Сабақтың тақырыбы: Металдардың және оның қосылыстарының табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы



Дата28.01.2018
өлшемі37,89 Kb.
#34678
түріСабақ
Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Металдардың және оның қосылыстарының табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халық арасында ежелден қолданылып келе жатқан

металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.



Міндеттері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін қабілеттерін дамыту. Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Қолданылған технология: СТО жобасы элементтері

Сабақтың әдісі: Іздену - зерттеу әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Менделеев кестесі, дидактикалық кестелер, металл бұйым түрлері.

металға бай тағам суреттері.



Сабақтың жоспары.

Оқушының танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, үш топқа бөлу.



І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.(Оқушыларға Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңін оқи отырып, оқушылардан өлеңде неше металл элементтің аты аталатындығын табу жөнінде тапсырма беріледі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,

Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?

О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен

Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,

Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.

Ал орнын сұрама сен Айтуға оны ұялам

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.

элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,

Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.

Күміс дейміз Күмістің де өмір емес өмірі –

Екінші емес, Үшінші емес –Қырық жетінші нөмірі.

Қалай саған ұнай ма бұл? Ұнаса егер, ал тыңда:

Жүлделі орын тимей қалған платина,Алтынға!

Жетпіс сегіз,Жетпіс тоғыз –Екеуінің кезегі

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,

Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен

Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?

Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

ІІ. Мағынаны тану. «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды.. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады.

І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т. б)

ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)

ІІІ топ тапсырмасы. Құрамында металдар бар тағамдар туралы мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т. б)

ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.

А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.


І - топ

1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/

2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)

3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)

4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/

5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)


ІІ - топ.

1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)

2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/

3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың

пайыздық мөлшері. (80%)

4. Металдардың және оның құрамаларының айналадағы ортамен әрекеттесіп, бүлінуі.

/Коррозия/

5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)


ІІІ - топ.

1. Бастапқы буыны палуанға тән, екінші буыны өнерпазға тән элемент? (Күш - ән)

2. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент? (магний)

3. Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент? /Европий/

4. Ең қатты металл (хром)

5. Пышақпен кесуге болатын металдар (натрий, кальций)



ІІІ. «Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).

1. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады (қорғасын, свинец, плюмбум)

2. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)

3. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны. (темір, железо, феррум)

4. Ел іші -.......... бесік (алтын, золото, аурум)

5. Батыр майданда шыңдалады,

........ қайнауда шыңдалады. (темір, железо, феррум)

Г) «Металл мәнін кім біледі?» кезеңінде әр топ оқушылары тағам суреттерін пайдалана отырып, жазған мәнжазбаларын, қосымша хабарламаларын баяндайды..

IV. Тірек сөздер стратегиясы (Мұғалім тірек сөздер береді, оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды.)

өте, қойнауы, бай, Отанымыздың, жер, металдарға.

(Отанымыздың жер қойнауы металдарға өте бай.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тақырып шеңберінде алған білімдерін бағалау.



Үйге тапсырма: «Металдар» – эссе жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 09a5
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09a5 -> Бекітемін: Келісілді: Қопа орта мектебінің директоры: Хромтау абб
09a5 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлан ауданының білім және спорт, дене шынықтыру бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет