Сабақтың тақырыбы Кел, қайталайық! Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасы



Дата25.08.2017
өлшемі105,43 Kb.
#26701
түріСабақ




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім:

Дені саудың-жаны сау


Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кел, қайталайық!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)

  1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес суреттер таңдау.

  1. Шағын мәтінді /қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

  1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.

  1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тындаған/ тыңдау көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.2.2.Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

8-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін
көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

8-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.


Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

8-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сәйкес суреттер таңдайды;

Шағын мәтінді /қарапайым оқиғаларды мазмұндайды;.

Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазады;.

Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтады.

Төл дыбыстары бар сөздерді жазады.



Дескриптор

Суреттерге қарап сұрақтарға жауап береді;

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;

Төл дыбыстарды дұрыс айтады;

Сөздерді қатесіз жазады.



Тілдік мақсаттар

Таңертең мен жаттығу жасаймын, суретші сурет салады,спортзалда жүгіремін.

АКТ қолдану дағдылары

http://balakai.kz/zhumbaktar/767-ksibi-mamandy-ieleri-turaly-zhmbatar.html




Бастапқы білім

Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айта алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3минут

(МК.Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы күн, қайырлы!

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.






Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

3-37мин


(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 8-бөлім бойынша өткен такырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген.
Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша жауап береді. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады.

Сұрақ жауап әдісі.

Рөлдік ойын

Суретпен жұмыс жүргізіледі.



1-сурет Мынау қай қол? (Мұғалім оқушының оң немесе сол қолын нұсқап көрсетеді).

2-сурет

Оң қолыңда неше саусақ бар?

Оң қолымда бес саусақ,


Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
3-сурет. Сен таңертең не істейсің?

4-сурет.Бүл кім? (Мұғалім мамандық иелерінің суретін көрсетеді: дәрігер, мұғалім, аспаз, суретші).

5-сурет.Суретші не істейді?

6-сурет.Сен қайда барасың?

7-сурет.Сенің тісің ауыра ма?

8-сурет.Сен спортзалда не істейсің?

(Ж) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша


жауап бере алады.

(МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім дене мүшелері, спортзал, аурухана, мамандық атауларын, қайда баратынын,


не істейтінін пысықтауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

  • дене мүшелерін атай алу (бас, қол, аяқ, саусақ);

  • таңертең не істейтінін айта алу (жаттығу жасаймын,
    тамақ ішемін, мектепке барамын);

  • қайда баратынын (ауруханаға, дүкенге, тауға, үйге, саябаққа, мектепке) айта алу;

  • ауырады /ауырмайды сөздерін орынды қолдана алу;

  • спортзалда не істейтінін айта алу (жаттыгу жасаймын, жүгіремін, доп ойнаймын);

  • неге? сұрағына жауап бере алу дағылары қалыптасады.


СЕРГІТУ СӘТІ

Оқушылар өлеңді оқиды. Іс-қимылмен көрсетеді. Және өлеңде қандай дене мүшелері туралы айтылғанын айтады. Сонымен қатар сергіту ретінде айтып қолданады.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып- ытқып секірді.

Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің. 

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.






Сюжетті суреттер

№2 дәптер 32-бет



Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

Түсінгендер оң қолы жағына тұрады.

Түсінбегендер

мұғалімнің сол қолы жағына

тұрады.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Мұғалім: Пікір айту арқылы бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі бойынша баға береді.

Бас бармақ жоғары қараса - өте жақсы.

Бас бармақ орта деңгейде болса- орташа.

Бас бармақ төмен қараса- өте жаман.

Керемет жұмыс істедің, сөйлемді дұрыс құрауды үйрендің, жақсы жұмыс істедіңдер т.б. мадақтауларды қолданамын.



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ




1-сынып. IVтоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау

Күні _________________

Аты-жөні__________________________________________

Тақырып: Кел,қайталайық!

Оқу бағдарла масына сілтеме

Оқу мақсаты







Бағалау бойынша ұсыныс

5.2 «Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау»

1.5.2.2 Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ

әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.





Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз. Сөздерді оқыңыз.
К...з, д...р...гер, ж...г...р, ая...ым, т...с, м...рын, Гау...ар, А...сар

...ол, ая...,та...ерте...,м...ғал...м.



Жетістік критерийлері

Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтады.

Төл дыбыстары бар сөздерді жазады.



Дескриптор

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;

Төл дыбыстарды дұрыс айтады;



Сөздерді қатесіз жазады.

Дағдылар

Оқушы оқыту мақсатына «жетті», себебі:

Жазылым









Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет