г)жаңа сөздермен қосымша жұмыс
1) үш тілге аудару
Енді мына сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша қалай болатынын айтайық.
Кітапхана-библиотека
Кітап-книга
Кітапханашы-библиотекарь
2 ) Ой толғаныс сатысы (синквейн құру)
- Енді біз сіздердің шығармашылық қасиеттеріңізді әрі қарай «Синквейн» тапсырмасы арқылы көрейік. «Әлем»әр топқа бір жаңа сөзден беремін.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Кітапхана Кітап Кітапханашы
Синквейн құру ережесін қайталап жіберейік.
-Осы сөздерге өлең жолдарын құрастырыңыздар.
1. 1 сөз зат есім
2. 2 сөз сын есім
3. 3 сөз етістік
4. 4 сөзден тұратын сөйлем
5. 1 сөзге синоним (Әр топтың жауабынан кейін, оқушылар 3 рет шапалақтайды).
Жарайсыңдар!
г) кітаппен жұмыс. (54 бет 2-тапсырма)
Кітапхана тарихынан
Кітапхана жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте замандарда пайда болған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі болды. ІХ-ХІ ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Хорезм, Үргеніш қалалары ғылыми және кітап қорларымен аты шықты.
Қазақстандағы кітапханалар тарихы ІV-V ғасырларда Қаңлы патшалығы сарайындағы кітапханалардан, ХІ-ХІІ ғасырлардағы Отырар кітапханасынан басталды. Қазақстанда алғашқы кітапханалар Оралда (1880 ж.), Семейде (1883 ж.), Зайсанда (1896 ж.), Павлодарда (1892 ж.), Қарқаралыда (1892 ж.), Өскеменде (1896 ж.) ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |