Күні: 21. 09.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры.Жекпе- жек (Ер Тарғын жырынан)
Мақсаты:
Білімділігі: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың
асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет
теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі
батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері
болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу;
Дамытушылығы:балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып
білімге деген құштарлығын арттыру.
Тәрбиелігі:оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп
сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау;
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. "Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысын" рөлге бөліп оқыту
2. Білімдерін бекіту
-Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Кіріспе
Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
2. оқулықпен жұмыс.
Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.
3. Дәптермен жұм-с
сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен – бұл жерде: көмек.
Тобасы – бұл жерде: тілегі.
Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамықты, түңілді.»
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
сұрақ – жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?
талдау: Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?
(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе – жек.)
Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.
Толықсып келген қалмақты, Толғап Тарғын салады.
Домбауыл барып құлады, Туы қолдан сұлады.
Ү. Қорытындылау:
1.Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.
2. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?
ҮІ. Үйге тапсырма: 3-6 бет, жырды түсініп оқу, әңгімелеу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 21. 09. 15
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қалам салғыш жасау.
Мақсаты:
Білімділігі: Қатырма қағаздан қалам салғыш жасауды үйрету.
Дамытушылығы: Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, желім, қайшы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ Білімдерін тексеру.
1.Түбі жоқ қорапты қай жерде қолданамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі
Қатырма қағаздан қалам салғыш жасау жолдарын түсіндіру. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.
Пысықтау: 1. Жақтаудың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Жақтау жасау үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз.
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
V. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау.
Күні: 21. 09.2015 ж.
Пәні: Матемтика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру; көп таңбалы сандарды
оқи және жаза білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.
1). Көркем жазу. 5, 9, 0 цифрларын пайдалана отырып, үш таңбалы сандарды жаз (509, 590, 950, 905) санды жазыңдар. Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(509, 950). Бұл сандар қай класқа жатады? Бірінші кластың разрядтарын атаңдар (жүздік, ондық, бірлік). Бірінші класты басқаша қалай атауға болады? (бірліктер класы)
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ауызша жұмыс. - 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.
- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?
Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондаркласын немесе үшінші класты құрайды.
Разрядтар және кластар кестесін қараңдар. Кестеде жазылған сандарды оқыңдар. № 1. (321 456 789; 21 456 789; 1 456 789; 456 789; 56 789; 6 789; 789; 89; 9;)
10 бірлік миллион = 1 ондық миллион = 10 000 000
|
10ондық миллион = 1 жүздік миллион = 100 000 000
|
10 жүздік миллион = 1 мыңдық миллион = 1 миллиард = 1 000 000 000
|
Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады. Мыс: 198 656 123
Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)
Оқулықпен жұмыс. № 1. (ә). Сандарды оқы: 250 000; 25 000; 14 145 120; 445 103; 148 100.
б). төмендегі сандарды жаз:
5 ондық мың 214 бірлік = 50 214; 1 миллион 3 жүздік мың = 1 300 000;
3 миллион 5 мың = 3 005 000.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:
1 кластағы, 2 кластағы, 3 кластағы әрбір санда қанша бірлік бар? Талдау.
80 478 354, 38 000 412, 8 000 478 156.
№ 3. Өздік жұмыс. Салыстыр.
15 980 > 9 000 33 000 < 101 000 650 000 > 65 000 999 999 < 1 000 000
Көп таңбалы сандарды жоғары разрядынан бастап салыстырады.
№ 4. Топпен жұмыс.
А). Ш: 50 : 2 ∙ 4 = 100 Ж: 100 шай бар.
Ә). Ш: 1000 – 58 ∙ 6 = 652 Ж: 652 теңге қайтарады.
Б). Ш: 147 : 7 = 21 Ж: 21 күнде оқып бітіреді.
В). Ш: 280 – 26 ∙ 5 = 150 Ж: әлі 150 бет оқу керек.
№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.
14 котюмге – 56 м мата Ш: 56 : 14 = 4 (м) 1 костюмге
1 көйлекке 1 кем костюмге ? 4 – 1 = 3 (м) 1 көйлекке
11 көйлекке – ? 11 ∙ 3 = 33 (м)
Ж: 33 м мата керек.
Ү.Қорыту. Бүгін не білдік? Қандай жаңа сөздермен таныстық?
ҮІ. Үйге тапсырма: № 6. 23 бет.
ҮІІ. Бағалау
Күні: 22. 09.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)
Мақсаты:
Біліділігі: Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу;
Дамытушылығы: іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Тәрбиелігі: оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады?
«Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады?
Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?
Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?
Оқулықпен жұмыс:
1. Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?
Сөздік жұмыс:мына сөздерді қалай түсінесің?
Мазар – зират, мола.
Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.
Шері – жолбарыс
Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау:
1. Сұрақ – жауап:
Қамбар батыр нені айтып уайымдады?
Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады?
Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?
2. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.
Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.
Көріктейашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.
Даусы жерді көшіріп, Нармаядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.
Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?
(Мойның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,
Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)
Ү. Қорытындылау:
1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.
Қара қасқа ат
|
әсірелеу
|
мойны
|
алтын табақтай
|
құлағы
|
қамыстай
|
Төрт аяғы
|
қазықтай
|
тұяғы
|
төңкерген кеседей
|
сұлулығы
|
сүмбідей
|
Әсірелеу – бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді.
2.
ҮІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 22 . 09.2015 ж.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Шығарма Менің жазғы демалысым
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды өз ойын жүйелі түрде әңгімелей отырып сауатты
жазуға үйрету;
Дамытушылығы:ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Мақсат қою кезеңі:
1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2) Сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Шығарма «Менің жазғы демалысым» тақырыбында оқушылар өздерінің жазғы демалыста қандай кітаптар оқығанын, қандай жерлерге демалуға барғандарын, қандай сәттерді, қызықты оқиғаларды бастан кешкендері жөнінде осы шығарма арқылы баяндайды.
ІҮ Қорытындылау
Шығарма дәптерлерін жинап, сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Ү. Үйге тапсырма:
Ойтолғау «Менің арманым» .
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 23. 09.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Тайбурылдың шабысы ( «Қобыланды батыр» жырынан үзінді)
Мақсаты:
Білімділігі: Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батыр жырымен таныстыра отырып,
шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу
сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу;
Дамытушылығы:ауыз әдебиеті жайлы білімдерін, іздену, ойлау, өздігінен тұжырым
жасау дағдыларын дамыту ;
Тәрбиелігі:оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі :аралассабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітаптағы суреттер, кесте, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қамбар батыр нені айтып уайымдады?
Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады?
Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жаңа сабаққа даярлықБатырлық жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе. Балалар біз соңғы кезде қандай батырлар жайлы білдік? Олар кімдер? Олардың тұлпарлары қалай аталады?
- Міне, балалар, бүгін біз Қобыланды батырдың тұлпары Тайбурыл жайлы білеміз.
Қобыланды батыр жырынан үзінді оқып, балалардың үйден оқығандары болса әңгімелетіп жіберуге болады. (кітаптан)
Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.
2.Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
3.Сөздік жұмыс:қосын – әскер.
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
1. Сұрақ – жауап: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
2. талдау: Жырдан Тайбурылдың шабысын әсірелеп (күшейтіп) сипаттаған жерді тауып оқы. (Сонда бурыл гуледі...)
3. Көлге, тауға қатысты сипаттау сөздерді жырдан тауып, сызбаны дәптеріңе толықтырып жаз.
(қазды көл, қулы көл, желді көл.шалқар көл, қызды көл); (барлы тау, қарлы тау, Қаратау, Алатау)
Ү. Қорыту: Батырлық жырларда қандай ұқсастық бар?
«Қамбар батыр» жырынан
|
«Қобыланды батыр» жырынан
|
Өлең сазы
Ырғағы
Көркем сөз
Әсірелеу
Теңеу....
|
|
ҮІ. Үйге тапсырма: 8-9 бет,суретін салу, оқу, әңгімелеу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 23 . 09.2015 ж.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Мәтін 1-5 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға,
мағынасын түсінуге үйрету;
Дамытушылығы:байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелігі:адамгершілік, экологигиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу тексеру, оқу
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жан-жақты білімдерін тексеру
Мәтін дегеніміз не? Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Көркем жазу
2. оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.Әр бөлікті салыстыр.Қай бөлік мәтін? Неліктен?
Мәтінге тән белгілерді есіңе түсір
2-жаттығу. Берліген сөйлемдерден «Ормандағы оқиға» мәтінін құрастыр. Ол үшін сөйлемдердің өзара мағыналық байланыста болуын басшылыққа ал
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
3- жаттығудыкөшіріп жаз. Сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердіңастын сыз.Мәтінде не туралы айтылған? Кестені пайдаланып, дәлелдей білуге үйрен.
4- жаттығуда мәтінді оқы, ат қой. Мұның мәтін екенін дәлелде. Қай сөйлем сөздердің қайталануы, есімдік, мәндес сөздер арқылы байланысқанын көрсет.
5- жаттығуда байланысу тәсілдерін пайдаланып, мәтінді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Ү. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІ. Үйге тапсырма: 6- жаттығу. тақырыбына мәтін құрастыру.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 26. 09. 15
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі
Мақсаты:
Білімділігі:Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын ,жүйелі түрде
мазмұндауқабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Айналадағы қоршаған ортаны қорғауға ,тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Аралас сабақ.
Сабақ типі:Жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірліктерін тексеру,назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
-Қандай құбылыстардың әсерінен жер беті өзгеріске ұшырайды?
-Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады?
-Терең шатқалдар қалай пайда болған? Мазмұнын сұрау
Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Адам жер бетін қалай өзгертеді деп ойлайсыңдар?
«Оба»дегеніміз 15-20 метр болатын қолдан үйілген төбе.Оба ертеде ,жаугершілік заманда жау әскерін алыстан байқау үшін әдейі үйіліп жасалған.
Сонымен бірге ертеде атақты адамдар жерленген моланың үстіне де үйілетін болған.
Есік обасын айтуға болады.Обаның үстін көп уақыт өткендіктен өсімдік басып,табиғи төбе сияқты болып кеткен.
«Террикондар» - шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.
Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды.
Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі.
Ондай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит,Соколов –Сарыбай темір кені ,Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында кездеседі.
Мұндай карьерлердің орнына қолдан көл жасап, айналасына ағаш отырғызған тиімді.Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады.
Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсті. 1939жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағында жердің айтарлықтай қозғалғаны сезілген. Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті.
Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды.
Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей дауыстап оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін,ауа райын жазу. Адамдардың қандай әрекетінен жер беті өзгеріске ұшырайтынын жазып шығу.
ІV.Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
-Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар?
-Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
-Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?
-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма?
V. Үйге тапсырма : 37,38,39- беттерді оқу, мазмұны.Террикон, оба сөздерінің түсініктемесін жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |