Сабақтың тақырыбы: «Отбасы-шағын қоғам»



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі90,25 Kb.
#32454
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Дүниетану пәні 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы-шағын қоғам» тарауын қайталау.


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тарау бойынша білім деңгейлерін тексеру, алған
білімдерін тиянақтау.
2. Тарау материалдарын қайталай отырып, ой- өрістерін,дүниетанымын,дағдыларын,пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Ерінбей еңбек етуге, болашақтың білімді, биік, парасатты азаматтары болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойтолғау, деңгейлеп-саралап оқыту,ойын буындарын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Топ аттары,схемалар, шығармашылық карточкалар,ойын көрнекіліктері.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Табиғаттың тарылтпайық тынысын,
Пәк табиғат жүректің ән-жырысың.
Табиғат адам үшін жаралған,
Бар қызық табиғаттан таралған.

  • Оқушылар өлең жолдарында не туралы айтылған?

  • Табиғат туралы айтылған.

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз?

  • Айналаны қоршаған ортамен таныстыратын, оның қыры мен сырын ұғындыратын қай пән?

  • Дүниетану пәні.

  • Олай болса, сыныпты ұстаздар, оқушылар, өнерпаздар деп үш топқа бөле отырып,сабағымызды конференция сабақ түрінде өткіземіз. Өткен сабағымызда қоғам,оның бөлшектері мектеп,отбасы және олардың мүшелері туралы оқыған болатынбыз.Бүгін осы тақырыптарды қайталап пысықтаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім.


Қоғам

Отбасы Мектеп


Ата ана ата-ана
Бала ұстаз
Оқушы


  • Сабағымыз екі бөлімнен тұрады.

І бөлім «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
ІІ бөлім «Кел, ойнайық»

  • 1-бөлімде ұстаздар тобы оқушылар тобына сұрақтар қойып, жауап алады.Өнерпаздар тобы өз өнерлерін көрсетеді.

  • Шығармашылық топқа тапсырма: «Әке асқар тауым», «Кім болам?» тақырыптарына шағын әңгіме жазу. «Қоғамға не пайдалы,не зиян?» тақырыбына сурет салу.

  • Ал,ұстаздар тобы оқушыларға сұрақтарыңызды бере беріңіздер, ал,оқушылар, сіздер сұраққа толық, нақты жауап берулеріңіз керек.

  • 1-сұрақ. Отбасын неге «шағын қоғам» деп айтамыз?

  • Оқушылар жауап береді.

  • Өнерпаздар тобынан ата-аналар туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп айтып беруді сұраймыз.

  • 2-сұрақ. Оқушыларға ұстаздардан: Жігіттің үш жұрты бар, олар кімдер?

  • Өнерпаздар тобынан туыстық туралы мәнерлеп өлең оқуды сұраймыз.

  • 3-сұрақ. Оқушыларға ұстаздардан: «Халық ағасы» деп кімдерді айтамыз?

  • Оқушылар жауап береді.

  • Шығармашылық топтан «Әке асқар тауым», «Кім болам?» тақырыптарына жазылған әңгімелерін оқыту.

  • 4-сұрақ. Оқушыларға ұстаздардан: «Кітап білім бұлағы» дегенді қалай түсінесің? Кітап қалай шықты?

  • Оқушылар жауап береді.

  • Өнерпаздар тобынан кітап,білім туралы мақал-мәтелдер сұрау.

Олай болса, балалар сабағымыздың 1-бөлімін аяқтадық. Бұлбөлімнен көп нәрсені білетіндіктеріңізді байқаттыңдар.
Сабағымыздың «Кел,ойнайық» бөлімі арқылы алған білімдерімізді бекітейік. Бұл бөлімде әр топқа топтық тапсырмалар береміз.
1-топ. Әр оқушы өзін кітаптың орнына қойып, «Мен кітаппын» деген тақырыпта мәтін құрастырады.
2-топ. «Венн» диаграммасы бойынша жұмыс жасайды.
-Білім ошағы Жанұя мүшелері,
мектеп басшылары, мекен-жайы,
ұстаздар, оқушылар, отбасы қоры,
кіші қызметкерлер, т.б жанұя басшысы, т.б
Отбасы

Мектеп

Тәлім-тәрбие ошағы,


Алтын орда, қоғамның бір бөлшегі.
3-топ. «Жалғасын тап» ойыны:

  1. Сені өмірге әкелуші ...... ( ана )

  2. Сен олардың қызынан тудың - ...... . ( жиен )

  3. Жеті атаның бірі - ...... . ( ата )

  4. Сенен үлкен тумаң (ұл ) ..... . ( аға )

  5. Сен оған немересің ...... . ( әже )

  6. Үш жұрттың бірі - ...... . ( нағашы )

  7. Асқар тауың - ...... . ( әке )

Әр топтың тапсырмалары оқылып, талданады.
Үйге тапсырма.
1-топ. «Отбасы-шағын қоғам» тақырыбына шығарма жазу.
2-топ, Кітаптың жасалу жолдарын сурет арқылы бейнелеу.
3-топ. Кітап, білім туралы мақал-мәтелдер жаттау.
ІІІ. Қорытынды.
Сабағымыздың басында шығармашылық топқа «Қоғамға не пайдалы, не зиян?» деген тақырыпқа сурет салуды тапсыоған едік. Олай болса Нұрдәулет салған салған суреті бойынша өз ойын айтсын. (Жақсы ,пайдалы нәрселер: мектеп,кітап,отбасы, дене шынықтыру,т.б, зиянды,жаман нәрселер: арақ,темекі, анаша т.б)
Нұрдәулеттің салған суреті бойынша жаман әдеттерден жиреніп, жақсы әдеттерден үйренсек,өз қоғамымызға пайдамызды тигізіп,үлес қосқан боламыз. Біздер болашақта шығармашылықпен жұмыс істей білетін, ғылымға өз үлесімізді қосатын білімді ұрпақтар болуымыз керек. Сабағымызды Әнұранмен аяқтаймыз.

Ережепова Марияш


Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,
Абай атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» білімпаздар сайысы.


Мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау,шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру. Өз ой-пікірін қорғай аоуға үйрету.
Жүрісі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Жүзден жүйрік» атты сайысымызды бастаймыз. Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа,жарыстың бірі ескірген
Айнала отырып ап иісі қазақ
Азаматын өзара күрестірген.
Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Сахнаға сайысқа қатысатын 5 оқушы шығады.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Білімпаз балалар өздерін таныстырады.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Кім көп біледі?»
2-бөлім: «Тіл-өнер» сайысы
3-бөлім: «Қызықты жетілік»
4-бөлім: «Ата салтың – халықтық қалпың»
5-бөлім: «Жорға»
Сонымен оқушылар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет