Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет5/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 30.11.2015 ж.

Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: «Қиянат жасамау», «Дұрыс әрекет»

Қасиеттер: Ізгілік, жауапкершілік, жанашырлық, мейірімділік, адалдық

Сабақтың мақсаты: Дос, достық ұғымдарыныңмәнін ашу, балалар бойына адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, дұрыс әрекет жасауға баулу.

Міндеттері:

1. Білімділік:Достар арасындағы адалдықтың мәнін түсіндіру.

2. Дамытушылық:Айналадағықоршаған адамдарға деген тілеулестік, мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту.



3. Тәрбиелік:Адалдыққа, жанашырлыққа, әділдікке, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:


5 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым » әнін жаттап келу.

Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын....» атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді.






5мин

  1. Дәйексөз.

Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.
Аристотель
Оқушыларға мағынасын түсіндіру:
Достардың бір-біріне деген құрметі адал болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде үлкен демеу болады.
Сұрақтар:
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?
2. Адал дос болу үшін, адам бойында қасиеттер қандай басым болу қажет?
Жаттату
Қорытынды:Достық - бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау оданда қиын.Сондықтан балалар достарымызға қиянат жасамай, қамқор болып, қолдау көрсете білейік.



5 мин

4. Әңгімелеу

«Жақсылықты ұмытпау»

Аңыз әңгіме

Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді» деп жазады.

Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерег тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны жосы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды.

Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды:

«Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек»

Пікірталасқа арналған сұрақтар:

Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға керек?

Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандығты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?



Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек пе?


10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып З топқа бөлінеді.

1 Топ: «Менің сүйікті досым» тақырыбына шағын әңгіме жазады

2 Топ: Дос, достыққа байланысты мақал — мәтелдер айтады.



3 Топ: Достыққа байланысты сахналық көрініс көрсетеді.



10 мин

Топпен ән айту.
Қ. Ыдырысовтың «Қайдасыңдар, достарым?» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.



5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» атты шығармасын оқып келу. «Достық» туралы нақыл сөздерді жазып келу.



2мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.



3 мин


Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет