Өткен тақырып бойынша «Зымыран сұрақтар » әдісі арқылы бекітеді. Мұғалім жаңа сабақты, оқу мақсатына тоқталады.
Оқушылар өткен тақырып бойынша мұғалімге сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты қортылдылайды.
Жаңа сабақ бойынша термин сөздермен танысып, өздеріне таныс терминдерге анықтама береді
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.Қалыптастырушы бағалау
«Жарайсың,» «жақсы,» «бұдан да керемет орындай аласың»
«Ой қозғау» кезеңі. Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау. Ұқсастық белгілеріне қарап омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, оларды жеке 6 сатыға, 14 класқа топтастырды.
Олар:
I саты - кірпікшелі кебісшелер мен полиптер;
II саты - сәукелілер мен құрттар;
III саты - жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер;
IVсаты шаянтектестер мен ұлулар
V саты - балықтар мен бауырымен жорғалаушылар;
VI саты - құстар мен сүтқоректілер.
Карл Линней, Carl von Linné (1707-1778) - тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы. Ол түрдің табиғи жан-жақтылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр-құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибе енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды.