Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет21/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып


- Не білгім келеді?

- Неден қиналдым?

- Не білдім?




Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Табиғат апаттарының жануарлар тіршілігіне әсері туралы ойтолғау жазу

Кесте толтыруға арналған топтық жұмысты бағалау

Топта, жұпта, жеке жұмыс жасау ережелерін сақтау



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- БӨЛІМ Жанды табиғат. Жануарлар

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:









Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Өсімдіктер мен жануарлар арасында қандай байланыс бар?

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

2.2 Жануарлар.

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу

Тіршілік ортасындағы өзгерістерге байланысты жануралар санының өзгеруін түсіндіру

Ақпарат көзінің түрлерін анықтау;



Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Сабақмақсаттары

3.2.2.3 - өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу

Жетістік критерилері

• Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты түсіндіреді

Тілдікмақсаттар


Өзара байланыс, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады.

Құндылықтардыдарыту


Оқушыларды табиғаттыңжанашырыболыптабиғаттықорғауғаөзүлесінқосуына тәрбиелеу

Мектепмиссиясыменмектеппайымдауыжәнежаһандықазаматтықтыңіскеасуы

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеуді біледі, ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу.

Алдыңғы меңгерілген білім


Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттауды біледі.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық дайындық.

Оқулық: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы,

32-33-бб.

Жұмыс дәптері:

20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы», 22-б.

21-жұмыс парағы. «Байланысын анықта», 23-б.

Тақырыпқа байланыс ты суреттер

Сабақтың ортасы


(Ұ) "Жануарлар мен өсімдіктер әлемінде" рөлдік ойынын ұйымдастыру. Ойын қатысушыларына өсімдіктер мен жануарлар әлемінен бір оқиға құрастырып айтып беруді ұсыну.

Рөлдік ойындар үшін әртүрлі атрибуттар пайдалануға болады: қалпақтар, жануар маскалары және т.б. Оқушыларды жануарлар мен өсімдіктер етіп екі топқа бөлу. Мысалы, керік, ара, тоқылдақ, кесіртке, беде, қайың, күнбағыс және т.б.

(Т, қ) Топпен жұмыс істеу үшін "Табиғаттағы барлық нәрсе өзара байланыста" атты пікірді ұсыну. Осының дұрыстығын дәлелдеу.

1) жапсыру, постер жасау, қорытындылау.

Оқушылар суреттерді пайдалана отырып жануарлардың қоректенуі туралы постер жасайды, өсімдіктер өсе алатын жағдайларды атап өтеді.

  1. Өсімдіктер - өсімдік қоректі аңдарға арналған азық. Жәндіктер - өсімдіктердің тозаңдатушылары.

  2. Сөздерді логикалық реттілікпен орналастырады;

Оқушыларға қатар сөздері бар карточкаларды тарату: ұя - құс - құрғақ шөп, тиін - қуыс - мүк, шырша бұтақтары - апан - аю. Оқушылар өсімдіктердің тұрғын үй немесе тұрғын үйге арналған құрылыс материалы ретінде қызмет атқаратыны туралы қорытынды жасайды.
3) өсімдіктер мен жануарлар арасындағы сәйкестікті орнату;

Өсімдік тұқымдары (итошағанның, түйежапырақ және т.б.) және құстар не аңдар бейнеленген суреттерді пайдалану.

3) Жануарлар өсімдіктердің тұқымдарын таратады.




Құрлық-әуе

су

топырақ


«Артығын тап» тапсырмасы. Оқушыларға шағын топқа бірігіп, әр қатардағы артық затты табуды тапсыру (көктерек, елік). Белгіленген нысандардың бір-біріне қандай байланысы бар екенін ойланып көруді сұрау (Елік көктеректің жапырақтары және бұтақтарымен қоректенеді.) Барлық пікірді тақтаға жазыңыздар.

Жанына қысқаша мысал келтіру: қоректену – қоян/шөп; бұғы/ағаш қабығы». Сабақтың барысында түзетулер жасап, толықтырып отыруыңызға болады. Сабақтың соңында міндетті түрде:

-«Сабақ басындағы болжамдарымыздың көбісі сәйкес келді ме? Қандай мәліметтерді толықтырып, нені алып тастадық?» – деп сұрап көру.

Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Топпен жұмысты жалғастыру. Оқулықтағы суретке назар аударту. Ұқсастығын табуды тапсыру. Балалар еліктің бірінші суретте бейнеленген шөпті жейтінін айтуы мүмкін. Саралап оқыту мақсатында ынталы оқушыларға шағын әңгіме құрауды тапсыруға болады.

-«Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?» (Қоректенеді).

-Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі).

-«Өсімдік нені сіңіреді?» (Күннің энергиясын).

-Одан әрі не болады? (Оттек мен көмірсу, органикалық заттар.)

-«Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Энергияны). Осылайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер секілді қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын білетін болады.

Өмір үшін маңызды. Топқа бірігіп, суреттерге мұқият қарап, олардың ортақ ұқсастықтарын табады. Екі суреттен де балалар сулы жер мен ауа көпіршіктеріне көңіл аударып, соны байқауы ықтимал.

-«Суреттегі көпіршіктер нені білдіреді?» деп сұраңыз. (Өсімдіктер мен жануарлар су астында да тыныс алады.) Қажет болған жағдайда екінші сыныпта ауаның барлық жерде болатыны туралы жасалған тәжірибені есіне салу.

-Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы құрғақ жерде де тыныс алады ма?

-Су астында байқалғандай көрінеді ме? (Тыныс алады, бірақ байқалмайды). «Фотосинтез үдерісі кезінде не болатынын еске түсіріңдер (көмірқышқыл газ сіңіріліп, өсімдіктен оттек бөлінеді).

-Бұл өсімдіктің тыныс алмай, тек көмірқышқыл газды сіңіретінін ғана көрсетпей ме? Барлық жауапты тыңдап көру. Жарықта өсімдіктерде өзара қарама-қарсы екі үдеріс (фотосинтез бен тыныс алу) қатар жүретінін айту. Қараңғыда өсімдіктер тек тыныс алады. Өсімдіктер мен жануарлар тыныс алмаса, олар өліп қалады.

Фотосурет көмегімен жауап бер. Оқушылар назарын суретке аудартыңыз. Оларды сипаттап беруін сұраңыз.

-«Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).

-Қалай ойлайсыңдар, ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда барлығын тұмсығымен ұстап тұра ала ма?

-Тиін күзде қысқа жинаған жаңғақтарының барлық орнын таба ала ма?

-Иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары). Олар шашылып қалуы мүмкін бе? (Иә).

-Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін).

-Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі). Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.

Зертте. Бұл тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс түрін ұйымдастыру.

Дифференциация

Саралап оқыту үшін ынтасы төмен оқушыларды бір бөлек отырғызу. Жұмыс жасау үшін жануарларға кейбір бөліктері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып, дайындалған үлестірме парақшаларды қолдану.

Барлық топқа А3 пішіміндегі қағаз бен үлестірме парақшалар жиынтығын тарату. Плакаттың бір бөлігінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беру.

Зерттеу жүргізу:

• Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қосымша мәліметтерді де оқуға болады.

• Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсырады. Керісінше, екінші бөлігіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануарларға пайдасын жазуы керек. Мысалы, шыбынжұт – бүркеншік – тамақ.

• Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасады.

• Талдау жасайды.

Жұмыс барысында оқушылар барлық өсімдіктің қажет екені туралы қорытынды жасайды.

-Талдау барысында «бұл өсімдіктер туралы бұрын естідіңдер ме?», Оларды пайдалы емес деп ойладыңдар ма?

-Адамдардың көбісі шыбынжұт пен кәдімгі утамырды көргенде не істейді? Олар мүлдеболмаса, не болар еді?

-Өсімдіктердің пайдасы туралы қайдан білуге болады? Бұл тапсырма оқушылардың дереккөз түрлерін анықтай білу дағдысын дамытады.

Сен білесің бе? Жерқұлақтың суретін көрсету. Оның өте қымбат саңырауқұлақ екенін айту. Адамдар ежелгі заманда аюлардың бұл саңырауқұлақты сүйіп жейтінін, өз мақсаттарына пайдаланғанын, кейін иттерді үйреткенін айтып беріңіз. Үйретілген иттермен жерқұлақ іздеу туралы бейнекөріністі көрсету.

Жұмыс дәптері:

20-жұмыс парағы. Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы Өзара байланыс. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылар кесте толтыра алады.

Ықтимал жауаптары.

Татқұлақ.Өсімдіктің бөлігі: бүтіндей кеміреді;Қандай жануарлар: бұлан, тиін және т.б. Не үшін қажет: өкпе пен асқазанды емдейді.

Қосмекенді қарақұмық.Өсімдік бөлігі: тұқым; Қандай жануарлар: үйрек, қаз; Не үшін қажет: қоректенеді.

Меруертгүл. Өсімдік бөлігі: жемістері; Қандай жануарлар: бұғылар және т.б.; Не үшін қажет: асқазанды емдейді;

Батпақ аққанаты. Өсімдік бөлігі: пәлек, собық. Қандай жануарлар: бұлан, ондатр, құндыз және т.б. Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Кәдімгі утамыр (цикута). Өсімдік бөлігі: сабақтары; Қандай жануарлар: құндыз; Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

21-жұмыс парағы. Байланысын анықта Өсімдіктер мен жануарлар. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады. Кейбірі қажетті сөздерді де қолдана алады. Сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, одан әрі оларды бояйды.

Жауаптары Қоректену. (2) Бұта, (6) Бұлан. Емделу. (3) Бұғы, шыбынжұт. Тыныс алу. (1) Құндыз, (5) балдыр. Таралу. (4) Ит.

Дифференциация

Қосымша тапсырма Жоғары ынталы оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың байланысы туралы брошюра жасауды тапсыру. Энциклопедия мәліметтерін пайдалануды ұсыну.

ҚБ тапсырмасын алу.

Қалпақтар, жануарлар мен өсімдіктер маскалары.

Жапсыруға арналған суреттер: күн, ағаштар, шөптесін өсімдіктер, бұталар, қоян, көбелектер, тоқылдақ, желім, маркерлер.

Өсімдік тұқымдары мен жемістері бар суреттер, құстар мен аңдар суреттері.

Құрлық-әуе, су, топырақ тіршілік ортасын көрсететін сызба, аңдар суреттері.

Термометрді, су тамшыларын, күнді бейнелей

тін суреттер, маркерлер, постерлер

ге арналған парақтар.

Балаларға арналған «Қазақстанның өсімдіктері мен жануар-лары» энцикло

педиясы;

• топтағы оқушылар санына қарай екіге бөлінген А3 пішімдегі қағаз;

• сабаққа қатысты мәліметтерде көрсетіл

ген өсімдіктер туралы ақпарат жазылған үлестірме парақша

лар;

• интернет-ресурс



тары:

• жерқұлақ

ты аулау жайлы бейнежаз

ба.



Сабақтыңсоңы

Рефлексия:

Не түсіндім? Не түсінбедім? Нені әлі білгім келеді?





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3


Жанды табиғат. Жануарлар

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:


Күні:





Тақырыбы:

Тіршілік ортасының жағдайы өзгерген кезде жануарлар саны қалай өзгереді?

Оқу мақсаты:

3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;




Сабақтың

мақсаты:


Оқушылар:

жануарлардыңтіршілікетужағдайысыртқытүрінеәсерететініжайлытүсінікалады;

жануарларарасындағықарым-қатынастүрінанықтайды.


Бағалау критерийі

Жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

Бәсеке сөзінің мағынасын түсінеді.



Тілдік мақсат

Оқушылар:жануарлардың түр-тұлғасын салыстырады, мәтінді талдап, сұрақтарға жауап береді, өз шешімдерін қорғап, дәлелдейді

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

бәсеке

Құндылықтар

Қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары



презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

0-3


Ұйымдастыру. Доппен ойын.

Өткен сабақта алған білімдерін қайталау үшін доппен ойын ұйымдастыру.

«Жануарлар қайда мекендейді?». Бір оқушыға кез-келген жануардың атын атап, допты лақтыру. Допты қағып алған оқушы жануардың қайда мекендейтінін айту керек. Ойынды бірнеше рет қайталау.
Мұғалім сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексереді 
1 топ. Жануарлар қалай қоректенеді?

2 топ. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.

3 топ. Мал шаруашылығын ата? 


доп

Сабақтың ортасы

3-8


8-12


12-22


22-30


30-32

32-35

35-38



  1. Салыстыр, жауап бер

- Бір-біріне ұқсайтын қандай жануарларды білесіңдер?

Бұл сұраққа оқушылар «қасқыр-ит», «мысық-жолбарыс», «қабылан-барыс», «кесіртке-саламандра», «есек-құлан» т.с.с жауаптар беруі мүмкін.Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң оқулықтағы құлан мен кианг суреттері бойынша сұрақтар қою.



  • Суреттегі жануарларды білесіңдер ме?

  • Көргендерің бар ма? Қай жерден көрдің?

  • Жануарлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

  • Қандай ұқсастықтары бар?

  • Оларды бір-біріне «туыс» деп айтуға бола ма?

Бұл тапсырманы орындауда Венн диаграммасы стратегиясын қолдану. Суреттегі екі жануарды жұпта салыстыру.

1. дене бітімі

2. бас мен құлағы

3.жал мен аяғы

Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.

Құлан – жазық немесе шөл далада мекендейді. Құлан планетадағы өмірге бейім­делген жануарлардың бірі. Құмдағы, қу даладағы кез келген өсімдікпен коректенеді, тұзды суды да іше береді. Жыртқыш аң­дар­ға алдырмайды. Киангті Тибеттің бөктерлерінде кез­дес­тіруге болады екен. Ол таулы жерге бейімделген.



  1. Жақын «туыстар»

Суреттердегі жануарларды атау.Сұрақтар қою.

  • Суретте қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?

  • Оларды «жақын туыстар» деп атауға бола ма? Дәлелде.

  • Бұғылар қай жерде мекендейді?

  • Құстар ше?

  • Олардың әрекеттерін сипатта.

  • Жануарлар не үшін шайқасады деп ойлайсың?

  • Бәсеке деген сөзді естулерің бар ма?

Бәсекесөзінің мағынасын ашу.

  1. Зертте.Топтық жұмыс

Әртүрлі жағдайда тіршілік ететін өзара «туыс» жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Суретте берілген жануарлардыңбарлық дене мүшелеріне мән бере отырып, салыстыру.

Қосымша ақпараттар алу үшін энциклопедия, жануарлар туралы кітап, журналдар, ғаламтор көздерін пайдалану. Кестенің екі жағына жануарлардың айырмашылығы, ортасына ұқсастықтары жазылады.

Түкті ара

ұқсастықтары

Дала арасы












Кәдімгі түлкі

ұқсастықтары

Қарсақ (дала түлкісі)










  1. Жұмыстарын қорғау. Басқа топтар бір-бірін қайталамай толықтырулар енгізеді. Ерекше мәліметтер айтқан топ мүшелерін мадақтау. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап болған соң, бұл жануарлар арасында бәсеке болуы мүмкін бе? деген сұрақ қойылады. (мүмкін емес, өйткені олардың тіршілік ету ортасы әр түрлі)

  2. КөршілерОқушылар суреттегі жануарларды атайды.

  • Олардың қай жұбы бірдей қоректенеді?

  • Олар азық үшін бір­бірімен бәсекелеседі деп айта аласың ба?

  • Жануарлардың келесі жұбы туралы не айтасың?

  • Олардың арасында бәсекелестік болуы мүмкін бе?

Оқушылар өз болжамдарын айтады. Кесте толтыру. Жануарлардың аттарын жазу. Бәсекелестік бар немесе жоқ деп белгілеу, себебін жазу.

Жануарлардың аттары

Бәсекелестік бар

Бәсекелестік жоқ

Себебі




























  1. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

  2. Ойлан Жануарлар арасында бейтарап қарым­қатынас орнаса, жер бетінде не болар еді? деген сұраққа оқушылар топта ойлану, өз болжамдарын ортаға салу.

  3. Қосымша тапсырма.Жұмыс дәптері 27-жұмыс парағы (29-б.)



Венн диаграммасы



энциклопедия, жануарлар туралы кітап, журналдар, ғаламтор көздері

Кесте




Сабақтың соңы

38-40



Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан қандай қызықты ақпарат алдың?

  • Қандай жаңа мәліметтер табиғатқа қарым-қатынасыңды өзгертті?

  • Бүгін сабақта алған біліміңнің өмірде қандай пайдасы болуы мүмкін?







Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қорек немесе тіршілік мекені үшін бәсекеге түсетін жануарлар суретін салу


Топтық зерттеу жұмысын бағалау

Топта жұмыс жасау ережелерін сақтау


Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3


Жанды табиғат. Жануарлар

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:


Күні:





Тақырыбы:

Адамның іс -*әректінің қандай түрлері жануарлар санының азаюына апарып соғады?

Оқу мақсаты:

3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;




Сабақтың

мақсаты:


Оқушылар: жануарларсаныныңазаюынаәсерететінадамәрекеттерітуралымәліметалады;

Жануарлардықорғаушараларыментанысады.



Бағалау критерийі

Жануарлардың азаюына әсер ететін әрекеттерді түсінеді;

Жануарлар санының азайып кетпеуі үшін не істеу керектігін біледі.



Тілдік мақсат

Жануарлардың азаю себептерін түсіндіреді, болжам жасайды;

Жануарларды қорғау шаралары туралы жазба жұмысын орындайды.



Пәндік терминология мен тірек сөздер:

өрт, құрғату, саны

Құндылықтар

жануарлар әлеміне жанашырлықпен, қамқорлықпен қарау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары



бейнефильм, презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

0-3

Ұйымдастыру

«Аралас. Жұптас. Пікірлес»

Сұрақтар бойынша жұппен пікір алмасу.


  • Табиғаттағы қандай өзгерістер жануарлар санының азаюына әсер етеді?

  • Жануарлардың азаюына немесе шамадан тыс көбеюіне әкеп соғатын қандай тағы басқа жағдайларды білесің?

  • Табиғатта мұндай жағдайлар қаншалықты жиі болып тұрады?

  • Өзіміз тұратын жерде табиғатта қандай өзгеріс болғанын байқадың?

  • Табиғаттағы тепе-теңдік туралы не білесің?



сұрақтар



Сабақтың ортасы

3-5
5-15

15-23

23-28

28-32

32-38

  1. Бейнефильм көрсету.

Азайып немесе мүлдем жойылуға таяп қалған жануарлар туралы бейнематериал көрсету.

  1. Зертте. Топтық жұмыс.

Адамның қандай әрекеті жануар санының азайып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін? дегенсұраққа кластер құрастыру. Энциклопедия, баспа материалдарынан мәлімет іздеу, өз білімдеріне, өмірлік тәжірибелеріне, көргендері мен үлкендерден естіген ақпараттарға сүйене отырып жұмыс жасау.

Топтық жұмысты қорғау.Туындаған сұрақтар болса жауап беру.

  1. Суретпен жұмыс.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1-топ. Өрт бейнеленген сурет туралы ой бөлісу. Суреттерді салыстыру.

  • Суреттен не байқадыңдар?

  • Өрт жануарларға қалай әсер етті?

  • Өрт қайдан пайда болды деп ойлайсың?

  • Өрт жануарларға қандай зиян келтіреді?

  • Басқа қандай табиғи апаттарды білесіңдер?

2-топ. Құрғату мен кесу

Батпақты құрғату, орманды кесу тақырыбындағы суреттерді сипаттау.

  • Суреттен не байқадыңдар?

  • Батпақтарды құрғату мен орманды кесуден қандай пайда болуы мүмкін?

  • Бұл әрекет жануарларға қандай зиян келтіреді?

3-топ. Аңшылық

  • Аңшылық жайлы не білесіңдер?

  • Ерте заманда адам неліктен аң аулады?

  • Ал қазір кейбір адамдар неліктен аң аулайды?

  • Қазіргі заманда аң аулаудың қажеті бар ма?

Қорытынды сұрақ:

  • Талдаған суреттер бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

  1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен танысу. Мәтін бойынша туындаған сұрақтармен жұмыс жасау.

  1. Сен білесің бе?

Амазонканың тропикалық ормандары туралы бейнематериал немесе сурет көрсету. Адамдар әрекетінен ормандағы сирек кездесетін жануар мен өсімдік түрлері жойылып бара жатқаны туралы мәліметпен таныстыру.

  1. Бағалауға арналған тапсырма.

Жеке жазба жұмысы. «Жануарларды қорғау шаралары» тақырыбында шағын жазба жұмысын жазу. Өз еріктерімен «Автор орындығына» отырып, жазба жұмыстарын оқу.

  1. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 29-жұмыс парағы (31-б.)

https://www.youtube.com/watch?v=9boiHGMsuJU

https://www.youtube.com/watch?v=yczK0Ym19Hg

плакат

маркер


энциклопедия, баспа материалдары

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=IOvp9O1cNK0


Сабақтың соңы
38-40

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

  • Сабақ несімен қызықты болды?

  • Өзіңді қалай сезіндің?


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



«Жануарларды қорғау» тақырыбында парақшалар, хабарламалар дайындау

Жеке жазба жұмысын бағалау

Топта жұмыс жасау ережелері сақтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет