Табиғатта кездесуі.
Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде пайда болады. Сонымен бірге, электр машиналары және кварц лампалары жұмыс істеп тұрғанда, суды электр тогымен айырғанда озонға тән «электр иісі» сезіледі.
Қолданылуы.Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы ортаны ластамайтын заттарға айналдырады.
Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды
Жаңбырдан соң ауада озон мөлшері 0,00001 пайыз болғанның өзінде ауаны тазартып, таза оттекпен демалуға мүмкіндік туады. Ал ауадағы озон мөлшері аз 10-7 пайыз шамасында болса, ол зиянды. Ол кезде адамның басы ауырады, тез шаршайды, лоқси бастайды, бірақ озонның тұрақсыз болуы оған жеткізбейді.
Озон шамамен 25 км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады.
Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады. Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |