Сабақтың тақырыбы: «Мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері»



бет18/29
Дата14.12.2021
өлшемі39,01 Kb.
#127235
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Педагогика лекциялар 4 тарау

3. Ымырашылдық стиль бойынша іс-әрекетін басқаратын мектеп директоры оқу-тәрбие процесінің мәніне жете түсіне бермейді, сондықтан басқару ісінде білмеушілік байқалады, кейде болып жатқан теріс іске де біле тұрып жол береді.

Мектеп жұмысын осындай стильмен басқару ұжым мүшелері іс-әрекетінің нашарлауына әсерін тигізеді.



Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық кеңес жұмысының әдістемесі мен мазмұны.

Педагогикалық кеңес – мектептегі оқу, тәрбие, еңбекті ұйымдастыру

мәселелері талқыланатын ең жоғары алқалы орган.



Педагогикалық кеңес – мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты

органы, мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы.



Мектепте оқу жылында педагогикалық кеңес 5 рет өткізіледі.

Бірінші педагогикалық кеңес тамыз айының аяғында өткізіледі.

Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры (төрағасы), оның орынбасарлары, мектеп психологы, мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, дәрігерлер, ата-аналар комитетінің төрағасы кіреді.

Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. 

Педагогикалық кеңесті құру үшін мектепте кем дегенде 3 мұғалім болу керек.

Педагогикалық кеңес 3 сағаттан аспау керек.



Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер:

а) өндірістік жұмыс бабына байланысты – мектептің жылдық жоспарын бекіту, емтиханға дайындық және өткізу жоспарын бекіту, оқушыларды бір сыныптан екіншіге көшіру, оқу жылының қорытындысы, есеп беру, оқушылармен істелінетін жазғы жұмыстың жоспары.

ә) ғылыми-педагогикалық бағыт – озат тәжірибелерді талдау, сабақ, оған қойылатын талаптар, т.б.

Педагогикалық кеңеске әзірлену және өткізудің кезеңдері:


  1. педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау

  2. нақты педагогикалық кеңеске алдын ала әзірлену

  3. педагогикалық кеңесті өткізу

  4. педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.

Педагогикалық кеңес шешімдері хаттамаға жазылады. Шешімінде оның

орындалу барысын қадағалайтыны туралы айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет