Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының Қ.И. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Пайдалы қазбалар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен». Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар. 493 кен орыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |