Сұрақтарға жауап бер 1 Қаныш Сәтбаев кім? 2 Оның азан шақырып қойған есімі кім? Сені анаң қалай еркелетеді? 3Оның геология саласынан басқа қандай салада еңбектері бар? 4 Сәтбаев атамыздың құрметіне есіміне берілген қандай гүл?
Дискриптор -Мәтінді тыңдайды -Мәтін мазмұны бойынша жалпы жіне негізгі сұрақтарға жауап береді - Өмірмен байланыстырады ТАБУ ережесін еске алу, окушылармен талдау
2-тапсырма. «ШЫН», «ЖАЛҒАН» әдісін қолданылады. «Хлапушка» әдісі. 1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
4) «Мылжың» сөзі - эвфемизм. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
5) Архаизмдер – көнерген сөздің бір түрі. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
6) Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
Дискриптор - Ережені түсінеді, анықтай алады Топтық тапсырма 1-топ:Абай Құнанбаев; көнерген сөздер 2-топ:Қаныш Сәтбаев; эвфемизм мен дисфимизм 3-топ:Жүсып Баласағұн. табу
3 тапсырма «Хан жарлығы» Мұғалім оқушыларды шеңбер құрып отырғызады, бірақ әр оқушы жеке жұмыс істейді.
Олардан көнерген сөз, эвфемизм және дисфемизм, табу сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.Одан кейін жазған парағын «Хан жарлығы» ретінде рәсімдейді(А4 параққа жазады, түтікше етіп орайды).
Мұғалімнің «Жарлық кетті!»деген бұйрығымен парақты оқушылар сағат тілімен жылжытып бір-біріне жібереді. «Жарлық келді!» дегенде тоқтатылып, әрқайсысы өз қолына түскен жарлықпен танысады. Осылай бірнеше рет қайталағанда, оқушылар бірнеше оқушының жазғандарымен танысады, тексереді.
Дескрипторлар көнерген сөздің белгілерін ажыратады; эвфемизм мен дисфемизмнің белгілерін ажыратады; табуды табады.
дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатады.