Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. Өмірі мен шығармашылығы



Дата01.07.2018
өлшемі15,38 Kb.
#45205
түріСабақ
Қостанай облысы

Амангелді ауданы

Амантоғай жалпы білім беретін

орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

сыныбы:11 пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. Өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: білімділік: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.


дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
тәрбиелік: елжандылыққа, адамгершілікке, әдебиетті сүюге, өзара көмектесуге, бірін - бірін тыңдауға, қолдауға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. М. Жұмабаев туралы мәлімет алады.
2. Туған елі, Отанына деген сүйіспеншіліктері оянады.
3. Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интерактивті тақтамен жұмыс жасап, интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.
4. Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.

Cабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, постер, үлестірмелер

Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, оқу жағдайын туғызу;
2. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы тағайындау;
3. Жаңа сабақты деректі фильммен ұштастыру;
4. Орындалатын тапсырмалардың барысын түсіндіру;
5. Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушы ойына ой салу, пікір айтуға жетелеу;
6. Қабылданған жаңа білімді саралай, талдай білуге бағыттау.
Оқушының іс - әрекеті:
1. Өткен тақырыпты шолуда алған білімдерін көрсету;
2. Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы фильм көру;
3. Негізгі мәселені, жаңа білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу, білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде қолдану;
4. Топта бірлесіп жұмыс жасау, түсінісу, бір - бірлерімен ақылдасу, ой бөлісу;
5. Өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізу, ізденіске дағдылану, жаңалық ашуға талпыну, ойын дәлелдеу;
6. Оқығанды түсіну немесе оқығанын өз ойымен әрі қарай өрбіту;
Сабақ барысы:

Сабақты Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін тыңдау

Мағжан сіздерге бұрыннан таныс сондықтан сіздерге үйден ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тұсаукесер дайындап келу тапсырылған болатын.

  1. «Мағжан-ұлы ақын

  2. Мағжанның барлық өмірі-поэзиясында»

  3. Мағжан-лирик, сыршыл ақын»

Сыныпты топқа бөлу

Әдебиет, математика биология, география, тарих топтарына тапсырмалар беру

Берілген тапсырма бойынша өз бағыттарын ақынның шығармасымен ұштастырып постер арқылы қорғап шығу.

Постер дайындау барысында «Сен сұлу» әнін тыңдау

Оқушылардың жұмыстарын қадағалау

Оқушылардың қорғау жұмыстары

Сабақты бекіту: мұғалім сөзі

Сабақты қорытындылау: бес жолды өлең , тест

  1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тап
    А. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»
    2. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауыры
    А. Жәнібек В. Ноян С. Абылай
    3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын ата
    А. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»
    4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсет
    А. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»
    5. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?
    А. Қазан В. Уфа С. Орынбор
    6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?
    А. Абай Құнанбаев В. Шоқан Уәлиханов С. Ыбырай Алтынсарин
    7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?
    «Тұранның тарихы бар отты желдей,
    Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...
    А. М. Жұмабаев «Түркістан»
    В. Ж. Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»
    8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?
    А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай
    9. «Алаш деген елім бар,
    Неге екенін білмеймін,
    Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тап
    А. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын

  2. Тест жауаптары:
    1. А
    2. В
    3. А
    4. В
    5. А
    6. А
    7. А
    8. С
    9. А
    10. А



Кері байланыс: смайликтер арқылы

Үйге тапсырма: «Қорқыт» поэмасын оқу, «Мағжан өз заманының сыршыл ақыны» эссе

Бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет