Сабақтың тақырыбы: «Нан туралы өлең»



Дата29.03.2017
өлшемі7,22 Kb.
#12775
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • «Нан туралы өлең»
  • (К. Сауғабаев)
  • Мақсаты:  Білімділігі: Оқушыларға өлеңнің мағынасын түсіндіру, тиімді,жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ойлануға, ізденіп нәтиже шығаруға баулу.
  • Тәрбиелілігі: Нанның қасиетті ас екендігін ұғындыру, еңбекті бағалауға үйрету.
  • Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Оқушылардың қызығушылығын ояту
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • «Түлік туралы сабақ» өлеңін оқу, мазмұнын сұрап, сұрақтарға жауап беру
  • Болат пен Марат неге таласты?
  • Оларға кім қосылды?
  • Болаттың сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?
  • Болаттың сұрақтары Қойдың неше түрі бар?
  • Сиырдың неше түрі бар?
  • Жылқының неше түрі бар?
  • Қой атаулары : қозы,қой,тоқты,тұсақ,саулық,ешкі,лақ,серке,теке
  • Сиыр атаулары: бұзау,тайынша,торпақ,баспақ,дөнежін
  • Жылқы атаулары:жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті
  • Жаңа сабақ
  • «Нан туралы өлең»
  • Нан біздің дастарханымызға қалай келеді?
  • Элеваторға апарады
  • Ұннан жасалатын тағамдар
  • Кәрім Сауғабаев
  • Кәрім Сауғабаев 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының Едірей ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Балаларға арналған өлеңдері 1972 жылы кітап болып басылып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып жұмыс жасаған. Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер «Жазушы»1972ж; Көктем келді, алақай, Өлеңдер «Жалын»1977ж: Ақша қар. Өлеңдер. «Жазушы» 1980ж; Балқан таудың басында. Өлеңдер. «Жазушы»1982ж. Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. «Жазушы»1983ж жарық көрген.
  • «Нан-өмір» дегенді қалай түсінесің?
  • Дән - ән емес пе, дән - нәр емес
  • пе, неге?
  • Тапсырма:
  • Дәптермен жұмыс:
  • І қатар
  • Бір дән жолда жатса, еңкейіңдер,көтеріңдер.
  • Себебі…
  • ІІ қатар
  • Нансыз тыныштық болмайды,өйткені…
  • ІІІ қатар
  • Нанның дастарханға қалай келетіндігін сызба арқылы көрсет.
  • Тыйым сөздер:
  • 1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды. 2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3.Нанды аяқ астына тастама. 4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды. 5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.
  • Нан туралы мақал-мәтелдер
  • 1.Қоныс көркі – там, Дастархан көркі – ... 2.Дастарханында наны жоқтың Тамағының .... жоқ
  • 3.Нан болса, ... болады 4.Тістем нанның қадірін, Тарыққанда ...
  • 5.Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса …
  • Сабақты қорытындылау
  • Үйге тапсырма: өлеңді жаттау,нан туралы
  • мақал-мәтел жинақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет