Сыныбы: 3с
|
4с
|
Сабақтың тақырыбы:
Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»
|
Қ.Жұмаділов «Адасқан бала»
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Оқушылардың ағартушы- ғалым Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте түсу, шығармаларының негізгі ойын түсіндіру.
Дамытушылық
Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік
Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Қ.Жұмаділовтың «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділіктеріне сүйене отырып, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Өз бетінше жұмыс жасауға баули отырып, сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
|
Сабақтың әдіс – тәсілдері:
Түсіндіру, талдау, іздену, сұрақ –жауап.
|
Сабақтың көрнекілігі:
Мәтін авторлары портреті, кластер, симантикалық карта
|
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ.
|
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану, өмір қауіпсіздігі.
|
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Ізетпенен біз.
Амансын ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансың ба, достарым,
Сіздерді көрсем қуанам!
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
|
ІІ.Үй тапсырмасы:
Түсінік айту.
|
Карточкамен жұмыс.
1.Үйге берілген тапсырма –
2.Бұл шығарманың авторы кім?-
3.Ол кісі жайлы не білеміз?-
4.Шығармадағы баланың аты кім?-
5.Көксеректі сипатта-
6.Шығарма немен аяқталды деп ойлайсың?-
7.Шығарманы қысқаша баянда-
|
Жаңа сабақ:
Ой қозғау.
Оқушыларға Ы.Алтынсариннің портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар қоямын.
-Оқушылар бұл кімнің портреті?
-Бұл кісі жайында не білеміз?
Кластер
Ы.Алтынсарин
1841 ж туған Қостанай обл.
Затабол ауд
Балғожа би
ағартушы –ғалым ұстаз ақын
мектеп ашқан дала жұлдызы
«Кел, балалар, оқылық»
«Өзен» «Мақта қыз бен мысық»
«Таза бұлақ»
1889 ж қайтқан
|
Қ.Жұмаділов
1936 жылы 24 сәуірде Шыңжан өлкесінің тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Оқып жүрген кезінде қуғын –сүргінге ұшырайды. 1962 ж атамекенге қайта оралып жазушылық қызмет атқарады. Бірнеше романның авторы.
|
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді өз беттерінше оқыту.
|
Кластер жасау.
|
Мәтінді талдау.
1.Үш жолаушы бұлақ басындағы тастан қандай жазуды оқыды?
2.Жолаушылардың жазу туралы пікірлері қандай?
3.Қай жолаушының пікіріне қосыласыңдар? Ойлврыңды дәлелдеңдер.
|
Мәтінмен жұмыс.
Іштей, тізбектей, түсініп оқу.
|
Дәптермен жұмыс.
Қара таста жазылған сөзді тауып, көшіріп жаз.
|
|
Сабақты қорытындылау:
1.Берілген шығармалардың ішінен Ы.Алтынсариннің туындыларын тауып, сызықпен сәйкестендіру.
«Асан мен Үсен»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Бір кесе меруерт»
«Өнер-білім бар жұрттар»
Ы.Алтынсарын «Таза бұлақ»
«Кел, балалар, оқылық!»
«Мақта қыз бен мысық»
«Шал мен бала»
2.Суға байланысты мақал- мәтелдер айту.
|
Сұрақ –жауап.
1.Әңгіме кім туралы?
2.Жаконың шын аты кім еді?
3.Жако күннің қай уағында жоғалып кетті?
4.Олар қандай ойын ойнады?
5.Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді?
Бұдан шығатын қорытынды
Қауіпсіздік ережелері:
Өз бетіңше ата –анаңның рұқсатынсыз ешқайда барма.
Таныс емес көлікке отырма.
Үйден ұзап кетпе.
|
Үй тапсырмасы:
Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Ы.Алтынсарин туралы материалдар жинақтау
|
Мәтіннің мазмұнын айту.
Қауіпсіздік ережелерін жаттау.
|
Бағалау:
«5»
«4»
«3»
|