Сабақтың тақырыбы: Лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру



Дата31.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#130234
түріСабақ

1.Алгоритм дегеніміз не? 2. Алгоритм нешеге бөлінеді? 3. Бутерброд дайындау алгоритмін құрыңыз? 4. Алгоритмнің блок-схемасын сызып көрсетіңіз? 5. Басы 88-ге 28-ді қос Нәтижесінен 55-ті азайт Шыққан санды хабарла Соңы.

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату.
  • «Көңілді қалпақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау

Тақырып ашу: «Сәттілік тілегі» әдісі

  • Балалардың бәрі тақтаға шығады.Бір бетіне әріп, екінші бетіне сан жазылған парақты таңдап алады.Әріп жазылған бетті қаратып тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа «сәттілік тілегін» тілейді.Содан кейін сандар рет-ретімен орын ауыстырып, әріпті көрсетеді.Осылай сергіту сәті арқылы тақырып ашылады.

Сабақтың тақырыбы: Лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру Labyrinth. Leaving the Labyrinth

Топқа бөлу

  • Оқушыларды үй тақырыбы мен жаңа сабақтың тақырыбы екеуін байланыстырып, АЛГОРИТМ және ЛАБИРИНТ деп жазылған қағаздарды теріс қаратып қойып, оны таңдау арқылы 2 топқа бөлемін.

Топпен жұмыс: Жаңа тақырыпты бір-біріне түсіндіру арқылы постер қорғау.

Лабиринт – дегеніміз түрлі өткелдер мен жолдар арқылы берілген шатасқан күрделі ұғым.Бізге лабиринт атауы ежелгі Грекиямен Египет заманынан кірген адам шыға алмайтындай етіп жасалынған шытырман дәлізді үй ретінде таныс.Лабиринттен жол табудың мүмкін әдістерінің бірі – тұйыққа тіргелгенге дейін әр жол торабынан бір бағытқа бұрыла беру.Оған мысал ретінде:өткелдер, үлкен залдар, аландар, кедергілері бар қабырғалар.Лабиринттің күрделілігіне байланысты бір немесе бірнеше шығар жолы болуы мүмкін.Тек ең оңай тәсілді таңдауымыз керек.Мұндай шытырман оқиғаға тап болған жағдайда, ойлау қабілетіміз шындала түседі. Біз алгоритмді дұрыс құра білсек онда оңай шешімін таба аламыз. Лабиринттің тағы да бір түрі ол – виртуалды лабиринт. Ол желі арқылы түрлі өткелдер мен қиылыстарды кедергілерді өту бойынша берілетін ойындар топтамасы. Қазіргі таңда 3D форматында да шығарылып жатыр.

Лабиринт туралы видеоны тамашалап алайық.

  • Лабиринттің шығу тарихы

«Тимбилдинг» әдісі арқылы дәптермен жұмыс  Керекті сөздерді орнына қойып, шыққан анықтаманы дәптерге жазу

  • 1. Лабиринт – түрлі ________мен_________ арқылы берілген шатасқан құрделі құрылым.
  •  2. Лабиринттің күрделілігіне байланысты шығудың ______немесе ________ жолы болуы мүмкін 
  • Керекті сөздер: өткелдер, бір, жолдар, бірнеше

Кітаппен жұмыс:

  • Кітапта 103 беттегі лабиринттен шығу алгоритмін қарастырайық.(68-сурет) қараймыз. Балалардың қайсысы лабиринттен дұрыс жол тауып, Флэш жадыға бірінші барады?

Тақтамен жұмыс: тақтаға әр топтан оқушылар шығып, ілулі тұрған лабиринттерден шығу жолдарын табады.

Үлестірме қағазбен жұмыс: Қоянның сәбізге жету алгоритмін қанша қадамнан тұрғанын табу.Екі топқа ортақ қай топ бірінші қатесіз орындайды? Кім жылдам?

Жұптық жұмыс:

  • «Галереяны шарлау» әдісі арқылы өз ойларынан жұп-жұп болып, ақ параққа лабиринт салу.
  • Басты мақсат ерекше идеялар ұсыну.

Компьютермен жұмыс: Техникалық диктант

  • Көне замандарда лабиринттер құпия және жұмбаққа толы болды.Әлемге танымал Грек оқымыстысы Геродоттың пікірінше ең алғашқы лабиринт 5 мың бөлмесі бар Египет лабиринті болған.

«Бір аяқ жол»  әдісі

  • Ойын шарты: Ол үшін оқушының көзін орамалмен байлап, 5 санына ұқсас жерге лабиринт сызылады, сол жолмен оқушылардың оңға,солға,алға деп айтулары бойынша жүру алгоритмін табу арқылы лабиринттен шығу.

Жеке жұмыс: «Бір минуттық әңгіме»

  • Жеке-жеке стикерге пікірлерін жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма:

  • Жаңа тақырыпты оқып, ғаламтор желісінен лабиринт түрлерін қарап шығып,өзі жаңа лабиринт құрастырып келу. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет