Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия n-ші мүшесінің формуласы



Дата08.09.2017
өлшемі38,74 Kb.
#31744
түріСабақ
«Алгебра 9 сынып»

Аяғанова Қ. Қ, математика пәнінің мұғалімі

СҚО, Есіл ауданындағы Петровка орта мектебі

Тақырып: Сандар тізбегі

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия. n-ші мүшесінің формуласы

Сабақтың мақсаты: геометриялық прогрессия ұғымын енгізіп, кез келген n-ші мүшесін

табуды үйрету



Сабақтың міндеттері: 1. білім-білік дағдыларын қалыптастыру

2. оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту

3. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, проблемалық жағдай туғызу, жеке, жұппен

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық

Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру.

ІІ. Өткенді қайталап, қорытындылау

ІІІ. Мақсат қою

ІV Жаңа сабақ. Модуль «Сан тізбектері»,

V.Жаңа сабақты бекіту.

VІ Үйге тапсырма.

VІІ. Қорытындылау




Сабақтың кезеңдері


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Элетрондық оқулықпен жүргізілген жұмыстар

1.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.








2.



Өткен тақырыптарды қайталау

Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталап, қорытындылау

1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.

2. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды.

3. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы

4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.


Ауызша жауап береді


Ауызша жауап береді
Екі оқушы тақтаға жазады



3.

4


Мақсат қою

Жаңа тақырыпты түсіндіру




-Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы

Не көріп тұрсыңдар? 4; 12; 36; 108....


- Бұл тізбек қандай заңдылықмен жазылған?

- Осындай ереже бойынша жазылған тізбекті біз геометриялық прогрессия деп атаймыз

Сонымен бүгін біз геометриялық прогрессиямен, оның кез келген мүшесін тауып үйренеміз

- Ал енде прогрессияға қарап оның анықтамасын тұжырымдап беріңдерші


1.Геометриялық прогрессия ұғымын енгізу

2. Геометриялық прогрессияның еселігі

- Бірнеше мысал жазыңдаршы (жұппен)

3. Өспелі және кемімелі прогрессияға мысал келтіру

4.Кез келген n-ші мүшесін табуды үйрету



Интерактивті тақтаға қарап жауап береді:

- Сандар тізбегі

Заңдылықты анықтайды

Тұжырымдама жасайды

Дәптерге жазады
Әр партадығы оқушылар өз мысалын жазады

Оқушының көмегімен қорытып шығару тақтада



Тақырыпты анықтау

Проблема қою
Подмодуль «Геометриялық прогрессия»

Электрондық оқулықпен тексеру

Электрондық оқулықпен тексеру


5.



Жаңа сабақты бекіту


Кітаптағы мысалдарды қарастыру

1 мысал


-n-ші мүшесін тауып жазамыз

2-4 мысалдарын түсіндіру



Дәптерлеріне жазады


16 тапсырманы өз беттерімен шығарады
17,18 тапсырманы шығарады

Подмодуль «Геометриялық прогрессия»

Тапсырма 16

Тапсырма 17,18

6



Қорытындылау

Сабақты қорытындылау.

1). Геометриялық прогрессияның

анықтамасын тұжырымдаңдар.

2). Геометриялық прогрессияның



еселігі дегеніміз не?


Оқушы тұжырымдаманы айтып береді




7


Үй тапсырмасын беру


§12, 67- 70 беттер, А деңгейінің есептері








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет