Сабақтың тақырыбы: Кәсіби қызметте бүкіл әлемдік, жаһандық желіні қолдану Интернет


Іздеу серверлері (іздеу машиналары)



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі20,58 Kb.
#89250
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кәсіби қызметте бүкіл әлемдік, жаһандық желіні қолдану

Іздеу серверлері (іздеу машиналары)
Әртүрлі іздеу серверлері әртүрлі іздеу, сақтау және тұтынушыға ақпарат беру механизмдерін пайдалана алады. Іnternet-тің іздеу серверлерін үш топқа бөлуге болады:

  • жалпы міндетті іздеу жүйелері;

  • іздеу каталогтары;

  • кәсібилендірілген іздеу жүйелері;

Жалпы міндетті іздеу жүйелері. Іздеу жүйелері құжаттарды Дүниежүзілік шырмауықтан тірек сөздері бойынша табуға мүмкіндік береді. Іздеу жүйелері, шын мәнінде, Интернет ресурстары туралы ақпараты бар деректер қоры болып табылады.
Деректер қорын толтыру Web-серверлері оқтын-оқтын “айналып өтетін” арнайы робот-программалардың көмегімен жүзеге асырылады. Робот-программалар барлық кездескен құжаттарды оқиды, олардағы тірек сөздерді бөліп алып, құжаттардың URL-адрестерін деректер қорына енгізеді.
Интернеттегі ақпарат тұрақты түрде өзгеріп тұратындықтан, іздеу жұмыстары бұл өзгерістердің бәрін бірдей қадағалап үлгере бермейді. Іздеу жүйелерінің деректер қорында сақталған ақпарат Интернеттің нақ күйінен өзгеше болуы мүмкін және тұтынушы кейде осы мезетте жоқ немесе орын ауыстырған құжаттың адресін алуы мүмкін.
Деректер қорының мазмұны мен нақты Интернет арасында ең жоғарғы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін іздеу жүйелерінің көбі жаңа немесе орын ауыстырған Web-сайт авторының өзіне анкета толтырып, деректер қорына ақпарат енгізуіне рұқсат етеді.
Іздеу жүйесі деректер қорынан құжат іздеу, іздеу аймағына сұрау салу арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым сұраныс бір немесе бірнеше тірек сөздерден тұрады. Біздің ойымызша, олар бұл құжат үшін басты нәрселер болып табылады. Логикалық амалдар, шаблондар т.б. пайдаланатын күрделі сұраныстарды да пайдалануға болады.
Сұранысты жөнелткеннен кейін бірер секундтан соң іздеу жүйесі сізге өзіңіз көрсеткен тірек сөздер табылған құжаттар тізімін қайтарып береді. Іздеу жүйесіне Интернеттің орыстілдік бөлігі бойынша Rambler сервері, ал бүкіл Интернет бойынша Yahoo мысал бола алады.
Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды.
Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.
Интернетте ұсынылатын қызметтер. Қазіргі кездегі Интернет қолданушыларына ұсынылатын түрлі қызметтер тізімі өте көп. Соның ішінде өте кең тарағандары:
- Электрондық пошта (e-mail) –электрондық хаттарды жіберу және алу;
- Алыстағы компьютердегі файлдарға ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін қызмет;
- Бүкіләлемдік тор (WWW);
- Интернет арқылы сөйлесу (IP);
- Электрондық коммерция және банктегі счеттарды басқару;
- Ақпарат іздеу (web-беттерді, файлдарды, қолданушыларды және т.б.)
- Қолданушылар арасында өзара файлдармен алмасу және т.б.

Бекіту сұрақтары:

  1. Интернеттегі клиент-серверлік архитектура қызметі қандай?

  2. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі әрекеттесуі қызметін ата?

  3. Компьютерлік тораптарды ата?

  4. Интернеттегі тораптардың иерархиясын ата?

  5. Интернеттегі ISP, POP, NAP түсініктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет