Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет9/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 28.12.2015 ж.

Тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.


Сабақтың мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
Дамытушылығы: Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер,интербелсенді тақта ,ақ қағаздар,жүрекшелер


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тыныштық сәті.1 слайд

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!



2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Дос жүрегі -шар айна»


I.Қызығушылықты ояту

3.Әңгімелеу («Өз елім әнін тыңдату») 2 слайд

Әнді тыңдау арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдап төмендегідей сұрақтар қойылады.

-«Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
— Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңдер?
— Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?
— Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?


Сабақ барысын талқылау:

II.Мағынаны тану

4.Мәтінмен жұмыс 3 слайд

Қ.Мырза Әлидің «Елге деген махаббат»

Сусын қылар үмітін шөлдегенде

Осы жерге перзентпіз сен де,

Мен де!

Барлығын да сүйемін,



Сөйте тұра

Махаббатым ерекше-ел дегенде.

Ел дегенде ар қандай!

Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай.

Ел дегенде жығылған жалым тұрып,

Айбаттанып кетемін арыстандай.

Жерім!-деймін ондайда,

Елім!-деймін,

Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін.

Өзім үшін күресте жеңілсем де,

Елім үшін күресте жеңілмеймін!

Дұшпанға да,

Досқа да табалатпан.

Сақтай көрсін жаратқан жаман аттан!

Батыр болып тумайсың,

Батыр болып

Кетесің

Елге деген махаббаттан!






5. Сахналау 4 слайд

Қарт пен немересінің әңгімесі






6.Дәйексөз 4 слайд

«Туған елдей ел болмас,


Туған жердей жер болмас».




7.Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс)

1.топ Сезімнен шыққан өлең

2.топ Суретпен жұмыс

3.топ Топтастыру




III.Ой толғаныс

8.Жағдаяттарды талдау




9. Үйге тапсырма беру

«Елім деп соғар жүрегім»тақырыбына эссе жазу.






IV.Екі жұлдыз бір тілек

10. Шаттық шеңбері

Еліміздің іргесі тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп бүгінгі сабақтан алған әсерімізді орта салып,елімізге тілегімізді арнайық.







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 11.01.2016 ж.

Тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.

Сабақтың мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адавмгершілік құндылық ретінедегі мәнін түсіндіру. Отанына,туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

• Отанға, туған жерге дегенмахаббаттың мәнін түсіндіру;

• Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;



• Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Мен мейірімділікті қалай түсінемін?» тақырыбы бойынша эссе жазу.

  2. Мәтінмен жұмыс

Мәтіннің соңында сұрақтар қою.

Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?

Қарттың туған жердің топыраған жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

Өздерің туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?






5мин

  1. Дәйексөз.

Сабақта берілген аұпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта М.Шахановтың «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігінді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» деген қанатты сөзбен таныстырып, өз ойларын айтқызу.




5 мин

4. Әңгімелеу

«Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?


Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?



10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау әдістемелік тәсілінде оқушылардың орындаушылық шеберліктерінен гөрі, мәселені шешуі мен өз ойларын бүкпесіз ашық жеткізе алуларына баса назар аудару.Оқулықта берілген тапсырманы  рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар.






10 мин

  1. Ой талғаныс

Түйіндеме

Балаларға оқулықтағы «Назар аударайық» айдарыммен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, жадына сақтаудытапсыру.





5мин

Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет