Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет4/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 23.11.2015 ж.

Тақырыбы: Кешірімділік көңіл кеңдігі

Құндылық:  Қиянат жасамау Қасиеттері: Ешкімге қиянат жасамау, өз ісіне есеп беру,

мейірімділік,  адамгершілік.

Сабақтың мақсаты: Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.

Міндеттері:

1.Қиянат жасамау мәнін түсіндіре отырып, кешірімділікпен қарауға үйрету;

2. Мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу, өз ісіне есеп беру қасиеттерін дамыту.



3. Ешкімге қиянат жасамауға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№11. Б.Момышұлы, С.Мұратбековтің мәтіндерін оқып, салыстырып, айырмашылығын айту. 45 бет.

Дәптермен жұмыс №10. 1, 2-ші тапсырмаларды орындау.






5мин

  1. Дәйексөз.

«Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».

-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)

- Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар.




5 мин

4. Әңгімелеу

Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып «Адам» әнін орындау.

-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?



-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?

  • -Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.


10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді.Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды.Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды.Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.



Тапсырма: Берілген өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой тұжырымдарды

Көзқарас


Себеп


Мысал


қорытындылау

әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.

- Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек.

- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма?





10 мин

Сабақты қорыту:

Топтастыру әдісімен жаңа сабақты бекіту.

Балалар берілген сөздерді барлығы хормен айтады.


Мейірімділік

Ақылдылық

Ізгілік

Кешірімділік Рақымшылдық

Адамгершілік

Азаматтық

Ақкөңілділік





5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым » әнін жаттап келу.

Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын....» атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді.





2мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



3 мин


Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет