2.1.2.1 материалдар мен құралдарды пайдалану, қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;
2.2.2.3 қарапайым тәсілдер мен материалдарды пайдаланып бөлшектерді модельдеу және құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: жануарларды мүсіндейді.
Оқушылардың басым бөлігі: берілген тапсырмаларды орындай алады.
Кейбір оқушылар:геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, қиялынан бейне шығара алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Жақсы көңіл күй орнату.
Сабақтың басында мұғалім жұмбақ қояды. Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқандарды ұстайды. Жұмсақ жүні, мұрты бар.
Үйде жүрген жануар. (Мысық)
Мұғалім балаларман диалог-сұхбат жүргізу
барысында олардың үйлерінде қандай жануар бар екенін сұрайды. Осы сұхбаттың мақсаты: балалардың бойында мейірімділік туғызу.
Адамдар мен жануарлар қоршаған ортада өмір сүреді. Мыңдаған жылдан бері ит адамның
досына айналған. Мысық та – сүйікті үй жануарларының бірі.
Тапсырма. Оқушылар өздеріне ұнайтын жануарларды ермексазбен мүсіндейді.
Денесі мен басын қарапайым пішін түрінде келтіреміз. Олар дөңгелек не сопақша болады.