§45-ты
оқып шығып, мына
сызбаны толтырыңдар:
Өмір сүрген жылдары-
Мінез құлық ерекшеліктері-
Ғылымға бейімділігі-
Қайда оқыды-
Кімдермен достасты?-
Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайы туралы көзқарасы-
Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы-
Ғалымны ғылыми мұрасы-
Терминдермен жұмыс:
Ағартушы
Декабристер
Корнет
Адъютант
Кумир
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 46. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақ поэзиясы мен музыкасы жайлы түсінік қалытастыру. Халықтың ән-күйі мен әдебие шығармашылығы тәуелсіздік, адамгершілік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеді;
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту, тарихи оқиғаға өзіндік көзұ\қарасын білдіре алуға үйрету.
Үй тапсырмасының сұрақтары параграфтың соңында берілген.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақ әдебиеті
М.Өтемісұлының шығармашылығы. ХІХ ғасырдың 40-60- жылдарындағы поэзия өкілдері.
Дәулескер күйші.
Айтыс өнері.
Әдебиет пәні мұғалімі оқушыларды қазақ музыканттары мен ақын-жырауларының өмірі және шығармашылығымен таныстырады. Әдеби туындылардың
мазмұнына талдау жасап, түрлі әдеби жанрларға түсініктеме береді. Күрделі шығармалардан үзінділер келтіреді.
Музыка пәні мұғалімі ұлттық музыкалық аспаптар жайлы сыр шертеді. Олардың үрлерімен таныстырып, ұлттық аспаптардың түрлі түсті суреттерін көрсетіп өтеді. Сабақты алдын ала әзірлеген сұрақтар бойынша еркін әңгімелеу түрінде өткізген жөн. Мұғалім әңгіме барысында оқушылардың ақындар, жыршы-жыраулар мен күйшілер жайлы білімдеріне сүйенеді. Одан рі оқушыларды бірнеше топқа бөліп тақырып материалдыры бойынша тапсырма беруге болады. Мұғалім оқушылардың топтарға бөлініп жұмыс істеуі барысында олардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін қадағалап отырады. Егер оқушылар тапсырмаларын сыныпта аяқтай алмай қалса, үде бітіріп келулеріне болады. Сабақ үстінде оқушылардың еркін шығармашылық көңіл күйін қалыптастыру үшін, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, білімге деген белсенділік деңгейін әрдайым есте ұстаған жөн. Музыкалық туындылардан үзінділер келтірсе, оқушылардың қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
Тапсырма: Тақырыпты оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Суырыпслма ақындар дегеніміз кімдер?
Ақындардың қоғам өміріндегі рөлі қандай?
Олар халық алдындағы өз міндеттерін қалай түсінді?
Қазақ айтыс өнердің ерекшелігі неді?
Сабақты бекіту:
Бүгінгі таңда біздің елімізде мәдениеттің түрлі бағыттарын дамытуға ерекше мән беріледі. Күнделікті баспасөз беттерімен теледидардан мәдениет қайраткерлері туралы айтылып жатады. Солардың қатарынан әйгілі айтыскер ақындардан кімдерді білесіңдер? Олардың шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?
«Аламан айтыс» хабары туралы пікірлерің қандай?
Бүгінгі әйгілі музыканттардан кімдерді білесіңдер? Олардың қандай әндері ерекше ұнайды?
Үйге тапсырама:
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, елемізге белгілі музыканттар мен ақындар туралы буклеттер дайындап келіңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 47. Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тоқталып, бүгінгі ұрпаққа Абайдың поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында қалдырған өлмес-өшпес шығармаларымен таныстыру;
Абай Құнанбаевтың шығармашылығының тарихи маңызы жайында жан-жақты әңгімелей отырып, оқушыларды әдебиет пен өнерді сүюге, рухани ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Оқушылардың ұлтытық рухани мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне деген ынтасын артыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ қоғамының қандай проблемалары әдебиеттен көрініс тапсы?
Параграфтың соңында берілген сұрақтар бойынша үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Ақынның балалық шағы.
Орыстың озық ойлы зиялыларымен қарым-қатынасы.
Абай – ақын, данышпан ойшыл.
Абай және халық ағарту ісі.
Абай аудармалары.
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихындағы орны.
Жаңа тақырыпты аралас сабақ түрінде өтуге болады. Оқушылар ұлы ақынның өмірі және шығармашылығымен жақсы таныс екені берлігі. Сондықтан сабақты әңгіме түрінде өткізген жөн. Абай есімі жер жүзі халықтары үшін Шекспир, Гете, Пушкин есемдерімен қатар тұр. Оның асыл сөздері тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды. Ақын таланты мен еңбегіне деген үлкен құрмет-1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуының әлемдік деңгейде тойлануы болды. Бұл дүние жүзі халықтарының ұлы ақынға, оның мәңгі жасайтын шығармаларына бас июі еді. Оқушыларға осы мерейтойдың қалай өткені жайлы айтып беріп, кесте толтырамыз:
Абайдың өлеңдері
|
Бағыты
|
Қысқаша мазмұны
|
Өз пікірің
|
|
Туған өлке табиғаты туралы
Халықтың өмірі туралы
Жастар туралы
Еңбек туралы
Оқу-ағарту, білімнің пайдасы жайлы
Аудармалары
Ел билеушілері жайлы
|
|
|
Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибратты, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол мәдени мұрасында аудармалары елеулі орын алады. Абайдың мұрасы қазақ мәдениеті мен әдебиеті тлінің дамуына үлкен ықпал жаады.
Сабақты бекіту:
Абайдың дүниетанымдық көзұ\қарасының қалыптасуына қандай фаторлар жағымды әсер етті?
Абай орыстың озық ойлы интеллигенция өкілдері және саяси жер аударылғандармен қандай қарым-қатынаста болды?
Патша әкімшілігі ұлы ақынды неліктен саяси сенімсіз деп тауып, оған бақылау орнатты?
Орыс және қазақ ақындарына тән ортақ тақырыптарды атаңдар.
Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы қандай? Өз жауаптарыңа дәлел келтіріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 48. Патша үкіметінің діни саясаты.
Сабақтың мақсаты:
Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының ерекшеліктерін, оның отаршылдық сипатын ашып көрсту;
Діннің қоғамдағы орны мен қызметі туралы оқушылардың ой-пікірлерін, көзқарасын қалыптастыру;
Оқушылардың рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: патша үкіметінің діни саясаты, миссионерлік іс-әрекет, қазақ қоғамының Ресей әкімшілігінің діни саясатына қарсылығы, вакуф, мүфти, неофит, ректут.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қазақстардың діні мен діни әдет-ғұрыптары.
Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты саясаты.
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ислам дініне қатысты саясатының өзгеруі
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі миссионерлік іс-әрекеттің күшеюі.
Қосымша сұрақтар:
(Тарих пәні курсының 6-7-сыныптарында өткен тақырыптар бойынша.)
Дін дегеніміз не?
Діннің пайда болуы неге байланысты?
Ежелгі дүние тарихы пәнінен қандай әлемдік діндерді білесіңдер?
Әлемдік діндер мен оның негізін қалаушыларды, қасиетті кітаптарды атаңдар.
Қазақстан аумағында орта ғасырларда қандай діни наным-сенім орнады?
Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы қазақтардың діни наным-сенімі қандай болды?
Патша үкіметі қазақ халқының діни сауатын ашу мен мұсылман дініне қатысты қандай саясат ұстанды.
Қазақ халқы ислам дінінің сунниттік бағытын ұстанды. Патша үкіметі өлкеге орталықтан шаруаларды
көптеп қоныс аударып, жегілікті тұрғындардың әлеуметтік-шаруашылық және рухани өміріне қысым жасады. ХІХ ғасырдың басынн бастап отаршыл әкімшілік қазақ халқын шоқындыруға кірісе бастады. Бұл әрекет әрине қазақ халқы тарапынан үлкен қарсылық тудырды. Тіпті қарулы қақтығыстарға дейін жетті. Өлкедегі патшалық Ресейдің діни саясатының мазмұнын ұғынуға мүмкіндік беретін хрестоматиялық деректерден үзінділер келтірген жөн. Оқушылар құжат материалдарынан патша үкіметінің қазақ халқын шоқындыру арқылы орыстандыру саясатының мәнін түсіне алады
Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты туралы кесте толтырамыз:
Мақсаты, іс-шаралары, нәтижелері
|
Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты саясаты.
|
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ислам дініне қатысты саясатының өзгеруі
|
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі миссионерлік іс-әрекеттің күшеюі.
|
Патша үкіметінің бұл саясаты қандай мақсатты көздеді?
|
|
|
|
Дін саясатын жүзеге асыру үшін қандай іс-шаралар қолданылды?
|
|
|
|
Патша үкіметі жүргізген дін саясатының нәтижелері мен маңызы қандай болды?
|
|
|
|
Сабақты бекіту:
Қазақ халқының діни наным-сенімдерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
Қазақ халқының өмірінде діннің маңызды орын алған фактісін немен түсіндіруге болады?
Халықтың кейбір жерлеу дәстүрлерінің бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Қазақ халқының қандай діни әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дін саясатына қандай оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізді?
Қырғыз миссиясы Семей облысы аумағында немен айналысты? Қазақ халқы патша үкіметінің дін саясатына қалай қарады?
Бүгінде біздің елемізде түрлі діни ағымдар ірекет етеді. Мемлекетіміздің дін саясаты туралы не айта аласыңдар?
Діннің қоғам өмірінде атқаратын рөлі қандай?
Үй тапсырмасы:
Оқулықтың 339-бетіндегі құжатпен жұмыс.
Сұрақтар:
Автордың пікірі бойынша қазақтар арасында христиан дінін таратушы миссионерлердің қызметіне ең басты кедергі болған не нәрсе еді?
Қазақтар христиан дінін қабылдаған адамдарға қалай қарады?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
8-сыныпта өтілген материалдарты толығымен қайталата отырып, жыл бойында алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер
Сабақтың барысы:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ халқының діни наным-сенімдерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
Қазақ халқының өмірінде діннің маңызды орын алған фактісін немен түсіндіруге болады?
Халықтың кейбір жерлеу дәстүрлерінің бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Қазақ халқының қандай діни әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дін саясатына қандай оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізді?
Қырғыз миссиясы Семей облысы аумағында немен айналысты? Қазақ халқы патша үкіметінің дін саясатына қалай қарады?
Бүгінде біздің елемізде түрлі діни ағымдар ірекет етеді. Мемлекетіміздің дін саясаты туралы не айта аласыңдар?
Діннің қоғам өмірінде атқаратын рөлі қандай?
Қайталанатын материалы:
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.
Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі
Сабақты бекіту:
Бағалау: Жылдық қорытынды балағаларын қою. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасы: Өткен материалдарды қайталау