Қызығушылықты ояту: Алма ағашының жемістерін жинай отырып, шылаулар туралы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Шылау дегеніміз не, басқа сөз таптарынан айырмашылықтары қандай? 2. Септеулік шылауларды басқа шылаулардан қалай ажыратамыз? 3. Жалғаулық шылаулар өз ішінен қандай түрлерге бөлінеді ? 4. Демеулік шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен басқа шылаулардан айырмашылығын ата. 5. Дефис арқылы жазылатын шылаулар.
6. Толық мағыналы сөзден бұрын тұрса-сын есім,кейін тұрса –шылау(ақ) 7. Екі сөзден құралған шектік демеуліктің бірі- одағай, бірі-үндескен демеулік.Ол қай сөз?(Тек қана) 8. Бір жалғаулық екі сөзден біріккен,біріншісі-есімше түріндегі көмекші етістік,екінші сөзі-жіктеу есімдігі. (дегенмен) 9. Сан есім мен сын есімнен құралған шылау шылаудың қай тобына жатады Мысал айт.(Бір+ақ)
Топтастыру стратегиясы: Интерактивті тақтамен жұмыс.
I топ Семантикалық карта
|
Ыңғайластық
|
Қарсылықты
|
Талғаулы
|
Себеп-салдар
|
Әйтпесе,дегенмен
|
|
|
|
|
Мен, пен, бенен
|
|
|
|
|
Бірде, әлде,
|
|
|
|
|
Я,яки,болмаса
|
|
|
|
|
Сондықтан,өйткені
|
|
|
|
|
II топ Септеулік шылауларды сөздермен сәйкестендіру
Отан дейін Қалаға туралы Ғылым үшін Сенімен бірге Сонымен кейін Түстен соң Сабақтан арқылы Мұғалім қатар
III топ
Көп нүктенің орнына тиісті демеулік шылауларын қойыңыз.
Емес, түгіл, ше, мыс, әсіресе, ғана, ме, жоқ, тек, ау.
1. Ол өзіне .................... сенеді.
2. Орал тәттіні жақсы көреді, .................. тортты ұнатады.
3. Бұл .................. басы ғана, қызық ертең басталады.
4. Жаным - ..........., не айтып тұрсың?
5. Мына көлік жүре ......... екен?
6. Олар ............. ?
7. Ғалымдар солай айтыпты- ....... .x
8. Кіші .................. үлкеннің өзі қызығып кетті.
9. Олай болған ............. .
10. Кітаптар балалардікі ......... .
Сөз таптарына талдау.
Ұстаз шәкіртіне талмайтын қанат сыйлайды.
Адам еңбектенумен мақсатына жетеді.
Ана тілін құрметтемеу-ештеңені сыйламау деген сөз.
Абай қорықтың шетінде бір қыратқа таман шығып тұр еді.Абай келген сайын олардың сабақтарын сұрастырып жүретін.Мезгіл кешеуілдеп кетті,амалсыз қонуға тура келеді.
338-жаттығу. Шылауларды тауып, мағынасы мен қызметіне қарай ажырату.
Суреттер мен шылауларды байланыстырып сөйлем құраңдар.
_____ _____ маған жақсы оқы деп айтады.
|