға мен нәтижесі

    1

    IV ғасыр

    Қыпшақтар ғұндар бірлестігінде болды

    2

    IV-VII ғасырлар

    Яньто тайпаларын басып алып, сеяньто атты жаңа бірлестік құрды

    3

    VI ғасырдың ортасы

    Түрік қағанатының қол астында тәуелді болды.

    4

    VII ғасырдың басында

    Қыпшақтар Монғолияның терістігіндегі он-теле немесе он-оғыз тайпасынан құрылған бірлестікті басқарды.

    5

    630 жылы

    Қыпшақтар (сеяньто) Өтікенді өздерінің Сир (Қыпшақ мемлекетін құрады

    6

    VII ғасырдың басы 646 жылы

    Қыпшақтар бағындарып алған оғыз тайпалары қыпшақтар мемлекетіне күйрете соққы берді.

    7

    691 жылы

    Тоғыз-оғыз дағының басындағы ұйғырларды жеңіп, Өтікен жерін алады. Бұ аймақта 742 жылы құлағанға дейін қыпшақтар 50 жыл билік жүргізді.

    8

    759 жылы

    «қыпшақ» сөзі көне түрік жазба деректерінде Мойыншор құлпысында кездеседі.

    9

    ІХ ғасыр

    Араб саяхашысы Йбн Хордад бектің VIII ғасырға жататын түркі тайпаларының тізімінде қыпшақ сөзі жазылған.

    10

    VIII ғасыр

    Қыпшақтар Орталық Қазақстанда қоныстанады

    11

    ІХ-Х ғасырлар

    Қыпшақтар Қимақ қағанатының құрамына кіреді.

    12

    ХІ ғасырдың ортасы

    Сырдария жағалауындағы Хорезм шекараларына дейін қоныстанған

    13

    ХІ ғасырдың екінші жартысы

    М.қашғари жасаған картада қыпшақтар Ертістен бастап Еділ өзеніне дейінгі жерді, тіпті Маңғыстау түбегін де иеленген.

    14

    1096 жылы

    Қыпшақтар Хорезмге шабуыл жасаған.

    15

    ХІ ғасыр

    Орыс жылнамаларында қыпшақтарды половецтер деп атаған

    16

    ХІ ғасырдың басы

    Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойындағы оғыздарды жеңіп, жерін кеңейтіп, санын көбейтіп отырды.

    17

    ХІ ғасыр

    Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі Ұлы Даланы мекендегендер «қыпшақтар» деп аталды

    Екінші мәселе бойынша «Дешті Қыпшақ» сөзінің пайда болуы жөнінде мәтінді оқытып, оқушылардың төмендегі сұрақтарды қою. Картамен жұмыс жасау.



    1. « Дешті» сөзі парсы тілінде қандай мағына береді?

    2. Мазафатт әл-ғұз» атауы қандай мағына береді?

    3. Қай жерлер қай кезден бастап Дешті Қыпшақ деп атала бастады?

    4. Қазақстанның ішкі аудандарын мекенлеген қыпшақтар қалай аталды?

    5. Шығыс дешті Қыпшақтар мекеніне қандай жерлер жатады?

    6. Батыс Дешті Қыпшақтар мекеніне қандай жерлер жатады?

    Үшінші мәселені түсіндіру кезінде қыпшақтар құрамына се және яньто тайпалары кіргенін атап өту. Кейіннен ХІ ғасырда, Шығыс Дешті Қыпшақтағы тайпалар этностық құрамы 16 тайпадан, Батыс Дешті Қыпшақ тайпалыры 11 тайпа одағынан тұрғанын, яғни қыпшақ тайпалары қазақ халқының құрамына негізгі тайпа болып кіргеніне баса көңіл бөлу.

    Сабақты бекіту:



    • Қыпшақтардың шығу тегі қайдан және қашан бастау алған

    • Қыпшақтардың алғашқы кездегі тарихи жағдайы қандай?

    • «Қыпшақ» сөзінің пайда болуы және қыпшақтардың тарих сахнасына көтерілуі.

    • Қыпшақтардың алғанқы орналасқан жерлерін картадан көрсетіңдер.

    Бағалау:

    Үйге тапсырма:



    1. §10 бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру

    2. Қосымша деректерді пайдаланып, қыпшақтар жөнінде тарихи шығарма жазу.


    11сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: § 11. Қазақстардың халық болып қалыптасуының аяқталуы.

    Сабақтың мақсаты:


    • Қазақтардың халық болып қалытасуында этносаяси қауымдастыықтың рөлін көрсету. Халық болып құрылуды жеделдеткен факторларды анықтап, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын түсіндіру.

    • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, білікті жеке тұлға тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:



    • Қыпшақтардың шығу тегі қайдан және қашан бастау алған

    • Қыпшақтардың алғашқы кездегі тарихи жағдайы қандай?

    • «Қыпшақ» сөзінің пайда болуы және қыпшақтардың тарих сахнасына көтерілуі.

    • Қыпшақтардың алғанқы орналасқан жерлерін картадан көрсетіңдер.

    Сабақтың жоспары:



    1. Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасы.

    2. Қазақ халқының қалыптасуындағы қапшық тайпаларының рөлі

    3. Қазақ халқының қылыптасуының аяқталуы



    Сабақты бекіту:



    • Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?

    • Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?

    • Жүздердің пайда болғандығы туралы аңызда не айтылған?

    • Қазақ халқының қалыптасуы қашан, қалай аяқталды?

    • Бағалау: өзін-өзі Үйге тапсырма: §11 бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.


    11 сынып. Қазақстан тарихы

    Сабақтың тақырыбы: § 12. «Қазақ» атауы және қазақ жүздерінің пайда болуы

    Сабақтың мақсаты:


    • «Қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары мен деректері «Алаш» атауының мағынасы, жүздердің пайда болуы туралы айту.

    • Білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Әдісі: интерактивті

    Сабақтың көрнекілігі:


          1. карта

          2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

    Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау, «Хабар»

    • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

    Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

    Үй тапсырмасын сұрау:



    • Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?

    • Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?

    • «92 баулы қыпшақ шежіресінен» не білуге болады?

    • Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының атқаратын рөлі қандай?

    • Халық болып қалыптасудың қандай белгілерін білесіңдер?

    • Жүздердің пайда болғандығы туралы аңызда не айтылған?

    • Қазақ халқының қалыптасуы қашан, қалай аяқталды?

    Жаңа сабақтың жоспары:



    1. «Қазақ» сөзанің шығу тегі.

    2. «Алаш» атауының мағынасы.

    3. Жүздердің пайда болуы.

    «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы деректерді кесте арқылы түсіндіру. Өйткені «қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдардың пікірі бар, осы кестені пайдаланып, оқушыларға тапсырма беріп, пікірлерін білу қажет. Сонымен қатар қосымша деректерден алдын ала шығармашылық тапсырма беруге болады.

    Ғалымдар

    Еңбектері мен пікірлері

    Көптеген ғалымдар

    «қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.

    Академик Н.Я.мар мен чех ғалымы Б.Грозный. Бұл пікірді академик Ә.Х.Марғұлан, тарихшы Ш.Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б. қолдайды.

    «қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді.

    Академик Ә.Х.Марғұлан

    Хазарлар арасында қазар-ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның болғанын айтады.

    А.Н.Бернштам

    «қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды.

    Зерттеуші А.Әбдірахманов

    «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жазылған: оғ-көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)-қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді.

    Б.з.д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы Бань Гуд

    «Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған

    Шығыстанушы ғалым В.В.Григорьев

    Қытай транскрипциясы бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген

    Қытай деректерінде

    Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді.

    Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде

    Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған

    А.А.Семенов

    Арба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді.

    XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан

    «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес

    Академик В.В.Радлов

    «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.

    А.А.Самойлович, Ш.Құдайбердиев

    «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады.

    Ш.Ш.Уалиханов

    «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.

    Т.Жанұзақогв

    «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі-«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.

    Н.Мыңжанұлы

    Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.

    М.Х.Дулати

    Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.

    Жоспардағы үшінші мәселені қарастырғанда, жүз деген сөздің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория екенін жете түсіндіру . Жүз туралы біршама пікірлер бар. Оларды кесте арқылы көрсету.

    «Жүз»


    сөзі

    Арабтың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді.

    Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.

    Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады.

    С.А.Аманжолов: «Жүздер Х-ХІІ ғасырарды пайда болды»,-дейді.

    Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды»,-дейді.

    Қазақ жүздерінің пайда болуын аңыз негізінде сызба арқылы түсіндіруге болады.

    Аңыздағы үш аймақ Шыңғыстың үш баласының Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының-жері екенін айту . Сабақты қорытындылай келе, XVғасырдың 50-жылдары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруы қазақ халқының қалыптасуында негізгі рөл атқарғанын, Қазақстанда халық болып қалыптасудың өзі екі мың жылға жуық мерзімді алғынын айту.

    Қотанбайдың үш баласы:


    • Үлкені-Үйсін

    • Ортаншысы-Болат

    • Кішісі-Алшын

    Бұл үшеуі Сырдарияның бойын үшке бөліседі. /хрестоматиядан./

    Жүздер жаз жайлауы, қыс қыстауы тарихи-географиялық жер жағдайына байланысты бөлінген. Жүздердің Отан қорғау жолындағы мемлекеттік функциялары туралы айтып, үшінші жоспарды қорытындылау.

    Сабақты бекіту:


    • Ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін немен байланыстырады?

    • «Қазақ» сөзінің шығу тегін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?

    • «Қазақ» сөзінің мағынасы нені білдіреді?

    • «Алаш» сөзінің пайда болуы туралы қандай пікірлер бар?

    • Қазақ жүздері қалай және қашан пайда болды?

    Бағалау:

    Үйге тапсырма:





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет