Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі22,29 Kb.
#30494
түріСабақ
Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жанханова Гульвира Умбетовна
Сыныбы:
5 «ә»-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Фонетика туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре
отырып, тіл дыбыстары туралы жалпы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:Алынған білімді еске сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Орындалатын тапсырмалар арқылы бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, халық педагогикасы, сурет, тарих
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі:тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Сұрақ қою арқылы лексикадан өткенді қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ: Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді?
Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу) 
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу, буын,екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру 
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу: 
Бас, тас, жас, қас, нас 
Ескек, кек, ек 
Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек 
ІҮ.Бекіту. Оқулықпен жұмыс 233-234-235-жаттығу жұмыстарын 3 топқа беру.
233-жаттығу. Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.
Сал, жат, тас, тық, қаш, жан
234-жаттығу.Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа-басқа сөздер жасаңдар.
ал, ат, у, ыс, ас
235-жаттығу.Метаграммаларды шешіңдер.
1.Егер т-дан бастасаң-
Биіктердің биігі.
Егер д-дан бастасаң-
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы. (...., ...., ...)

2.Егер б-дан бастасаң-


Түтіндей боп көшемін.
Егер н-дан бастасаң-
Жап-жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң-
Ішкен жанға кеселмін. (.., .., .)

3.Г-ден баста, мен кілең


Ажарымын өмірдің.
К-ден баста, енді мен
Қалдығымын көмірдің. (..., ...)
Құрастырылған сурет бойынша мәтін жазу, ауызша баяндау. (домбыра, астана, ою) осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ү. Қорытынды. Сонымен тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым қалай аталады? (фонетика)
Сөзжұмбақ (фонетика)
Үйге тапсырма: «Туған елім-алтын бесігім» (эссе жазу)

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет