Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра отырып, сөйлеу тілін дамыту
Сабақтың міндеті:
Сөйлеу тілін дамыта отырып, дұрыс сөйлеуге үйрету
Сөздік қорларын молайту, алған білімдерін қалыптастыру
Елін мақтан етуге, сүюге тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
Дыбыс деген не?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Әріптің дыбыстан айырмашылығы неде?
Кіріспе әңгіме:
Тіл не үшін қажет?
Сөйлеу арқылы не білдіреміз?
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып, оның мазмұны талданады?
Үсен неге өзінің тәртібін өзгертті деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс
4- жаттығу: Жұмбақты шеш, көшіріп жаз
Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде.
Қалам
Ауызша жұмыс:
2-жаттығу: Мақалды түсініп оқы, мағынасын түсіндір:
Тіл - қаруы сөз,
Сөз - қаруы ой
Қорытынды
«Кел, ойнайық» Жануарлар қалай дыбыстайтынын анықта:
Түйе боздайды. Ат кісінейді. Ит үреді.
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Туған тілім. Мақалдар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
Оқу және жазу дағдысын қалыптастыру
Алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Көрінбейтін адам» мазмұны сұралады
Кіріспе әңгіме:
Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар (Тіл)
Үзсем, үзілмейді,
Терсем, тізілмейді. (Із)
Тастан тасқа секіреді,
Қалқып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы (Лақ)
Оқулықпен жұмыс
«Туған тілім» өлеңімен таныстыру
Өлеі не туралы?
Мемлекетіміздің ұлттық тілі қандай тіл?
«Туған тілде сыры терең жаным бар?», деп неліктен айтады?
Дәптермен жұмыс
8- жаттығу:тіл туралы жазылған мақалдарын көшіріп жазады. Мағынасын түсіндреді.
Сөз сөзден туады,
Сөйлемесе неден туады?
Ауызша жұмыс:
«Кітапханада» тақырыбында диалог құрады
Қорытынды
Тест - жазба нұсқа
Тілге байланысты мақалдың астын сыз:
а) Мектеп -кеме,
Білім -теңіз
ә) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
б) Кітап- алтын қазына
«Туған тілім» қандай мағынаны беріп тұр?
а) елім, жерім
ә) сөйлеу мүшесі
б) ана тілі
Сөйлеу үшін қажетті мүше:
а) тіл
ә) қол
б) кітап
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп. Қыс
Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріп туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың өлеңді мәнерлеп, дұрыс оқуын жетілдіру
Алған білімдерін жаттығу арқылы бекіту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
Дыбыс деген не?
Әріп ше?
Олардың айырмашылығы неде?
Дыбыстардың түрлерін ата
Кіріспе әңгіме:
суық үш ай
Қыс
қар аяз
Жаңа тақырып:
Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстар жазуда әріппен таңбалайды. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз
Оқулықпен жұмыс
«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Өлеңде қай жыл мезгілі бейнеленген?
Оны қалай білдің
Сөздік жұмысы:
Қылаулатқан- қардың ұшқындап жаууы
Мүсін -дене
Қызыл шұнақ- бет қаратпайтын аяз
Дәптермен жұмыс
10- жаттығу: Сқздерге дыбыстық талдау жасайды
Қорытынды
Берілген әріптерден сөз құра: а, с, м, л, р, к, ж, е
Төмендегі сөздерді тиісті әріптермен толықтыр:
Алм..рт, өр...к, көш..., ж...зім, көз..лдірік
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріп туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың өлеңді мәнерлеп, дұрыс оқуын жетілдіру
Алған білімдерін жаттығу арқылы бекіту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Туған тілім» жатқа сұралады.
Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтады
Кіріспе әңгіме:
Аяз, боран, қар сөздерімен сөйлем құрайды. Оларды дәптерлеріне жазады.
Жаңа тақырып:
Дыбыс әріппен таңбаланады. Дыбыс өзгерсе, сөздің мағынасы да өзгереді.
Оқулықпен жұмыс
«Бұл қай кезде болады?» өлеңімен танысу
Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген?
Автор қыс мезгілін, боранды неге теңеген?
Сөздік жұмысы:
Омбығып- күртік қарға малтығып зорға жүру
Домбығып- білеулену, ісіну
Дәптермен жұмыс
Өрнек, жас, бет, қай сөздерінің бір дыбысын өзгертіп, жаңа сөз шығарады
Өрнек-өрмек, жас -бас, бет -шет, қай- сай
Қорытынды
Жолбарыс, торғай, қызылша, ботақан сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер ойластырады: жолбарыс – жол, бар, жыл, жарыс, бал, бор
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қар қандай?
Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріп туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуіне мүмкіндік жасау
Алған білімдерін жаттығу арқылы бекіту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Бұл қай кезде болады?» мәнерлеп оқылады.
Дыбыс деген не?
Әріп ше?
Буын түрлерін ата
Кіріспе әңгіме:
ақ суық жұлдызша
қар
көрпе мұз сияқты жылтыр
Жаңа тақырып:
Қар сөзіне дыбыстық талдау жасау
Қар — үш әріп, үш дыбыс, бір буын
Қ -- дауыссыз
а --дауысты, жуан
р --дауыссыз
қар - бітеу буын
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен танысу: а) мұғалімнің оқуы; ә) балалардың оқуы
Қар қай мезгіде жауады?
Мәтінді пайдаланып, қарды сипатта
Өздік жұмысы:
Мына әріптерді пайдаланып сөз құрастыр:
р, қ, а
а, л,а, қ
к, е, м, п, т, е
л, а, б, а
Дәптермен жұмыс
16- жаттығу орындалады: мағыналы сөз жасау: бі лім, бі тік, білек
Қорытынды
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
....есе, ан..., кем..., мекте..., шан...., баты....
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Боранда
Сабақтың мақсаты: Дауысты және дауыссыздар дыбыстар туралы білімдерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
Өлеңді дауыстап, дұрыс, саналы, мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру
Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Қар қандай?» мазмұнын сұраймын.
Кіріспе әңгіме:
«Дыбыстар патшалығы» ертегісі айтыла отырып, дыбыс түрлерін анықтау
Жаңа тақырып:
Дыбыстар
дауысты дауыссыз
Оқулықпен жұмыс:
«Боранда» өлеңі мәнерлеп оқылып, мазмұны сұралады
Сөздік жұмысы:
Тымақ аң терісінен тігілген, қысқы баскиім
Саптама қонышы ұзын етік
Дәптермен жұмыс:
Боран, қайсар, қамшы, шопандай сөздеріне талдау жасайды.
Қорытынды:
19- жаттығу: Түс - сүт сөздеріне талдау жасайды. Кейін осы сөздерімен сөйлем құрайды.
Көп нүктенің орнына дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды қой:
Ба...ық, қ..лам, ...урет, қай...ң, бишіл..р, ақ..у, мы...ық, алқ..., жұл...ыз
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
Өлеңді дұрыс оқуға, мәнерлеп айтуға үйрету
Алған білімдерін жаттығу арқылы бекіту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
Дауысты дыбыстарды ата
Дауыссыз дыбыстарды ата
Кіріспе әңгіме:
Қысқы ойын түрлерін ата.
«Азиада» өтілуі жайлы мәлмет беру
Жаңа тақырып:
20- жаттығу:
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар
Осы жолдардағы дауысты және дауыссыздардың астын сыз
Оқулықпен жұмыс
22- жаттығу: Сурет бойынша әңгіме құрастыр:
«Қамқорлық» тақырыбы төңірегінде құрылады
Өздік жұмысы:
21- жаттығу: Көп нүктенің тиісті сқздерді қойып жазу
Дәптермен жұмыс
Мына сөздердегі дыбыстарды екіге бөліп жаз:
Алуа, ине, шөп, жылқы, сарай
Қорытынды
«Боранда» және «Аққу мамық ұлпа қар» өлеңдерін өзара салыстырады
қыс
жайлы
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауыстылар. Намыс
Сабақтың мақсаты: Дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін үйрету
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың оқу жазу дағдыларын жетілдіру
Алған білімдерін жаттығу арқылы бекіту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Аққу мамық ұлпа қар» жатқа сұралады
Дауысты және дауыссыздарды ата
Кіріспе әңгіме:
Дауысты дыбыстарды ата: а, о, ұ, ы, у, ә, ү, и, і
Дыбыстарды атап, айтылуына мән береді
Жаңа тақырып:
Дауысты дыбыс
жуан жіңішке
а, о, ұ, ы ә, ү, и, і, е, ө
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен танысу: мұғалімнің оқуы; балалардың оқуы
Әңгімедегі Кәрім қандай бала?
Ол не істеді?
Әңгіме неге «Намыс» деп аталған?
Сөздік жұмысы:
Намыс - ар, абырой
Абдырау - сасқалақтау
Дәптермен жұмыс
24- жаттығу:
Сөздерге дыбыстық талдау жасап, олармен сөйлем құрайды.
Қорытынды
Жуан дауыстыларды ата
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты: Сөз ішінде жуан дауысты дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау
Сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Намыс» мазмұны сқралады
Жуан дауыстыларды ата
Кіріспе әңгіме:
Баланың бәрі бала,
Ішінде бар қара бала.
Ішінде бар сары бала,
Сол баланың бәрі бала
Дауысты дыбыстардың астын сыз. Олар жуан ба, жіңішке ме?
Оқулықпен жұмыс
Өлеңмен танысу:
мәнерлеп оқу
Өлең не туралы?
Далада қар жауып тұрған кезде бақылап көрдіңдер ме? Өлеңде оны қалай суреттейді?
Сөздік жұмысы:
Себелеп жоғарыдан төмен қарай тоқтайсыз жауу
Дәптермен жұмыс
26- жаттығу: Өлеңді көшіріп жазып, дауысты дыбыстарды ң астын сыз
Қорытынды
Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдаланып сөйлем құра:
Білім, бұлақ, оқу
Оқу-білім бұлағы
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауыстылар. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Сабақтың мақсаты: Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы білімдерін кеңейте отырып, сөз ішінен ажыратуға үйрету
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың оқу жазу дағдыларын жетілдіру
Оқушылардың таным аясын кеңейту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Жапалақ қар» жатқа сұралады
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Жуан дауыстыларды ата
Кіріспе әңгіме:
Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.
Өрмекші
Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін
Қарлығаш
Жаңа тақырып:
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, ү, е, і
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен танысу, мазмұны талданады
Мәтінді рольге бөліп оқу
Сөздік жұмысы:
Өрмек өрмекшінің құрған торы
Түйір ұсақталған бөлік
Дәптермен жұмыс
29- жаттығу: Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды таңдайды.
Еңбек сөзіне байланысты сөйлем құрайды. Дыбыстық талдау жасайды
Қорытынды
Керекті әріпті қой:
Әт..ш, ...рм...кш....., ерт....г..., әд...п, к...ш, ...ңб...к, әңг..м..., ес...к
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету
Сабақтың міндеті:
Жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімін кеңейту,сөздік қорларын молайту, белсенділігін арттыру
Оқушылардың таным аясын кеңейту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мазмұны сұралады.
Кіріспе әңгіме:
Аққала бөлшектерінде берілген тпсырмаларды орындайды
Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болса теріп бекер
Қар
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
Қар
Мына сөйлемді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар:
Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.
Өлеңді аяқта:
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар
.....................................,
.....................................
Оқулықпен жұмыс
«Көңілді қыс» өлеңі оқылады.
Өлең не жайлы?
Қандай ойын түрлері жайлы айтқан?
Өлеңдегі жіңішке айтылған сөздерді атаңдар
Сөздік жұмысы:
Өбеді суық ауа тиеді
қанат бітіп ұшқандай зырлап жүру
Дәптермен жұмыс
Орны аустырылып берілген сөздерден сөйлем құра:
Қызығы, қыс, басталды. Айбол, киінді, жылы
Қорытынды
«Қай әріп жоғалды?»
Т...л, т...с, к...лт, к...л, ш...п
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Аяз
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен танысу, мазмұнын ашу, дауысты дыбыстар жайлы білімдерін бекіту
Сабақтың міндеті:
Оқушылардың оқу жазу дағдыларын жетілдіру
Оқушылардың таным аясын кеңейту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мазмұны сұралады
Жіңішке дауыстыларды ата
Кіріспе әңгіме:
суық бет тоңдырады
аяз
үскірік қарды қатырады
Жаңа тақырып:
Дауысты дыбыстар
Жуан Жіңішке
а, о, ұ, ы ә, ө, і, ү, е
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен танысу, мазмұнын ашу
Аяздың пайдасы қандай?
Қалың қардың пайдасы не?
Сөздік жұмысы:
Аяз қыстағы ызғарлы суық
Дәптермен жұмыс
33- жаттығу : Мәтіннің алғашқы сөйлемдерін көшіріп, дыбыстық талдау жасайды
35-жаттығу : сөз құрап, олармен сөйлем құрайды
Бата, баға, жер, текше, шебер
Қорытынды
Не жайлы білдік?
Күні:
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы. Пингвиндер неге ұша алмайды?
Сабақтың мақсаты: И, у дыбыстарының жіңішке және жуан айтылу қалпын меңгерту
Сабақтың міндеті:
Пингвиндер жайлы түсінік қалыптасуына мүмкіндік жасау
Оқушылардың таным аясын кеңейту
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Үй жұмысын тексеру:
«Аяз» мазмұны сұралады
Дыбыс түрлерін ата
Кіріспе әңгіме:
Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған (Домбыра)
Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейдй? (Ыдыс аяқ)
Иесі оның сәби,
Әрі төсек, әрі үй (Бесік)
Мысықта бар,
Күшікте жоқ.
Қасықта бар,
Есікте жоқ (Ы)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады (Сөз) Дыбыс деген сөз шығады
Жаңа тақырып:
И және у біресе жуан, біресе жіңішке болып айтылады
Оқулықпен жұмыс
«Пингвиндер неге ұша алмайды?» мәтіні талданып, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Мамық құстың үлпілдеген жұмсақ жүні
Дәптермен жұмыс
37- жаттығу: И дыбысының естілуңне байланысты не жуан, не жіңішке екенін анықтайды
Қорытынды
Пингвиндер қалай тіршілік етеді?
Олар неге ұшпайды?
Қай уақытта и жуан айтылады?
Достарыңызбен бөлісу: |