Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет6/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 07.12.2015 ж.

Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

Сабақтың құндылығы: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттері: Сыйластық, адалдық, шынайылық

Сабақтың әдісі: Пікір алысу, әңгімелесу, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер, слайдтар, үнтаспа.

Сабақтың мақсаты: «Дос», «Достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

• Достар арасындағы рухани жақындастық мәнін ұғындыру

• Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту



• жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Оқулықтың 70 бетіндегі №14 сабақтағы
2. І.Есенберлиннің «Жедел хат»әңгімесін мазмұндап келу.
Оқушы дәптеріндегі 1 тапсырманы орындап келу.




5мин

  1. Дәйексөз.

«Достық негізгі талғамның, көзқарасытың толық үндесуінен туады»

Цицирон


Сұрақтар:

• Қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

• Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?




5 мин

4. Әңгімелеу

Ертегі: «Дос табу.». (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).

Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты.

Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құла қтүрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұлісің дұрыс емес деп айтпапты.

Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:

«Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,- деп ойлайды.

Біруақытта:

- Ендеше, мен сенің досың болайын,- деген біреудің дауысы естіледі.

«Бұлкім?- деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады.

Жаңағыкіп-кішкентай адам қарапайым адамға мүлде " ұқсамайтын еді. Ол сарғыштүсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын.

- Сен қай елден келдің?- деп бала одан сұрайды. Кішкентай адам өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жер де бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді.

- Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ?

- Бәрі менен неге теріс айналады?

- Көмектесші маған,- дейді бала.

- Бұл өте оңай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсык өріп, олардың айтқандары саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.

Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіпо тырады.

Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне әрқашан разы еді.

- Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымдаболғаның қандай жақсы. Сен менің нағыздосым сың!

Осылай уақыт өте береді. Біркүні бала үйіне қуанып келеді.

- Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты үн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме ДОС таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.

Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірім

баланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.

Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.

Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейірім мен ақылдасып, жүрегін тыңдайтын болыпты.

Сұрақтар:

1.Әңгіменің мазмұнынан не түсіндіңдер?



2. Бала айналасындағы балалармен неге тіл табыса алмады?

  • Қорытынды:Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. «Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді»-деген Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Ендеше өзімізге де өзгеге де қиянат жасамай,өз жүрегімізді тыңдай білейік.


10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаятты талдау


Сарман қанша әуреленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде, Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Сарман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.
Сұрақ:
1. Жағдаяттың мазмұнынан не түсіндің?
2. Сарманның әрекетін қалай бағалар едің ?
Қорытынды: Достық қарым-қатынас адам баласынан тазалықты, адалдықты, әділдікті, құрметті талап етеді. Сондықтан да әрбір адам өзіне қалай құрмет жасауды қаласа, досына да сондай құрмет жасауы керек.Достарымызға қиянат жасамай, дұрыс әрекет жасап, құрмет көрсете білейік.
«Дос жүрегі-шарайна» тақырыбында эссе жазу. Тапсырма оқушы дәптеріне орындалады.
Сұрақ:
1. Дос жүрегі неге теңеліп тұр?
2. Досыңның қателігіне, кемшілігіне көз жұма қарайсың ба?
Қорытынды:«Дос досқа айна». Барша адамзат баласына сүйіспеншілігімізді танытып, жақсы сөз, жақсы тілек тілеп, достарымызға адал, болайық.



10 мин

Топпен ән айту.
«Достарым»
Сөзі мен әні:
Х. Закариянов



5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 70 бетіндегі №14 сабақтағы
2. І.Есенберлиннің «Жедел хат»әңгімесін мазмұндап келу.
Оқушы дәптеріндегі 1 тапсырманы орындап келу.



2мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Сабақтың қорытынды сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. Олай болса балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет ете білейік



3 мин


Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет