6 ә– 5.09.2016ж
6 в- 6.09.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы №1.
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы турала айта отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы , сонымен қоса Грекия, Рим, Хетт, Финикия, Палистина т.б. елдер туралы өтетіндігімізден хабардар ету.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқулықпен, авторларымен таныстыру.
Сабақтың түрі: Кіріспе
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, кітап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы зор. Оны оқу барысында адамзаттың алғашқы даму жолы, мемлекеттердің даму заңдылықтары, әлеуметтік-шаруашылық салаларындағы өзгерістердің себептері мен салдарлары, рухани өмірде қол жеткен табыстар, т.б. туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл пәннің тәрбиелік мәні де үлкен.
5-сыныпта «Ежелгі дүние тарихы» пәні оқытылды. Ал 6-сыныптың дүние тарихы соның жалғасы.
Қазірге дейін қолданып келген 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы оқытылғанымен, тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарас басым болды. Бұл көзқарасты ұстанған ғалымдардың оқулықтары ежелгі Грекия мен Римнің тарихын көбірек оқытуға баса көңіл аударды. Осы жағдай басқа халықтардың көне тарихын оқып үйренуге нұсқан келтірді. Орта және Орталық Азияның ежелгі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады. Сондықтан да олар туралы мектептерде нақты білім берілмей келді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында бұл оқулыққа Орта және Орталық Азияда қалыптасып, дамыған ежелгі Бактрия, ежелгі Кушан, ежелгі Парфия патшалықтары туралы жеке тақырыптар енгізіліп отыр.
Сонымен қоса 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында оқушылардың өздігінен оқуына лайықталған материалдар берілген. Оларды оқу тарихы жағдайлар мен оқиғаларды терең түсінуге көмектеседі.
ІІІ. Сабақты бекіту: «Ежелгі дүние» атты тақырыпта эссе жазу.
IV.Бағалау:
Ү. Үй тапсырмасы: Кіріспені оқып келу.
6 ә– 19.09.2016ж
6 в- 13.09.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы - №2.
Сабақтың тақырыбы: § 1. Шумер және Аккад
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.
Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден келіп орналасып, екі халықтық топ ең еделгі мәдени орталықтардың бірін негіздегенін жеткізу.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанға сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Театрландырылған сабақ. Жаңа сабақты баяндау, тапсырмамен, картамен жұыс т.б.
Сабақтың көрнекілігі: «Египет және ежелгі Алдыңғы Азия» картасы, 6-сыныпқа арналған «Ежелгі
дүние тарихы» оқулығы. (Төлебаев Т., Құсайынова Р. Дәкенов М.). Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
6 сыныптағы дүние тарихы қай кезеңді қамтиды?
Ежелгі дүние тарихы қандай материалдарды оқытады?
Ежелгі дүние тарихының әлем тарихында алатын орны қандай?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары.
Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.
Қосөзен қалаларының бірігуі.
Сабақты бастағанда Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығананыға құятынын картадан көрсетемін.
Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс көп өскен.
«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.
Көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендердің алдарыңда тұрған мұғалім емес, ежелгі Месопотамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан елі жайлы, ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер мен жануарлар өсетіні, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені жайлы сұрап алыңдар».
1.Кестені толтырыңдар
Қосөзендік қала-мемлекеттерінің басқару жүйесі
|
Нубанда
|
|
Машки
|
|
Дуггур
|
|
Гал-уку
|
|
Дамкар
|
|
2.Тапсырманы орындаңдар.
Шумер және Аккад қала-мемлекеттеріне және Урдың ІІІ әулеті билігіне қысқаша мағлұмат жазыңдар
Шумер мемлекеті
|
Аккад мемлекеті
|
Урдың ІІІ әулеті
|
|
|
|
Ү. Сабақты бекіту:
Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Сонағ қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т.б. шет жаққа шығарыла бастады.
Айтыңдаршы, Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық өнім өндіре алды ма?
Қосөзенде мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?
Қосөзен деп қандай өзендерді атайды?
Қала-мемлекеттер дегенді қалай түсінесіңдер?
Шумер билеушілерінің атаңдар?
Аккад мемлекеті қай билеушінің кезінде гүлденді?
Урдың ІІІ әулетінің билігі қалай орнады?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау:
ҮІІІ. Үйге тапсырма..№1 оқып келу, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Кестені толтырыңдар:
Оңтүстік Қосөзендегі шаруашылықтың дамуына мүмкіндік туғызған жағдайлар
|
Шаруашылықтың дамуына кері әсер еткен жағдайлар
|
|
|
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы - №3 6 ә– 19.09.2016ж
6 в- 20.09.2016ж
Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.
Дамытушылық: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне айналғаны жайлы айту.
Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелгенін оқушыларға жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:
Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.
Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ: Сабақтың жоспары:
Вавилонның өрлеуі
Хаммурапи заңдары
Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.
Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға кірісемін.
Вавилон
Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.
Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба,ындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.
Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:
Қаланың орталық алаңындағы үлкен қақпаның кіре берісіне неге кілем төселген? Ел кімге иіліп сәлем беріп жатыр? Қақпаға үлкен күйме жақындап келеді. Бұл кім болды екен? Оқушылар өзойларын айтады.
Бұл кісінің кім екенін осы қаланың бір тұрғындарынан сұрайық. Қала тұрғыны-вавилондық бала рөлін бір оқушы ойнайды.Вавилондық баланың әңгімесі..
Ү.. Жаңа сабақты пысықтау
Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс істеймін.
Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең еделгі заң үзінділерінде былай делінген:
186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейн ол бала өз әкесі мен шешемін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен шешесін үйіне қайтып бара алады.
188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне үйретс, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа тартылады.
Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды білдіріңдер.
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма беру - №2оқу, соңындағы сұрақтарға жауап беру.
6 ә – 26.09.2016ж
6 в -27.09.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы - №4
Сабақтың тақырыбы: §3. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
Білімділік: адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелетін Қосөзен туралы, көптеген халықтардағы сияқты діни түсініктерге байланысты дүниеге келген Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар жайлы баяндау.
Дамытушылық: Қосөзенде қалыптасқан дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі, оны дүниеге келтірген шумерліктер туралы айту. Барлық оқушыларды сабаққа жұмылдыру, соның нәтижесінде бүкіл сынып білімін жетілдіре түсу.
Тәрбиелік: Әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі туралы баяндау.
Сабақтың әдісі: «Гильгамеш туралы аңыз» дастанының мазмұнымеен таныстыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы жазу суреттер жобасы тақтаға сызылады. Мүсіндердің макеттері қойылады.
Сабақтың барысы:
Вавилонның өрлеуіне қандай жағдайлар әсер етті?
Хаммурапи заң шығарарда қандай мақсаттар көздеді?
Вавилон қаласы алыстан қараған адамға қалай әсер ететін еді?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары
Гильгамеш туралы дастан
Сына жазу
Өнері
Аспалы бақ
Діни түсініктер
1.«Гильгамеш туралы дастан» - Қосөзендегі алғашқы әдеби шығарма.
Гильгамеш туралы дастан
2.Сына жазу – оны ең алғаш шумерліктер дүниеге әкелді.
Шумерліктердің
жазу
жүйесі
Балаларға ертегі, дастандарды айтып берген жөн бе немесе оқып беру керек пе? Бұл сұрақтың жауабы бала ықыласына және дастанның мәніне байланыстырамын
Ертегі кітабына неше мәрте үңіліп, оның мәнін әбден ұғынамын. Ертегінің көркемдік дәрежесі жоғары болған сайын айтушы да шабытпен кіріседі және әңгімесі әсерлі шығады. Көркем шығарма әсерімен оқушыларды рухани ғажайып ертегілер өлкенісне ертіп әкетуге болады. Олар нағыз өмірден мыстан кемпірді, сөйлейтін аңдарды, сиқыршыларды, алыптар мен ергежейлілерді көруге болмайтынын білсе де ертегіге сенеді. Ертегіні талдай түсіндіріп, оны баланың жанына жеткізудің ерекше мәні бар.
Енді жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, «Гильгамеш таралы аңцз» дастаныының мазмұнын айтып беремін.
Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасқаны, оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген шумерліктер екені баяндалады.
Олардың алғышқы жазуы арқылы, әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы қалыптасады. Мысалы, «құл» жеп жазу үшін жұмыртқа суретін салды. Ал «туу» немесе «дүниеге келді» деген ұғымды білдіру үшін құс пен оның жұмыртқасын бірге салғанын салып көрсетемін.
Осылайша суреттердің орнына сурет таңбаларын пайдаланып жазу пайда болды. Бірақ бұл жазу да күрделі, қиын еді. Кейінірек әр сөзді нақты таңбамен жазу үшін таңбалар қолданылғаны белгілі. Міне, осылайша еделгі шумерлік әріп қалыптасты. Дегенмен кейбір әріптер бірнеше мағына беретін еді.
Ежелгі Қосөзен өнері туралы айтқанда б.з.б. VI ғ. Вавилон қаласының суретін пайдаланамын. Вавилон құрылыстарының ішінде ең құдіреттісі-Иштар құдайдың құрметіне арналып салынған қақпа. Олардың барлығы мыстан жасалған. Қақпаның мұнаралы дуалына айбат шеккен арыстандар мен аждаһа бейнелі қасиетті жануарлар бейнеленген. Күйдірілген, түрлі-түсті кірпіштер бұл жануарлар бейнесін ерекшелендіре түсетін.
Қақпадан енген адам тас төселген жолмен алыстан көренген мұнараға қарай жүретін. Ол биік мұнара құдіретті Мардук құдайдың ғибадатханасының мұнарасы еді. Мұнара биіктігі оның басына қараған адамның бөркі жерге түсердей еді.
Вавилон аспалы бағымен, зәулім мұнарасымен әлемге әйгілі. Мұғалім одан әрі Аспалы бақтың тарихын айтып беремін.
Қосөзендіктердің өнері мен діни түсініктер туралы оқулық бойынша баяндаймын.
Ү. Жаңа білімді пысықтау.
«Гильгамеш туралы дастанда» не баяндалған?
«Сына жазу деген не?
Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?
Қосөзенде қандай құдайлар болған?
Абыздар деген кімдер?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: §3 оқу, тапсырманы орындау
6 ә – 3.10.2016ж 6 в -4.10.216ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы - №5
Сабақтың тақырыбы: §4. Египетте мемлекеттің қалыптасуы
Білімділік: Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.
Дамытушылық:мемлекеттің пайда болуы жайлы 5-сыныпта алған түсініктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері дамығандығы жайлы әңгімелеп, балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласмының қолымен жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырамын сұрау.
«Гильгамеш туралы аңызда» не туралы баяндалады?
Дастан не туралы?
Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары:
Ніл алқыбының табиғат жағдайлары.
Нілдің тасуы
Алғашқы мемлекеттер
Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.
Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
Алғашқы қауымдық қрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыңдар?
Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлініп, біреуді біреу қанау деген болып па еді?
Оқушылар салыстыру арқылы жауап беруге тырысады. Тақтаға тірек сөздер жазылады: 1) адамды адамның қанауы; 2) теңдік; 3) тап.
Перғауын (фараон) өз ұлына жазған өсиетінде былай деді: «Кедейлерге еш уақытта сенбе, кедейлер ең беріспес жауың: патша өзінің әйгілілігімен даңқты, өз әскеріңді алға сүйре, малмен,жермен, мүлікпен сыйла, оларды сыйға тарт».
Перғауын неге кедейлерді қас жау деп есептейді? Патшалығының даңқын шығару үшін ұлына қандай өсиет қалдырды? Перғауын кімнің мүддесін қорғады?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін «мемлекет» және «ел» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты ашып көрсетемін.
Оқушылар оқулықтың 25-бетін оқып шыққаннан кейін «Алғашқы қауымдық құрылыста мемлекет болды ма?» деген сұрақ қоямын. Билік басында ақсақалдар кеңесі мен көсемі болғанын оқушылардың есіне сала кетемін.
«Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі биліктен мемлекеттің айырмашылығы қандай?»
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін «мемлекет-бұл күш қолданылатын, күшке сүйенетін билік (әскер, сақшылар т.б.)» деп түйіндеймін.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
түсінікті болуын пысықтау барысында оның мәнінің тереңірек ашылуына, оқушылардың оның қыры мен сырана қаныға алуына байланысты болмақ.
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Египетте құлиеленушілік құрылыстың түбегейлі орнап, бекігені туралы айт. Еңбек өнімділігінің артуына және ауыл шаруашылығының дамуына бұл жағдайдың әсері болды ма?
Египеттің б.з.б. 1500 ж. Басқыншылық жорықтарын контур картаға түсіріңдер, шекарасын көрсетіңдер. Соғыста қолға түскен тұтқындар неге «бағалы» табыс болып есептеледі?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §4 – оқу, тапсырма орныдау, соңындағы сұрақтарға жауап беру
6 ә – 10.10.2016ж
6 в -11.10.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы - №6
Сабақтың тақырыбы: § 5. Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым
Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет, ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын туралы ұғымдарды дамыту.
Дамытушылық: Ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету.
Тәрбиелік: Қолөнершілердің еңбегі, олардың ептілігі және төзімділігі жайлы баяндай отырыпы, оқушыларды еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: сурет, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.
«Ніл-құтты мекен» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың жоспары
Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы
Шоншарлар
Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтар
Құлдардың еңбек жағдайы
Шаруалардың жағдайы
Қолөнершілердің еңбегі мен халі
Тас қалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегі
ІІІ Тутмос жүргізген тағы бір қанды шайқас аяқталды. Перғауынның байлығына тағы байлық қосылды. Жорықтан әскербасы да оралды, оның байлығы бұрынғыдан да арта түсті. Шайқастарда жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Соғыстан оралған ол үйіне келгенде не көрді?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, қарапайым халықтың жағдайын түсіндіруге көшемін. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралғандықтан ешбір еңбекке жарамсыз болды, нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен, яғни ежелгі Египетте адамдар бай және кедей топтарға бөліне бастады.
Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
Соғыста қолға түскен құл неге бағалы табыс болып есептелді? Неге оларды «тірі өліктер» деп атады?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң құлдардың ең ауыр жұмыс атақарғандығын, олар егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда еңбек етіп, үлкен харамдар мен фараондардың зираттарын салғанын баяндаймын.
Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?
Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?
Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.
№
|
|
Құл
|
Шаруа
|
Колөнерші
|
Тау-кен жұмысшылары
|
1
|
Нені иемденді?
|
|
|
|
|
2
|
Қандай жұмыстар атқарды?
|
|
|
|
|
3
|
Қандай құқықтары болды?
|
|
|
|
|
Египетте б.з.б. ІІ мыңжылдықта құлдар шаруашылықтың барлық саласында еңбек етті. Шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін егіп, оны жинады, тау-кен жұмыстарын істеді.
Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген:заттай алым-салық төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін есептеген.
Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге жақпайтын жұмыс.
«Шаруаларға келсең осы,-дейді салық жинаушы,»- «Өнім жоқ»- деп ренжиді де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.
Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.
«Шонжар» ұғымы туралы баса айтып кетемін. Оларды тікелей перғауында өзі тағайындайды, шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты.
Перғауындар мемлекеттің шаруалар мен құлдарды басып-жаншитын құлар болғанын, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғап отырғанын сабақ барысында қорытындылап, түйіндеймін. Сондай-ақ ежелгі Египет патшаларының бүкіл Египет халқы мен табиғат байлықтарына иелік етіп, билеп-төстегені, шонжарлардың мүддесі үшін еңбеккерлерді аяусыз қанағаны туралы баяндаймын.
Перғауындар шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға құнарлы жерлерден тұтас мекендер беріп, шондардар өмірі мен олардың дүние-мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалағанын айта отырып, перғауын мен шонжарлар бейнесін аша түсемін.
Оқулықтағы суреттерге оқушылар назарын аудару.
Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санайтына тоқталып, тақтаға «Перғауын» («фараон») сөзін жазып, египеттіктерше «перо» сөзі «үлкен үй», «патша сарай» деген ұғымды білдіретінін айтамын.
Шонжарлар тобына кімдер жататынын тақтаға жазып қоямын. Олардың тұмыс жағдайы туралы бір оқушыға кітаптан оқытамын.
Перғауындардың жақсы дайындығы бар, жаттықтырылған, тұрақты әскер құрғаны туралы баяндай келіп, ІІІ Тутмостың негізгі әсер құрамы жаяу әскерден тұрғанын, құлдар әскерге шақырылмағанын, негізгі әскер құрамы шаруалар болғандығын айтамын.
Тәжірибелі әскербасылар қарамығындағы жаынгерлерін сапта жүру, садақ ату сияқты әскери өнерлерге үйретті. Жалқауларға дүре соғылды. Бейбіт уақытта жауынгерлер жұмыстың небір ауыр түрлерін атқарды.
Соғыс тактикасында жеңіске жету көбінесе жаяу әскердің іс-қимылдарына байланысты болды. Жаяу әскер садақпен қаруланды. Ауыр қаруланғандардың қолында қалқаны, ұзын найза, балтасы болды.
Соғыс қару-жарақтарын жасаған кезде қола кеңірек қолданыла бастады.
Жеңіл арбалы атты әскер құрамы пайда болып, соғыс тактикасына үлкен өзгерістер әкелгенін, оған тек бай-шонжарлар, ауқатты әскербасылар мінгенін айта кетемін. Ал олардың қолбасшысы болып, әрине, перғауынның баласы ғана тағайындалды.
Сондай-ақ перғауындардың Азия мен Африка елдеріне ақы төлеп, әскер жалдағанын айта кетемін.
Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң: «Шаруалардан құрылған әскерге қарағанда жалдамалы әскерлер әскери сапасы жағынан ерекшелеу болды. Соғыс өнерін жақсы білді. Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы әскерлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? Қандай жағдайларда сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?» деген сұрақтар қоя отырып, әскердің екі түріне мінездеме беруге көшемін. Әскерге алынған шаруаларды перғауындар соғыс өнеріне үйретті, жаттықтырды. Бірақ әскери жорықтар кезінде шаруаның ойында, санасында ауылы, шаруашылығы тұрды. Алдағы шайқасты ойлап келе жатқан ол жоқ, шаруашылықты басқаруға отбасының шамасы жете ме, күзгі өнімді жинай ала ма-міне, оны осы ойлар қинайды.
Жалдамалы әскердің негізгі міндеті-жорыққа қатысу, соғыс тактикасын үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністі алуға бар күшін салады. Ал егер Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?
Осы сұрақтар арқылы жалдамалы әскердің жақтарын ашып көрсетемін.
Перғауындар жаулап алған елдерін аяусыз талан-таражға салды. Египет әскерлері мол олжамен оралып отырды. Алтын тиеген кемелер, тең-тең маталар, бағалы ағаштар, әшекей бұйымдар, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқылар әкелді. Осылардың ішіндегі бағалысы тұтқындар еді.
Ү.Сабақты бекіту
«Шаруа дегеніміз кім?
Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
Оны кім және қалай қанады?
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»
Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру.§5 – оқу, соңындағы сұрақтарға жауап беру
6 ә – 17.10.2016ж
6 в- 18.10.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы - №7
Сабақтың тақырыбы: §6 Египеттегі ғылым мен мәдениет
Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру
Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, суреттермен жұмыс.
Суреттің түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т.б. суреттер, иллюстрауиялар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
«Шаруа дегеніміз кім?
Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
Оны кім және қалай қанады?
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»
Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары:
Египеттің жазуы
Математикалық білімдер
Ежелгі Египет діні
Египеттегі храмдар
Пирамидалар салу.
Үлкен Сфинкс.
«Миф» сөзінің қандай мағына білдіретіні түсіндіріліп, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
Ежелгі Египетте халық ауыз әдебиеті ерекше дамығанын, шығармалар мазмұнында халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталғанын айта келіп, егер уақыт жетсе, оқушылардың біреуіне шытарман оқиғалы «Синухеттің басынан кешкендері» шығармасын дауыстап оқытамын. Содан кейін оқушылардың шығарма мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын. Ежелгі Египетте Ніл өзені, құдайлар мен перғауындарды мадақтайтын гимндер мен өлеңдер де болғанын айтамын.
Египет кедейлерінің ауыр тұрмысы мен ащы зар-мұңын білдіретін көптеген әндер мен мақал-мәтелдері туралы немесе «Астық тасушының әні» жайлы баяндаймын.
Күн құдайы Амон-Раны ежелгі египеттіктер ең құдіретті, көркем құдайымыз деп санады. Олардың ойы бойынша перғауындар адамдарды қалай басқарса, Ра құдай да солай басқарды. Ол күндіз аспанға алтын қайығымен келіп, кешкісін азыққа кетеді.
Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып есептелінеді?
Оқушылар жауабын толықтыра отырып ежелгі египеттіктердің ең алғашқы діни сенімдері Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталғанын айтамын. Египеттіктер құдайдарды жануар басты адам бейнесінде елестеткен (оқушылар назарын кітаптағы суретке аударады.)
Олар адамдар құдай жолымен жүрмесе, құүдайлар ашуға мініп, бүкіл елді бақытсыздыққа дашар етеді деп ойлады. Сондықтан олар құдайларға сый-сыяпат жасап, көңілдерін аулауға, жалбарынып, мейіріміне бөленуге тырысқан.
Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың ұлы», құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген.
Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?
Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.
Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің «Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.
Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.
Құдайлардың аттары
|
Олар табиғат құбылыстары мен шаруашылықтың қандай түрлерін бейнелейді?
|
Олар құлиеленушілік құрылысқа қандай әсерін тигізді?
|
|
|
|
Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.
Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?
Храмдарды безендіру мен сәулет өнері де алғаш ежелгі Египетте өркендеп, дамыды. Египеттіктер әлемде тұңғыш рет тастан қаланған, аспанмен тілдескен керемет құрылыстар сала білді. «Египеттегі құрылыстар жайлы кім айтып береді?» деген сұраққа оқушылар жауабын тыңдап болған соң, Ніл өзенінің батыс жағындағы аспанмен тілдескен әлемнің жеті кереметінің бірі- пирамидалар жайлы сөз қозғаймын. Бұлар-перғауындардың мазарлары. Ең бірінші пирамида Жосер перғауынға арнап салынған екен. Ал ең биік пирамида б.з.б. 2600 жылдардың шамасында Хеопес перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150 метрге жуық. Оны айналып шығу үшін бір шақырымға жуық жол жүру керек. Пирамида тарихын бір оқушыға оқытамын. Ол дауыстап оқып шыққаннан кейін ойын тұжырымдап, дәптерге түсіреді.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
Египетте жазу қалай пайда болды?
Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыды?
Ежелгі Египетте шығармалардың қандай түрлері болған?
Пирамидалар не үшін салынды?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма: §8 оқу, соңындағы сұрақтарға жауап беру.
6 ә– 24.10.2016ж
6 в -25.10.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы №8
Сабақтың тақырыбы: § 7. Ежелгі Ассирия.Урарту мемлекеті
Білімділік: Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны, сонымен қатар Урарту мемлекетінің дамуы мен гүлденуі таралы баяндау.
Дамытушылық: Ассирия билеушілері Жерорта теңіщінің шығыс жағалауындағы елдерге үстемдігін күшейту және Египетті жаулап алу мақсатында жорыққа дайындалғанын, сөйтіп Ассирия б.з.б. VII ғасырда орасан зор аумақты бағындырған әскери мемлекетке айналғанын жәнеУрартудың гүлденуі туралы баяндай отырып, оқушыларды білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Ассирия әдебиетінің өзіндік сипаттарына әсіресе ассирия жылнамасының ерекшеліктеріне, Урартудың мәдениеті тоқталу, шәкірттердің сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау.
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «б.з.б.XVI-Viғасырлардағы Алдыңғы Азия» оқу картасы. Суреттер: «Ассирия жауынгерлері», «Қос дөңгелекті арбадағы урарту жауынгері», «Адам басты, қанатты арыстан» (мүсін) т.б.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Египетте жазу қалай пайда болды?
Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыды?
Ежелгі Египетте шығармалардың қандай түрлері болған?
Пирамидалар не үшін салынды?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
Табиғат жағдайлары
Ассирия мемлекетінің құрылуы
Ассирияның отаршылдық саясаты.
Мәдениеті.
Урарту мемлекеті
Ассирия мемлекеті – Вавилонның солтүстігіндегі ірі мемлекет.(қазіргі Ирактың солтүстік-шығыс)
Шаруашылығы
Ашшур қала-мемлекеті- б.з.б. ІІ мыңжылдық пайда болды.
Әскери ісі
Ассирияның отаршылдық саясаты
Кесте.
Ассирияның мәдениеті
|
Урартудың мәдениеті
|
|
|
Урату мемлекеті – б.з.б. ІХ ғасырда асссирияның солтүстігінде қазіргі Армения жерінде пайда болды.
Урарту мемлекеті
Ү.Жаңа сабақты беркіту:
1. Ежелгі Ассирия қашан пайда болды?
2.Ассирия қашан қуатты мемлекетке айналды?
3.Ассирияның мәдениеті туралы айтыңдар?
4.Урарту қай жерде орналасты?
5.Урарту мәдениеті қандай болған?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма №7 оқу берілген тапсырмаларды орындау
6 ә – 7.11.2016ж 6 в – 8.11.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы №9
Сабақтың тақырыбы: § 8. Хетт патшалығы.
Білімділік: Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын баяндау.
Дамытушылық: Хетт державасының гүлдену және құлдырау себептерін түсіндіру.
Тәрбиелік: Білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: интарактивті, тапсырмалар орындау
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы, суреттер, тапсырмалар
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқулықтағы картадан немесе атластан Ассирияны табыңдар. Ассирияның әскери өнері жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар.
Ассирия патшасы өзінің Вавилонға жасаған жорығы туралы әңгімесінде былай дейді: «Мен оның қазынасын аштым, алтындары мен күмістерін, асыл татарын, қисапсыз байлығын алдым... Олардың дүниесін иелендім...»
Ассириялықтардың басқыншылық жорықтарынан қандай қорытынды жасауға болады? Ондағы отаршылдық саясаттың мәнін неден көреміз?
Ассирия заңдарын оқып шығыңдар: Ассириядағы жер иелену тәртібі туралы не ойлайсыдар? Жалпы Алдыңғы Азия елдерінің заңдарында қандай ұқсастықтар бар?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ.Жаңа сабақ жоспары:
Кіші Азияның табиғаты.
Хетт патшалығының құрылуы.
Хеттердің өмірі мен тұрмысы.Мәдениеті
Картаны пайдалана отырып, Кіші Азияны үш жағынан – солтүстігінде Қара теңіз, батысында Мәрмәр және Эгей теңіздері және оңтүстік-батысында Жерорта теңізі қоршап жатқанын баяндаймын. Кіші Азия таулы-үстірті әрі далалы өлке. Егістікке қолайлы, кең алқыпты жазықтар аз. Мұнда ірі өзендер де жоқ. Енді үлкен өзен-ежелгі Галис, ал қазір Қызыл Ирмак деп аталатын өзен ғана.
Мал өсіру (әсіресе жылқы өсіру) басым болды, жайылымға жарайтын дадалы алқыптардың көп болуы бұған қолайлы жағдай туғызды. Бал арасын өсірудің маңызы зор болғанын да айтамын.
Тау қойнауларында күмі, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп еді. Сол себепті де оңтүстік тау жоталары Күміс таулар деп аталған.
Хетт патшалығының құрылуы туралы айтқанда билеушілер билігіне тоқталып, патша билігін мұралану, балаларына мұра ретінде беру елдегі билік үшін таласты күшейтіп, мұның өзі мемлекетті әлсіретіп жібергенін баяндаймын, Телепин атты патшаның Хетт патшалығын нығайтуы жайлы әңгімелеймын.
Хеттердің өмірі мен тұрмысын оқулық көлемінде түсіндіремін. Тақтаға төмендегі кесте сызылып, оқушылар көмегімен толтырылады.
Мемлекет аты
|
Өмірі мен тұрмысы
|
Мәдениеті
|
Құдайлары
|
Құрылыс өнері
|
|
|
|
|
|
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Оқулықтың 62-бетіндегі Хетт заңдарын оқи отырып, вавилондық және ассириялық заңдармен салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар деп ойлайсыңдар?
2. Ежелгі Хетт мемлекеті қайда орналасқан?
3. Хеттердің шаруашылығымен тұрмысы туралы айтыңдар?
4. Хетт мәдениетінің маңызы неде?
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма: §8. Сұрақтарға жауап беру
6 ә – 14.11.2016ж 6 в-15.11.2016ж
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы №-10
Сабақтың тақырыбы: § 9. Ежелгі Финикия мен Палестина
Білімділік: Финикия тарихының басты ерекшеліктері және палестина туралы баяндау.
Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Білікті, иманды, азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тапсырмалармен жұмыстар
Сабақтың көрнекіігі: «Финикия колониялары» оқу картасы, Финикия, грек және латын алфавиттерінің салыстырмалы таблицалыры.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1. Оқулықтың 62-бетіндегі Хетт заңдарын оқи отырып, вавилондық және ассириялық заңдармен салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар деп ойлайсыңдар?
2. Ежелгі Хетт мемлекеті қайда орналасқан?
3. Хеттердің шаруашылығымен тұрмысы туралы айтыңдар?
4. Хетт мәдениетінің маңызы неде?
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары:
Табиғи –географиялық жағдайы
Финикия қала мемлекеттері
Израил-иудей мемлекеті
Израил-иудей мемлекеттінің құрылғаны жөнінде оқулық көлемінде баяндалады.
Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті
Финикия халықтарының әлемдік мәдениетке қосқан бағалы үлесі-алфавитті ойлап табуы. Жазудың бұл жүйесі б.з.б. ХІІІ ғасырда жасалған еді. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ақырына таман жаңа алфавит жасалып, бүкіл әлемге тарады. Оның негізіне біраз өзгертілген Египет иероглифтері алынған деген болжам бар.
Финикия алфавитінжасаушылар бар болғаны 22 әріппен, онда да дауыссыз дыбыстармен ғана шектелген. Көптеген халықтар-әуелі еврейлер, артынан арамейлер осы алфавитті қабылдады. Арамейлер оны (кейбір өзгерістер жасай отырып) шығысқа, Үндістан мен Орталық Азияға дейін таратты. Батыста Фиикия алфавитін гректер қабылдап алды, олар кей таңбаларға дауысты дыбыстың мәнін берді және жазудың бағытын солдан оңға қарай жазатын етіп (ал финикиялық-еврейлік бағыт оңнан солға қарай болатын) өзгертті
Финикиялықтардың діни нанымдары бізге жеткен жырларда баяндалған. Олардың діни түсініктерінің басқа елдерден-Египет, Вавилон ерекшелігі-бір құдайға табынушылықтың болмауы. Әрбір қала -мемлекеттің өз құдайы болды. Мифтік шығармалардың ішінде таралғаны – «Ваал және Алийян» дастаны. Ваал-көктем құдайы, Алийян –оның ұлы.
Еврейлердің басты құдайы Яхве деп аталды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді. Патша-құдайдың ұлы, оны тыңдап, құрметтеу қажет. Ол құдайлар сияқты күнге, жаңбырға әсер ете алады деп ойлады.
Ү. Жаңа білімді пысықтау.
Оқылған ережелер мен тұжырымдар бойынша оқушылардың өздеріне мысалдар келтіру.
Пысықтауды карталар мен схемалар т.б. арқылы жүргізу.
Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалану қажет ететін қосымша тапсырмалар орындауға жаттықтыру.
ҮІ.Қорытындылау
ҮІІ.Бағалау ҮІІІ.Үй тапсырмасы: §9
Оқулықтың 68- бетіндегі тапсырма-сұрақтарға жауап беру.
Израил-иудей тарихынан үзінді оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |