Кейбір мектеп директоры оқу жылының қорытындысын өз бетінше талдап, оқу-тәрбие жұмысына байланысты негізгі құжаттарды зерттейді. Зерттеу нәтижесіне сүйеніп, мектептің жылдық жалпы жоспарын жасайды да, оны педагогикалық ұжымның мүшелеріне талдау жасауға таратып береді. Олардан түскен ұсыныстарды еске алып, жоспарға қажетті өзгерістер енгізеді. Осыдан кейін жоспар педагогикалық кеңесте талқыланады, бекіту жөнінде шешім қабылданады.
Көптеген зерттеу жұмысының нәтижелеріне сүйеніп, мектеп жұмысын жоспарлаудың мынадай тиімді жолын көрсетуге болады. Мектеп директоры арнайы топ құрайды, оның құрамына тәжірибелі мұғалімдер, сынып жетекшілері, әдістемелік бірлестіктердің, шығармалық топтардың жетекшілері кіреді. Олар директордың басшылығымен жұмысты өзара бөліседі, жоспардың әр бір бөлімі бойынша жазған және жинақтаған материалды тамыз айында мектеп директорына тапсырады. Ол оқу-тәрбие жұмысы салаларындағы орынбасарларымен материалды тексереді, зерттейді, жинақтайды. Осының негізінде мектеп жоспарын жасайды. Жоспарды жаңа оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесінде талқыға салып, бекітеді.
Сонымен, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау – бұл мектептің міндеттерін анықтау, іс-әрекетінің негізгі бағыттарын белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |