Сабақтың басы
0-4 мин
|
Ой толғау:
5-ші сынып оқитын қыздар нан пісіріп, әзірледі. Олар ұнға су, тұз қосып қамыр жасады. Нанды әзірлеген кезде, нан қызарып жақсы иіс берді, бірақ ол көтерілмеген болып шықты. Не себепті нан көтерілмеді?
Осы сұрақты талқылау арқылы саңырауқұлақтарға тоқталғанда сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау үшін саңырауқұлақтар туралы нені білу маңызды сұрағын қойып, толықтыру жасалады. Бағалау критерийлері таныстырылады.
|
1 -3 слайдтар
|
Сабақтың ортасы
|
4-19 мин
|
Оқушыларға саңырауқұлақтар туралы ақпарат көздері (ақпарат парақшалары, интернеттегі ақпараттар, оқулық) ұсынылады. Олардың көмегімен оқушылар өздігінен зерттеу жүргізіп саңырауқұлақтарға толық сипаттама береді. Оқушылар топтарға бөлініп постер жасайды. Постерде:
Саңырауқұлақтың
Жалпы ерекшеліктері;
құрылысы;
жіктелуі;
маңызы;
улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтар туралы ақпарат болуы тиіс.
|
3-8 слайд
1- қосымша
|
20-23мин
|
Постерлерді ең жақсы шыққан 1 тұсы, жақсартуға арналған 2 ұсыныс жаза отырып оқушылар өзара бағалайды.
|
Стикерлер
|
24-26 мин
|
Ұсыныстар бойынша постерлерді жақсартады.
|
|
27-33мин
|
Әр жұпқа екі сурет беріледі. Бір суретте төменгі сатыдағы саңырауқұлақ (мысалы: зең саңырауқұлағы), екіншісінде – жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өкілі (мысалы: шыбынжұт) бейнеленген.
Оқушылар саңырауқұлақтардың ерекшеліктері туралы постерлерін негізге ала отырып, суреттегі саңырауқұлақтар туралы бір- біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
|
9- 14слайд
|
34 -38мин
|
Жұмыс парағында көрсетілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оқушылар дескрипторлардың көмегімен өзіндік бағалау жүргізеді.
|
2-3 қосымшалар
|
Сабақтың соңы
|
39-40 мин
|
Кері байланыс
Бүгін оқыдық...
Жақсы іске асты ...
Қиын болды..
Кері байланыс тақырып мазмұнына сай жүргізіледі. Саңырауқұлақтар туралы түсінгендері қорытындыланады.
|
|
Қосымша ақпарат
|
|